ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет328/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Бақылау сұрақтары: 

1.Салықтың анықтамасын беріңіз. 

2. Салықтың белгілерін көрсетіңіз. 

3. Салықтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай? 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


440 

 

17-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ 



НЕГІЗДЕРІ 

 

17.1 Банк құқығының түсінігі, элементтері, банк құрылымы 

17.2 Банктік құқықтық қатынастар 

17.3 Банктік заңнама 

17.4 Банктік құқықтың əдістері  

17.5 Банктік құқықтың жүйесі. Банктік құқықтың қайнар көздері 

17.6 Банктердің депозиттік операциялары 

 

17.1 Банк құқығының түсінігі, элементтері, банк құрылымы 

Құқық  қоғамның  қажеттілігіне,  онда  болып  жатқан  қатынастардың 

сипатына  қарай  туындайды,  өзгереді  жəне  жетілдіріліп  отырады.  Құқықтың 

мазмұны қоғамның дамуының нақты əрбір кезеңіндегі құқықтық құбылыстарды 

сипаттайтын  əлеуметтік-экономикалық  процестермен  анықталады.  Банктік 

құқық  дегеніміз – қаржылық  құралдардың  айналымы  аясындағы  құқықтық 

қатынастарды  реттейтін  нормалар  мен  институттар  жүйесі.  Бұл  нормалар  мен 

институттар  өз  кезегінде  əр  түрлі  құқық  салаларына  қатысты  алуан  түрлі 

нормативтік актілермен көзделген. 

Қазақстан  Республикасының  банктік  құқығы  жария-құқықтық  жəне  жеке-

құқықтық нормаларды қамтиды. Ол жария жəне жеке мүдделердің үйлесімділігі 

негізінде,  банктік  жүйені  құру  барысында  туындайтын,  сондай-ақ,  айналым 

құралы  жəне  товар  ретінде  қаржылық  құралдардың  қозғалысы  жөнінде 

банктердің  қатысуымен  болатын  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  құқықтық 

нормалар мен институттардың жүйесін білдіреді.  

Қазіргі уақытта банктік құқық экономика аясындағы қатынастарды реттей 

отырып,  жеке – дара  құқық  саласы  ретінде  қалыптасқан.  Бір  сөзбен  айтқанда, 

банктік  құқық  бірқатар  негізгі  құқық  салаларына  тəн  белгілер  мен  əдістердің 

үйлесімділігін қамтитын құқық саласына айналып отыр. 

Банктік құқық келесідей элементтерден тұрады:  

а)  нормативтік  құқықтық  актілердің  банктік  құқықтық  қатынастарға 

қатысушылардың  мəртебесін  жəне  құқықтық  қатынастар  іске  асырылатын 

банктік қызметті іске асыру тəртібін анықтайтын құқықтық нормалар;  

б)  банктік  айналымның  іскерлік  дəстүрлері,  яғни,  банктік  қызметті  жəне 

құқықтық  қатынастарды  іске  асыру  барысында  қалыптасқан  ережелер  мен 

тəртібі; 

в)  банктік  құқықтық  тəжірибе  жəне  құқықтық  нысанда  сипатталған 

мəдениет; 

г) сот шешімдерінде көзделетін банктік сот тəжірибесі; 

д) банктік құқықтық ойлау. [33-34] (Олейник О.М. Основы банковского 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет