нормативтік құқықтық нұсқаулардың жиынтығын білдіреді.
болатын, орталық орынды ала отырып жəне тұтастай банктік құқық пен оның
құқықтық реттеу көзделген аралас сипатқа ие. Бұл мемлекеттің экономикаға
445
басқару органдарының императивтік сипаттағы нұсқауларының ролі арта
түседі.
Төртінші. Банктік құқықтық қатынастар көптеген жағдайда ақша
қаражаттары жөнінде туындайды. Алайда, «барлық уақытта ақша жөнінде
туындайтын» қаржылық қатынастарға қарағанда, банктік құқықтық қатынастар,
сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, ақшаға емес,
«валюталық құндылықтар» ұғымына біріктірілген бағалы қағаздар, құнды
металдар, бағалы тастар, сондай-ақ, банктік құпияны құрайтын мəліметтер
жөнінде туындауы мүмкін.
Сəйкесінше, банктік құқықтық қатынастардың туындауы мүмкін деген
обьектілер қатарына ақшаны, бағалы қағаздарды жəне валюталық
құндылықтарды, сондай-ақ, банктік құпия режимінің ықпалында болатын
ақпараттарды қамтитын заттар жатады.
Демек, банктік құқықтық қатынастардың ерекше белгілерінің бірі
азаматтық жəне қаржылық құқықтық қатынастардың обьектілеріне тəн ортақ
белгілерінің болуына қарамастан (құқықтық қатынастардың үш түрі де, бірінші
кезекте, мүліктік құқықтық қатынастар болып табылады), оларға сəйкес
келмейтін, оның обьектісінің ерекшелігінде.
Банктік құқықтық қатынастарда тараптардың бірі міндетті түрде несиелік
ұйым немесе банк болады.
Егер азаматтық құқықтық қатынастар - мүліктік қатынастар, яғни,
субьектілері өз бетінше жəне тəуелсіз өз еркін қалыптастыратын қатынастар
болса, қаржылық (əкімшілік) құқықтық қатынастар – мемлекеттік билік-
мүліктік қатынастар, яғни, құқықтық қатынастың тараптарының біреуінде еркі
білдіру мүмкіндігі болмайтын қатынастар болады, ал, банктік құқықтық
қатынастарда субьектілердің ерік білдіруі бар, бірақ, ол, əдетте, сандық
спаттамасы бар, қандай да бір ережелермен шектеулі болады. Осылайша,
банктік құқықтық қатынастардың міндетті субьектілерінің тиісінше
нормативтік құқықтық актілермен бекітілген, нақты анықталған шектерде ғана
өздерінің еркін ерікті түрде қалыптастыру мүмкіндігі бар. Құқық субьектілері өз
еркін заңмен көзделген шектерде қалыптастыруға ерікті деп айтуға болатын
азаматтық құқықпен салыстырғанда, банктік құқықта субьектілер үшін
бекітілген шектеулер, əдетте, нақты анықталған сандық мəнге ие болады.
Осылайша, банктік құқықтың ерекшелігін анықтайтын, банктік құқықтық
қатынастардың міндетті белгісі оның міндетті субьектілерінің ерік білдіруі
болып табылады.
Банктік құқық дегеніміз - банктерді ұйымдастыру жəне олардың қызметін
реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жиынтығы.
Банктік құқықтың пəнін ҚР банктік жүйесін қалыптастыру, оның қызмет
етуі жəне оны дамыту барысында, соның ішінде, Қазақстан банктерінің жəне
несиелік ұйымдарының банктік қызметті іске асыруы барысында туындайтын
446
қоғамдық қатынастар, сондай-ақ, азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттің
мүдделеріне қарай мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстанның банктік
жүйесін реттеу барысында туындайтын қоғамдық қатынастар құрайды. [39]
Достарыңызбен бөлісу: