Лебертарлық заңдық концепция. Мемлекет пен құқықты түсінудің бұл
концепциясының астарында форальді тұрғыдағы теңдік идеясы жатыр. Бұл
концепция ресейлік белгілі ғалымдар В.С. Нерсесянц, В.А. Четвернин
тарапынан дамытылуда. Құқық негізінен еркіндіктің өлшемі ретінде
айқындалып, түсіндіріледі. Былайша, айтып қарағанда құқық еркіндіктің
математикалық өлшемі. Əлеуметтік қатынастардағы тұлғалардың арасындағы
еркіндіктің сақталуы, яғни олардың құқықтық құралдар арқылы еркін əрекет ету
мүмкіндігі, осы концепцияның негізгі бағытын айқындайды.
Тұлғаның еркіндігі мен олардың мүмкіндігі тең дəрежеде қарастырылады.
Қазіргі кезеңдегі Кеңестік кеңістіктегі бірден-бір өмір сүруге қабілетті мемлекет
пен құқықты түсінудің концепциясы осы болып табылады. Бұл концепцияның
61
басты идеясы мемлекет пен құқықтың да негізгі өзегі жеке тұлғаның
еркіндігінде жатқандығын дəріптеу.
Достарыңызбен бөлісу: |