4.3 Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтық жағдайы
4.4 Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
4.5 Мемлекеттік органдар жүйесі
4.5.1 Қазақстан Республикасының Президенті
4.5.2 Қазақстан Республикасының Парламенті
4.5.3 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
4.1 Конституциялық құқық-ұлттық құқықтың жетекші саласы
Конституциялық құқықтың пəні болып қоғамдық қатынастардың кешені
табылады. Берілген қатынастар біртұтас жəне қоғам мен мемлекеттің
құрылымының негізін сипаттайтын жəне бекітетін бір саланың пəні болып
табылады. Бұл қатынастарда қоғам мен мемлекеттің мəні мен табиғаты көрініс
табады. Конституциялық құқық қоғам өмірінің барлық салаларында
қалыптасатын қатынастарды реттейді: саяси, экономикалық, əлеуметтік, рухани
жəне т.б. Басқа салалар өмірдің бір саласындағы қоғамдық қатынастарға ғана
əсер етеді. Мысалы: əкімшілік құқықтың пəні болып əкімшілік қатынастар,
еңбек құқығында пəні болып еңбек қатынастарабылады.
Конституциялық құқықтың пəнінің ерекшелігі болып оның нормалары
берілген салалардағы белгілі қатынастарды ғана реттеуі табылады. Оның пəні
болып көрсетілген салалардағы негіз болып табылатын қатынастар табылады.
Қарастырылып отырған қатынастардың жиынтығы қоғамды біртұтас жүйе,
билікті жүзеге асыру тетігі халық, қоғам мен мемлекеттің істерін
ұйымдастырумен сипатталады.
Осы қатынастарды қарастырып өтейік. Олар үш типке бөлінеді:
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының негізін
сипаттайтын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар мемлекеттің түбегейлі
бекітілімдер мен қағидаларды сипаттайды. Аталған қатынастарда олар сапалық
сипаттамада көрсетіледі: суверенитет, басқару нысаны, мемлекеттік құрылым
нысаны, биліктің тиесілілігі, саяси режим, қоғамның саяси жүйесінің жалпы
сипаттары.
Сонымен қатар, бұл қатынастар экономикалық жүйенің біртұтас негіздерін
сипаттайды: конституциялық құқық мемлекеттік жəне жеке меншіктің бірдей
танылуын жəне дамуын, шаруашылық қызметтің əдістерін, еңбектің
қорғалуын,
меншік
иелерінің
құқықтарының
кепілдіктерінің
жалпы
63
қағидаларын, білім, ғылым, мəдениет, əлеуметтік сала, табиғатты пайдалану
жəне т.б. салаларда қоғамды ұйымдастырудың жалпы қағидаларын бекітеді.
2. Ерекше топты Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтық
жағдайының негіздерін іске асыратын қоғамдық қатынастар құрайды.
Конституциялық құқықтың пəні болып ҚР азаматтығына тиесілігін, адамның
қоғам мен мемлекеттегі жағдайын сипаттайтын қағидаларды, оның құқықтары,
бостандықтары мен міндеттерін анықтайтын қатынастар табылады. Дəл осы
қатынастар қоғам құрайтын əлеуметтік байланыстардың негізі болып табылады.
Бұл қатынастар тек Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтық
жағдайының негіздерін ғана емес, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ
адамдардың құқықтық жағдайына қатысты.
3. Конституциялық құқықтың пəні болып табылатын қоғамдық
қатынастардың келесі тобы – мемлекеттік тетік жəне жергілікті өзін өзі басқару
органдарының қызметі мен ұйымдастыру қағидалары.
Конституциялық-құқықтық нормалар мемлекеттік билік жəне жергілікті
өзін өзі басқару органдарының жүйесінің негізгі қағидаларын, мемлекеттік
аппарат, органдардың түрлерін, заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі
органдарының құқықтық мəртебесін, олардың құрылу тəртібі, құзіреттері,
қызметінің нысандарын, олардың актілері мен жүйесін, жергілікті өзін өзі
басқару қағидаларын бекітеді.
Конституциялық құқықтың пəнін құрайтын қоғамдық қатынастар басқа
құқық салаларымен реттелетін қатынастардан ерекшеліктері:
Олар құқықпен реттелетін қатынастардың негізі болып табылатын, өйткені
оларда қоғамдық байланыстардың мазмұнын анықтайтын қоғам мен
мемлекеттің құрылысының негізі сипатталады;
Бұл қатынастар қоғам мен мемлекеттің құрылысын біртұтас ағза, бірігей
саяси, экономикалық жəне əлеуметтік жүйе ретінде сипаттайды. Басқа құқық
салалары қоғамдық қатынастардың дамуына нақты мемлекеттік əсер ету
салаларымен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді;
Бұл қатынастар Қазақстан халқы, ұлттар санына кіретін субъектілердің
ерекше шеңберімен сипатталады;
Олардың бекітілуінің ерекше құқықтық нысаны. Олардың негізгілері ҚР
Конституциясы мен конституциялық актілерімен реттелінеді.
Конституциялық құқықтың пəнінің ерекшеліктері оның құқықтық реттеу
əдістерінің ерекшеліктерін де негіздейді. Конституциялық құқық негізгі екі
əдісті қолданады:
Құқық бекітуші – конституциялық құқық қоғамдық қатынастарға қоғам
мен мемлекеттің құрылымы, меншік нысандары, ҚР азаматтарының құқықтық
жағдайының негіздері жəне т.б. маңызды саяси, экономикалық жəне
ұйымдастырушылық қағидаларын бекіту арқылы əсер етеді.
64
Құқық тыйым салушы – конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды
белгілі мінез құлыққа қонституциялық тыйым салу арқылы реттейді. Мысалы,
1995 жылғы ҚР Конституциясының 39 бабының 3 тармағы бойынша: саяси
себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір
түрде шектеуге жол берілмейді.
Конституциялық құқықтың пəні мен əдістерінің сипаттамасынан оның
түсінігін берейік:
ҚР Конституциялық құқығы – бұл қоғам мен мемлекеттің құрылымының
негіздерін: ҚР Конституциялық құрылысының негіздерін, адам мен азаматтың
мəртебесінің негіздерін, сонымен қатар мемлекеттік тетік пен жергілікті өзін өзі
басқару органдарының қызметі мен ұйымдастырылуының қағидаларын
бекітетін құқықтық нормалардың жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың
жетекші саласы.
Конституциялық-құқықтық нормалар – бұл конституциялық құқықтың пəні
болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар. Олар жалпы
құқық жүйесінің бөлігі болып табылады жəне басқа салалрдың құқықтық
нормаларына ортақ белгілерге ие. Басқа нормалар сияқты олар мемлекеттен
тарайды, мемлекеттің құқықтық актілерінде бекітілген жалпыға бірдей міндетті
мінез құлық ержелері, мемлекетпен қорғалады жəне қамтамасыз етіледі.
Бірақ, конститутциялық құқықтық нормалардың басқа құқық салалрының
нормаларынан бөлек ерекшеліктері бар:
Тікелей мақсатқа арналғандығы. Барлық құқықтық нормалардың жалпы
мақсаты қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бірақ əртүрлі құқық
салаларының тікелей реттеу мақсаттары əртүрлі. Конституциялық құқықтың
нормаларының мақсаты – қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін
бекітеді;
Мазмұны, яғни олар реттейтін қоғамдық қатынастар аясы;
Қайнар көздері – негізін қалаушы, маңызды нормалар Конституцияда, яғни
барлық құқық жүйесінде жоғары заң күші бар актіде бекітілген;
Құрылымдық ерекшеліктері. Конституциялық нормалардың көбісінде
басқа құқықтық нормаларға тəн дəстүрлі үш элементті құрылым болмайды.
Оларда кімге арналғандығы, кімге қандай құқық пен міндет жүктейтіндігі,
берілген нормалардың қолдану жағдайлары жəне оларды бұзған үшін қандай
жауапкершілік қолданатындылығы көрсетілмеген. Конституциялық құқықта
жалпы петтеушілік сипатқа ие нормалар көп (норма-қрғидалар, норма-міндеттер
жəне т.б.). Мұндай нормалар əдетте бір диспозициядан тұрады жəне өте сирек
санкциясы болады.
Оқып үйрену жəне қолдану ыңғайлылығы үшін конституциялық құқықтың
нормаларын əртүрлі негіздер бойынша əртүрлі түрлерге жіктейді.
Конституциялық-құқықтық институт – бұл осы құқық саласының пəні
болып табылатын қоғамдық қатынатар жүйесінің өзара байланысты белгілі
65
бөлігін реттейтін ҚР коснтитуциялық құқықтың нормадарының жиынтығы.
Конституциялық құқық саласының институттарға бөлінуінің критериі қандай?
Бұл критерий – өзара байланыс, реттелетін қатынастардың ортақ белгілерінің
бар болуы, олардың арасындағы біртекті байланыс. Конституциялық-құқықтық
институт ішкі бірлігі бар өзара байланысты қоғамдық қатынастардың кешенін
реттейді. Мысалы, ҚР азаматтық институты азаматтықты алу, тоқтату тəртібін
жəне т.б. реттейтін нормаларды біріктіреді.
Конституциялық-
құқықтық
қатынастар–
бұл
қатысушылары
конституциялық құқық нормалармен бекітілген құқықтар мен міндеттермен
өзара байланысты қоғамдық қатынастар.
Конституциялық-құқықтық қатынастарға құқықтық қатынастардың бір түрі
ретінде барлық құқықтық қатынастарға тəн белгілер тəн. Олар конституциялық
құқықтың нормаларымен анықталған шек пен сипатта қоғамдық қатынастардың
қатысушыларының арасындағы заңи байланысты анықтайды, ерікті қатынастар
болып табылады, өйткені адамдардың еркі мен санасына байланысты,
мемлекетпен қорғалады жəне қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, оларға ерекшеліктер тəн. Олар:
Мазмұны, конституциялық құқықтың пəнін құрайтын қатынастардың
ерекше аясында пайда болады;
Құқықтық қатынастар жүйесіндегі мəні. Құқықтық қатынастардың заңи
мазмұны олардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінен тұрады.
Конституциялық-құқықтық қатынастарда олар тікелей немесе жанама қоғам
мен мемлекеттің негізі жəне негізгі қағидаларын бекітумен байланысты.
Осыдан,
конституциялық-құқықтық
қатынастар
құқықтық
қатынастар
жүйесінде белгілі рөл ойнайды;
Қатысушылардың ерекше шеңбері.
Конституциялық құқықтың жүйесі – бұл тізбектілік пен өзара байланыспен
ерекшелінетін, конституциялық құқықтық нормалардың өзара ерекше
орналасуымен, олардың арнайы құқықтық құрылымдарға бірігуімен
сипатталатын ғылыми негізделген оның ішкі құрылымы.
Конституциялық құқықтың басқа қайнар көздері – бұл конституциялық-
құқықтық нормалар көрініс тапқан құқықтық актілер.
Достарыңызбен бөлісу: |