4.2 Конституция жəне Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысы
Конституция – бұл қоғамның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси
ұйымдасуының негіздері мен маңызды қағидаларын, мемлекеттің құрылымын
жəне қоғам мен мемлекеттегі тұлғаның мəртебесінің негізін бекітетін Негізгі
Заң немесе мемлекеттің заңдар тобы.
Конституцияның функциялары:
66
Құрылтайшылық (немесе бекіту) функциясы. Бұл функция Негізгі Заң
Конституциялық құрылыс пен мемлекеттің саясатының негіздері мен
қағидаларын құрастырып, бекітеді. Конституция елдегі құқықтық тəртіптің
негізін қалайды. Ол қоғамдағы құқықтық қатынастардың құрылысын
анықтайды. Конституция азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандақтарын,
олардың міндеттерін, біздің қоғамға тəн меншік нысандарын бекітеді. Бұлар ҚР
Негізгі Заңының құрылтайшылық функциясының негізгі көрінісінің бірі болып
табылады.
Ұйымдастырушылық функциясы. Конституция барлық мемлекеттік
органдардың қызметінің нысандары жəне негізгі функцияларын, жүйесін
бекітеді, яғни Коснтитуция мемлекеттік тетіктің жергілікті өзін өзі басқарумен
бірге ұйымдасып, тиімді əрекет етуінің негізін қалайды.
Құқықтық функция – Конституция құқықтық жүйенің ядросы ретінде,
əртүрлі құқық салаларының негізгі қағидаларын заңи бекітеді, оларды біртұтас
құқықтық жүйеге біріктіреді. Конституция жоғары заң күшіне ие. Барлық
заңдар жəне мемлекеттік органдардың өзге де актілері оның негізінде жəне оған
сəйкес қабылданады. Негізгі Заң мемлекеттің нормативтік актілерінің жүйесін,
олардың бағыныштылығын, күшін жою тəртібін бекітеді.
Сыртқы саяси функция. Конституция мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің
фундаменті болып табылады.
Жоғарыда аталғандармен қатар, Конституцияның тағы бір функциясын
атап өтуге болады – мүдделердің үйлесімділігі мен тиімді тіркесуі:
а) əртүрлі кластар мен əлеуметтік топтардың,
б) еліміздің барлық ұлттары мен халықтарының,
в) тұлға, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің үйлесуі.
Конституцияның қағидалары – бұл оларға сəйкес Конституция
қабылданатын жəне əрекет ететін негізгі бастамалар, онда жазылған
бастамашыл идеялар. Конституцияның қағидалары экономикалық, саяси жəне
əлеуметтік болып жіктеледі.
Экономикалық қағидалар:
Өндіріс құралдары үшін меншік нысандарының көптігі қағидасы.
Нарықтық экономика қағидасы.
Кəсіпорын, бірлестіктер, ұйымдардың шаруашылық дербестігі жəне
бастамашылдығы қағидасы.
Экономикалық құралдар мен ынталандырудың кең қолданылуы қағидасы.
Шағын жəне орта биснестің кең дамуы қағидасы.
Саяси қағидалар:
Халықтың билік етуі.
Көп партиялылық қағидасы.
Демократизм қағидасы.
Заңдылық қағидасы.
67
Азаматтардың теңдігі қағидасы.
Саяси плюрализм жəне жариялылық қағидасы.
Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту қағидасы.
Əлеуметтік қағидалар:
Барлық кластардың, əлеуметтік деңгейлердің мүдделерінің үйлесімділігі
қағидасы.
Рассалар мен ұлттардың теңдігі.
Интернационализм қағидасы.
Меншіктің еркінділігі жəне қол сұғылмауы қағидасы.
Тұлғаның шынайы жан жақты дамуы қағидасы.
Шығармашылық еркіндігі мен қабілеттерін дамыту қағидасы.
Конституцияның заңи қасиеттері – негізгі заң ретіндегі оның белгілері.
Конституция құқықтық акт, заң болып табылады жəне оларға тəн барлық
белгілерге ие. Ол жоғары мемлекеттік билік органдарымен қабылданатын,
қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ерекше қатынастар тобын
реттейтін, сонымен қатар тұрақты көп мəрте қолданылатын, əрекет етуінде
мемлекеттің беделі мен күшіне сүйенетін жалпыға бірдей міндетті нормативтік
акт.
Конституция жоғары заң күшіне ие. Ол екі аспектіде көрініс табады.
Жағымды аспектіде, жоғары заң күші мемлекеттің барлық заңдары ҚР
Конституциясына сайкес келетіндігімен сипатталады.
Жағымсыз жағы – ҚР Конституциясының жоғарылығы Кронституцияға
сəйкес еместер жойылатындығымен сипатталады.
Конституция ағымдағы заңнаманың базасы болып табылады. Ағымдағы
заңнама Конституцияның ережелерін дамытады жəне тереңдетеді. Көбінесе
Конституцияның өзі оның нормаларын дамытатын нормативті актілердің
қабылдану қажеттілігін көрсетеді.
Конституцияға қабылдану жəне өзгеріс енгізудің ерекше тəртібі тəн.
Біздің Конституцияға тəн елгілер:
Негіз салушы сипат – Негізгі Заң маңызды қоғамдық қатынастарды
реттейді. Конституциялық реттеу жадпы сипатта болады. Оның міндеті,
біріншіден, қоғамдық қатынастардың ең негізгісін ашу жəне бекіту;
екіншіден, ол үшін минимум нормаларды қолдану;
үшіншіден, іріктелген нормаларла нақты қоғамдық қатынастардың мəнін
көрсету, ол нормалар олардың заңнама актілерінде кейін көрініс табу үшін
бағыттары мен мазмұнын анықтау керек.
Конституция – «жұмыс істеуші» Конституция, яғни оның нормалары
тікелей жүзеге асады, ол қағидалар мен ережелерді тек бекітіп қана қоймай,
олардың жүзеге асуы үшін сəйкес нормативтік актілерді қабылдауды, осы
қағидалар мен ережелерді жүзеге асуды қамтамасыз ететін белгілі
ұйымдастырушылық шараларды қолдануды көздейді.
68
Біздің Конституцияға сабақтастық белгілер тəн. Қоғам дамуының əртүрлі
кезеңдерде қабылданған əр Конституция оның алдында қабылданған
Конституцияның қағидалар мен ережелерін сақтайды жəне қабылдайды.
Кепілдендірілген жəне тұрақтылық.
Конституция əртүрлі негіздер бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді:
Ненізгі заңның объектілеу əдісі бойынша, яғни онда құрылтайшының
еркінің объективті көрінуіне байланысты Конституциялар жазылған жəне
жазылмаған болып бөлінеді.
Жазылған конституциялар белгілі жүйемен құрастырылған біртұтас құжат
түрінде дайындалған. Əдетте жазылған Конституция Преамбула, негізгі мəтін
жəне өтпелі ережелер немесе қосымшалардан тұрады. Біздің 1995 жылғы
Конституция Преамбула жəне 9 тараудан тұрады, соңғысы «Қорытынды жəне
өтпелі ережелер» деп аталады.
Жазылмаған Конституциялар сирек кездеседі. Қазіргі таңда олар тек
Ұлыбритания жəне Жаңа Зеландияда қолданады. Жазылмаған конституцияда
құқықтық реттеу пəндерінің көлемі жазылған конституциядай, бірақ оның
ережелері бір актіде емес шектелген құқықтың қайнар көздерінде жазылған,
яғни жазылмаған конституцияның объективті нысаны анықталмаған. Мысалы,
заманауи британдық жазылмаған Конституциясы əртүрлі қайнар көздерден
тұратын аса күрделі конгломерат болып табылады. Бұл Конституция үнемі
өзгертіліп жəне толықтырылып тұрады.
Өзгерту, толықтырылулар мен өзгерістерді енгізу əдістеріне байланысты
Конституциялар қатаң жəне жұмсақ болып бөлінеді.
Қатаң Конституцияларға өзгерістер мен толықтырулар ерекше тəртіппен,
əдеттегі заң шығару процедурасына қарағанда күрделі тəртіппен енгізіледі. Егер
парламенттік заңдар жай көпшілік дауыспен қабылданса (кворумның 50% +1),
ал Коснтитуцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің ерекше тəртібі Негізгі
заңның өзінде бекітіледі (51 бап (1); 62 т.3; 91 бап). Біздің Конституция – қатаң.
Жұмсақ Конституцияларға жай парламенттік заңдар сияқты тəртіппен
өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл жағдайда ешқандай ерекше тəртіп
көзделмеген, өйткені негізгі заңның жазылған мəтіннің өзі жоқ. Бұл
конституцияның
түрлеріне
Ұлыбритания
жəне
Жаңа
Зенландияның
Конституциялары жатады.
Нысаны бойынша жазылған Конституциялар кодификацияланған жəне
кодификацияланбаған түрлерге бөлінеді. Кодифицияланған Конституциялар бір
жазылған актіден тұрады, ал кодификацияланбаған Конституциялар бірнеше
жазылған актілерден тұрады (Біздің Конституция - кодификацияланған).
Федеративті мемлекеттерге жалпы федеративтік Конституция жəне
федерация субъектілерінің Конституцияларының болуы тəн. Мысалы, Ресей
Федерациясы, КСРО. Бірақ бұл барлық федерацияларға тəн емес, мысалы
69
Индияда Индияның Конституциясы, ал Джамму жəне Кашмир штаттарынан
басқа штаттарда конституциялар жоқ.
ҚР Конституциясының дамуының негізгі кезеңдері. Əдебиеттерде
Қазақстан Республикасында конституциялық заңнаманың қалыптасуы мен
дамуының 4 кезеңін атап өтеді:
1988 жылдан 1990 жылдың қазан айына дейін – конституциялық
реформаның басталу жəне даму кезеңі; кеңестік конституциялық заңнаманың
реформалары.
1990 ж. қазаннан 1993 ж. қаңтарға дейін – ҚР суверенитеті жəне
тəуелсіздігінің қалыптасуы жəне заңи бекітілу кезеңі жəне тəуелсіз
Қазақстанның бірінші Конституциясының жобасының дайындалуы.
1993 ж. қаңтар – 1995 ж. тамыз – тəуелсіз Қазақстан Республикасының
бірінші Конституциясының кезеңі.
1995 ж. тамыз – қазіргі кезге дейін – 1995 жылғы Конституция кезеңі.
1995 жылғы ҚР Конституциясы ҚР Конституциялық құрылысының негізін
бекітеді.
ҚР Конституциялық құрылысы – бұл ҚР Конституциясында бекітілген
біздің мемлекеттің ұйымдасу əдісі мен нысандарын сипаттайтын қоғамдық
қатынастардың құрылыстық жүйесі. ҚР Конституциялық құрылысына қоғамда
қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жүйесі кіргендіктен, оның бекітілуіне
жеке құқықтық нормалар жəне жеке құқық салалры емес ұлттық құқықтың
барлық салалары қатысады.
Құқықтық нормалардың ішінде бірінші орынды ҚР конституциялық
құрылысын реттейтін Конституция нормалары иеленеді. Бұл Конституция
жоғары заң күшіне ие жəне ағымдағы заңнаманың базасы болып
табылатындағымен негізделеді.
Олардың ішінде демократиялық идеалдар, гумандық мəні көрініс табатын
ҚР конституциялық құрылысының негіздері мен қағидаларын бекітетін
нормалар ерекше орын алады. Негіздер мен қағидалар ретінде Қазақстан
Республикасын конституциялық мемлекеттің сипатын қамтамасыз ететін
конституциялық құрылыстың негіздері танылады.
Біздің мемлекеттіліктің сипаттайтын қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы ҚР конституцичлық құқық жүйесінде ерекше орын
алатын «ҚР Конституциялық құрылысының негіздері» конституциялық-
құқықтық институтын құрайды.
Біздің мемлекеттілігіміздің негізі бола отырып, конституциялық құрылыс
негіздері (Конституцияның өзге де нормалары сияқты) Конституцияның 91
бабында бекітілген ерекше тəртіппен өзгертілуі мүмкін. Конституциямен
бекітілген унитарлық пен мемлекеттің аумақтық біртұтастығы, Республиканың
басқару нысаны өзгертілмейді (91 б., 2 т.).
70
Демократиялық мемлекет – Қазақстанды республика, халықтың билігі,
биліктің заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігіне бөлінуін; идеологиялық
жəне саяси көртүрлілік жəне жəне өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ететін
республикалық құрылысы бар мемлекет ретінде анықтайтын түсінік.
Республикалық құрылысы бар мемлекетте халық Конституцияны
қабылдайтын құрылтайшылық билікке ие, халық мемлекет басшысы мен
Парламентті тікелей сайлап, құзырет уақыты аяқталғанда ауыстыру билігіне ие.
Республикалық құрылыс (перзиденттік, парламенттік немесе аралас
басқару нысанына қарамастан), қазақстандықтардың көбісінің мүдделерінің
жоғары мемлекеттік органдардың қорғауын жəне еркін шынайы білдіруіне
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, демократиялық мемлекет əлеуметтік жағдайы мен ұлтына
қарамастан жеке азаматтардың мүдделерін білдіруге мүмкіндік береді, ҚР
Конституциясында оларға сөз бостандығын, тілін жəне ұлтын таңдау,
бірлестіктерге кіру құқығы, митинг жəне шерулерге, пикеттерге, жеке жəне
ұжымдық еңбек дауларына, ереуілдерге шығуға, мемлекеттік қызметке тең
қолжетімділікке, мемлекеттің істерін басқаруға қатысуға жəне т.б. құқықтарды
береді.
Демократиялық мемлекет ретінде Республика қызметінің негізін қалаушы
қағидалардың бірі ретінде «қоғамдық келісім жəне саяси тұрақтылық»
(Конституцияның 1 б., 2 т.). Демократиялық мемлекеттегі саяси режим билікті
жүзеге асырудың демократиялық əдістер мен тəсілдерді басым қолданады.
Демократиялық мемлекетте халықтың билік ету қағидасы жүзеге асады, ол
барлық биліктің халыққа тиесілілігін білдіреді, сонымен қатар осы билікті
халықпен толық деңгейде мемлекеттік билік жəне жергілікті өзін-өзі басқару
нысанында суверендік билік мен мүдделердің сəйкестігін білдіреді.
Біртұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөліну қағидасы – елдегі билікті
күштеп иеленуді болдыртпауға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының
негізгі қағидаларының бірі. 1995 жылғы Конституциямен мемлекеттік биліктің
барлық тармақтарының үйлесімді əрекет етуіне байланысты ҚР Президентінің
құзыретіне сəйкес Парламент, Үкімет жəне Республиканың Жоғары Сотының
құзыреттері бөлінеді жəне нақты белгіленеді.
Конституцияның 5-бабы идеологиялық жəне саяси көптүрлілік, яғни
плюрализмді тануды бекітеді. Қоғамдық жəне мемлекеттік институттардың
араласуына, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың құрылуына жол
берілмейді. 1993 жылғы Конституция ешқандай идеология мемлекеттік ретінде
белгілене алмайтындығы бекітілген. Идеологиялық жəне саяси көптүрлілік
барлық əлеуметтік-саяси немесе өзге де ұйымдарға Конституцияның шегіндегі
саяси аспектідегі қызметтері елдің саяси өміріне əсер ету мүмкіндіктерін беруді
білдіреді.
71
Зайырлы мемлекет. Бұл Қазақстан Республикасында діне мекемелер мен
діннің Қазақстанда ислам, православие жəне басқа да сенімді ұстанушы
конфессияларға бірдей қарайтын мемлекеттен аластатылғанын білдіреді. Кез-
келген мемлекеттік немесе міндеттік дін жоқ. Діни көзқарастағы саяси
патияларды құруға жол берілмейді. Мемлекеттік органдар канондық құқық емес
Конституцияның негізінде құрылады жəне əрекет етеді.
Сонымен қатар, əркім ар-ождан бостандығы құқығына ие бола алады, оның
жүзеге асуы мемлекет алдындағы жалпы адамдық жəне азаматтық құқықтар мен
міндеттерін шектемеу керек. Сенім немесе атеизм – əрбір адамның жеке
өмірінің мəселесі.
Мемлекет елде сенім бостандығы жəне діни бірлестіктердің қызметі
туралы заңнаманы бекітеді жəне орындалуын қадағалайды.
Қазақстан аумағында шетел діни бірлестіктердің қызметі, Республикада
олардың орталықтарымен осы бірлестіктердің жетекшілерін тағайындау сəйкес
мемдекеттік органдардың келісімдері арқылы ғана мүмкін болады.
Құқықтық мемлекет – бұл заңның жоғарылығы қамтамасыз етілетін
мемлекет, жəне де заңның жоғарылығы тек аталып қана қоймай өмірдегі нақты
əрекет етуші кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Құқықтық
мемлекет – бұл ҚР ұмтылған сапа жəне бастамасы 1995 жылғы ҚР
Конституциясында белгіленген. Қазақстан конституциялық мемлекеті –
азаматтар үшін – «заңмен тыйым салынбағанның барлығына рұқсат етілген»
жəне мемлекеттік органдар мен лауазымлы тұлғалар үшін – «заңда тікелей
көрсетілгенге ғана рұқсат етілген» деген негізгі қағидалары бар құқықтық
мемлекеттің бастамасы.
Құқықтық мемлекеттіліктің қалыптасуы неге байланысты: сəйкес
əкономикалық жəне саяси алғышарттарға, қоғамдық құқықтық санадағы заңи
идеализм мен құқықтық нигилизмді жою, халық пен мемлекеттің лауазымды
тұлғаларының құқықтық мəдениетін көтеру, барлық заң жүйесін қалыпқа
келтіру жəне сот əділдігін көтеру жəне т.б.
Мемлекеттіліктің құқықтық ретінде сипаттамасының критерийлері қандай:
халықаралық стандарттар деңгейінде адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандақтарына кепілдік беру; Конституцияның жоғарылығы жəне құқықтық
заңдылықтың бектілуі, экономикалық еркінділікті орнату жəне мемлекеттің
экономикалық қызметінің шектерін нақты анықтау; республикалық саяис
құрылыс жəне тұрақты тиімді басқару нысаны; мемлекеттік биліктің
біртұтастығы жəне оның «тепе-теңдік тежемелік» жүйе негізінде тармақтарға
бөлінуі; сот билігінің тəуелсіздігі; мемлекет пен азаматтардың өзара
жауапкершілігі. Аталған белгілер 1995 жылғы Конституция нормаларында
көрініс тапқан жəне шынайы жүзеге асуы керек.
72
Əлеуметтік мемлекет. ҚР Конституциясының 1 б., 1 т. Қазақстан
Республикасы өзін əлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді. Ол өзіне ғана тəн
белгілерге ие.
Ең алдымен, əлеуметтік мемлекет адам мен қоғамға біртұтас қызмет етеді,
оның бөлек топ жəне деңгейі, немесе ұлттар мен халыққа қызмет етпейді, бірақ
қоғамдағы қиындықтар мен игіліктіреді бірдей үйлестіру жолы арқылы
əлеуметтік теңсіздікті жоюға, жеңілдетуге тырысады.
Мемлекетті əлеуметтік ретінде сипаттау Конституциямен кепілдендірілген
мемлекетпен білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мəдениет, əлеуметтік
жұмыспен қамту, еңбекті қорғау, əлеуметтік қамсыздандыру, кірістері төмен
халық тобына адрестік көмек, əлеуметтік салаларына қодау көрсетуді білдіреді.
Əлеуметтік мемлекет одан күнкөріс минимумын қаматамасыз ету жəне өмір
сүруге жағдай жасау, денсаулық пен өмірінің экологиялық қауіпсіздігін қоса
алғанда адам мен азаматтың талап ету құқығын таниды.
Ол үшін əлеуметтік мемлекет жалпы жəне мақсатты əлеуметті
бағдарламаларды дайындайды жəне жүзеге асырады, қоғам мен нақты
азаматтар санатының мүдделері үшін мақроэкономикалық жоспарлау мен
бюджеттік қаржыландыруды қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |