18.3 Сақтандыру құқығының пəнін реттейтін құқықтық қатынастар
18.4 Сақтандыру қызметінің тəсілдері жəне жүйесі
18.1 Сақтандыру ісіне жалпы сипаттама
Сақтандыру ісі өндірістік қатынастардың аса қажетті элементі болып
табылады жəне ол əрқашанда өндіріс барысында туындайтын шығындар мен
залалдардың орнын толтыруға, қалпына келтіруге байланысты болады. Осы
қоғамдық өндіріс процесінде екі қарама-қайшы құбылыстар ұштастырылады.
Біреуіне, адамдардың табиғи стихиялық апаттармен жəне басқа да төтенше
қатерлі жағдайлармен көресіне байланысты адам мен табиғаттың арасындағы
қарама-қайшылық жатса, ал екіншісіне қоғамдағы адамдар арасында мүліктік
жəне басқа да мүдделерге қатысты, қоғам ішінде туындайтын адамдарның
арасындағы өндірістік байланыстарды қиындататын қарама-қайшылықтар
жатады. Міне, осындай қарама-қайшылықтар келеңсіз нəтижелерге əкеп
соғатын төтенше жағдайлар мен күтпеген қатерлі оқиғалардың туындауының
объектілі негізін құрайды.
Негізінде, сақтандыру ісі көне дəуірден бері адамдар өркениеті арасындағы
қоғамдық-экономикалық қатынастардан белгілі-бір қатерлі, қауіпті, шығын-
зардапты немесе пайдалы, көбінесе объектілі, кейбір кездерде субъектілі
жағдайлардың туындауына байланысты орын алатын өте қажетті категория, əрі
сол өндірістік қатынастардың мызғымас бөлігі болып табылады. Алғашқы кезде
сақтандырудың мағынасы "қауіп", "қорқыныш" деген сөздермен байланысты
болса, кейіннен көмектесу, жақтасу, кепілдендіру, қорғау, ұстап тұру деген
мағынада да түсінік береді.
Сақтандыру ісінің бастапқы нысандары өте көне дəуірде, құл иеленуші
қоғамдарда туындаған болатын. Мысалы, бізге жеткен деректер бойынша құл
иеленушілер, өздерінің мүліктері мен құлдарын табиғи тылсым күштердің
жойып жіберуінен, ұрлықтан, тонаудан жəне басқа да қатерлі оқиғалардан
қорғау тəсілі ретінде орын ала отырып өз руластарын, тайпаларын бір-бірінен
қорғай білген. Көне дəуірдегі сақтандырудың алғашқы нысандарының негізінде
өзара міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін ұжымдық өзара көмекті
жатқызуға болады. Сол кездерде қалыптасқан негізгі қағидат бойынша
сақтандыру пайда табуға, байлыққа бағытталған қызмет емес, ол тек қауіп-
қатерден қорғау тəсілі болып табылған. Демек, келтірілген залалдың орнын
ақшалай емес, тек сол зардапқа баламалы мүлікпен, затпен, өніммен жəне т.б.
толықтырып отырған.
456
Ал, 1917 жылғы Қазан революциясынан кейінгі сақтандыру ісінің
қалыптасып, дамуы:
1.
сақтандырудың барлық түріне (əлеуметтік сақтандырудан
басқаларына) мемлекеттік бақылау жүргізу үшін сақтандыру істері жөніндегі
Комиссариат құру туралы 1918 жылғы наурыздың 23-ідегі РСФСР ХКК
декреті;
2.
"Ресей Республикасындағы сақдандыру ісін ұйымдастыру
туралы" 1918 жылғы қарашаның 28-індегі РСФСР ХКК декреті;
3.
"КСРО мемлекеттік сақтандыру туралы Ережені" 1925 жылғы
қыркүйектің 18-івде Орталық атқару комитеті мен ХКК бекіткен үш этаптан
өткен.
Енді өз елімізде сақтандыруға байланысты жасалған алғашқы қадамдар
мен сақтандырудың одан əрі даму кезендерін баяндайтын сəт туған сияқты.
Сақтандырудың Қазақстанға келуіне басты себеп болған Қазан революциясы
деп айтсақ қателеспегеніміз. Екінші серпіліс 1921 жылы жүзеге асырыла
бастаған жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуіне байланысты болды.
Қазақстандағы (Қырғыз КСР) сақтандыру осы 1921 жылдың екінші жартысына
таман қызу қолға алынып, оны ұйымдастырудың ұтымды нысандары,
сақтандыру аппараттары мен бөлімдерін жəне олардың қызметкерлерін, оларды
қажетті материалдармен жəне азық-түлік, киімдермен қамтамасыз ету
мəселелері қарастырылып тұжырымдар мен ұсыныстар жасалған болатын.
Қазақстанның (Қырғыз КСР) аумақтық- құрылымдық жəне мəдени—
тұрмыстық ерекшеліктері ескерілген, талданған осы ұсыныстар кейіннен
нормативтік актілер қабылдау кезінде негізге алынған еді.
"Мемлекеттік мүліктік сақтандыру туралы" 1921 жылғы қазанның 6-
сындағы ХКК декретіне орай Қазақстан аумағында 1921 жылдың
желтоқсанының 14-інде Қырғыз КСР ХКК "Мемлекеттік мүліктік сақтандыру
туралы Ережені" бекітті. Осы Ережеде жоғарыда айтылған ұсыныстарға сай
орталық жəне жергілікті сақтандыру органдарының қызметтерін ұйымдастыру
жəне жүзеге асыру тəртібі белгіленеді.
Нарыққа өту жəне даму жағдайындағы сақтандыру ісі (сақтандыру)
қандай болмасын қоғамдық-құқықтық формацияларда тиісінше дамып
қалыптасатын жəне асқан қажеттілігімен ерекшеленіп, құқықтық қорғау
мақсатында тұлғалардың еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына, қоршаған
ортаға байланысты орын алуы ықтимал (орын алатын) тəуекелдерге орай
қатысушылары (сақтандырушылары, сақтанушылары, сақтандырылғандары,
пайда алушылары) нақтылы айқындалып, құқықтары мен міндеттері
белгіленген материалдық мазмұнды қоғамдық қатынастар ауқымында мақсатты
сақтандыру қорын жəне сақтандыру резервтерін құруды, сондай-ақ ұлттық
сақтандыру жүйесінде өтеу (өтеттіру) механизмін іске қосатын сақтандыру
оқиғалары туындаған кезде тиісті заңнама жəне шарт негізде сақтандыру
457
қорғауының қамтамасыз етілуін нысалайтын кəсіпкерлік сипатты – бағдарлы
құқықтық институт болып табылады.
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18
желтоқсандағы Заңының «Сақтандыру ісі жəне сақтандыру қызметі» деп
аталатын 4-бабының 1-тармағында: «Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы
өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру
шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған
кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға
байланысты қатынастар кешені» деген түсіндірме берілген. Сақтандыру
қызметі сақтанушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды ақшалай
нысанда өтеуді қарастырады. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы
сақтандыру қатынастары сақтанушының өз қарамағындағы (меншігіндегі)
мүліктерін немесе өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен
қамтамасыз етуге байланысты сактандыру мүддесінің болмысына орай
туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |