ҚҰҚЫҚ негіздері


(Агарков М.М. Основы банкового права. Курс лекций. Издание 2-е. Учение



Pdf көрінісі
бет348/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

(Агарков М.М. Основы банкового права. Курс лекций. Издание 2-е. Учение 

о ценных бумагах. Научное исследование. Издание 2-е. – М.: Издательство 

БЕК, 1994. – 350 с.) 

Қазіргі уақытта ақша шаруашылық қатынастардың ажырамас бөлігі болып 

табылады.  Сондықтан  да,  материалдық  құндылықтарды  тапсыру  жəне  қызмет 

көрсетумен  байланысты  барлық  мəмлелер  ақшалай  есептесулермен  іске 

аяқталады.  Ақшалай  есеп  айырысу  қолма-қол  ақшамен  де,  қолма-қол  ақшасыз 

да  болуы  мүмкін.  Осы  тұста  банктердің  атқаратын  ақша  төлемдерін  жəне 

есептесуді іске асыру жөніндегі операцияларының маңызы зор. Банктік жүйенің 



454 

 

дамуы  жəне  оның  дамуына  мемлекеттің  мүдделі  болуы  қолма-қол  ақшасыз 



есептесудің кең таралуына ықпал етеді.  

Əрбір  клиенттің  банкте  өзінің  шоты  болады.  Банкті  жəне  шоттар  санын 

таңдау  клиенттің  қалауы  бойынша  жүзеге  асырылады.  Банктік  тəжірибеде 

шоттардың  бірнеше  түрлері  кездеседі.  Банктік  шоттарды  шот  бойынша 

атқарылатын операциялардың сипатына қарай жалпы жəне əмбебап шоттар деп 

бөлуге  болады.  Бұл  шоттар  субьектінің  өкілеттігімен  жəне  операцияларды 

жүргізу тəртібімен  ғана шектелген кез келген операцияны орындауға мүмкіндік 

береді.  Сондай-ақ,  ақшаның  нысаналы  мақсатта  қолданылуын  жəне  осындай 

қолдануды  бақылайтын  субьектінің  болуын  көздейтін  нысаналы  мақсаттағы 

шоттар жəне арнайы шоттар болады.  

Есептесу  шоты – шаруашылық  қызметті  іске  асыру  үшін  арналған  шот. 

Атаулы  шот  бойынша  товарды  өткізумен,  товарды  өндірумен  қамтамасыз 

етумен,  өндірістік  жəне  тағы  да  басқа  шығындармен  байланысты 

операциялардың барлығы жүзеге асырылады. Бұл шотқа табыстар аударылады, 

жалақы  төлеу  мақсатында,  қажетті  құрал-жабдықтар  сатып  алу  үшін  шоттан 

ақша алынады, салықтар мен басқа да міндетті төлемдер төленеді. 

Ағымдағы шоттар – кəсіпкерлік қызметті іске  асырмайтын коммерциялық 

емес 


заңды 

тұлғаларды. 

өкілдіктерді, 

құрылымдық 

бөлімшелерді 

қаржыландыруға  арналған  шоттар.  Ағымдағы  шот  ақшаны  сақтауға  жəне  оны 

иеленушінің  нысаналы  қаржыландыруды,  есептесу  жөніндегі  операцияларды 

жүзеге асыруы үшін арналған.  

Бюджеттік  шоттар – мемлекеттік  бюджеттен  белгілі  бір  қызмет  түрлерін 

іске асыру үшін кəсіпорындар мен ұйымдарға ақша қаражаттарын бөлген кезде 

ашылатын  шоттар.  Атаулы  шоттардың  негізгі  екі  белгісі  болады:  жұмсалуын 

жалпы  ереже  бойынша  ақша  иесі  немесе  міндет  жүктелген  тұлға  бақылап 

отыратын ақшаның нысаналы мақсатының болуы; шоттың шектеулі мерзімінің 

болуы, сəйкесінше мерзім аяқталған соң шот жабылады жəне жұмсалмай, шотта 

қалған ақша қаражаты бюджетке қайтарылады.    

       




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет