ҚҰҚЫҚ негіздері


 Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтық жағдайы



Pdf көрінісі
бет39/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

4.3 Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтық жағдайы 

Толық көлемдегі азаматтардың құқықтық жағдайы – бұл кез келген құқық 

салаларының  нормаларын  жүзеге  асыру  үрдісінде  пайда  болатын  құқықтық 

қатынастар субъектісі ретінде ие болатын барлық құқықтар, бостандықтар жəне 

міндеттердің  жиынтығы.   Конституциялық  құқық  азаматтардың  құқықтық 

жағдайын бекітуде ерекше рөл атқарады.    

Ол  азаматтардың  құқықтық  жағдайының  негіздерін  бекітеді – бұл  біздің 

мемлекеттің азаматтығына тиесілілігінен ғана туындайтын, өзге де жағдайларға 

байланысты  емес  (мысалы,  меншікті  иелену,  авторлық  құқық,  тұрғын  үйді 

жалдау,  некеде  тұру  жəне  т.б.)  құқықтар  мен  міндеттердің  жалпы  

қағидаларының жиынтығы.   

Азаматтардың  құқықтық  жағдайының  негіздері  келесі  элементтерден 

тұрады: 


Азаматтыққа  тиесілігін  анықтау  жəне  азаматтыққа  қатысты  қатынастарды 

реттеуге  байланысты  құқықтық  ұстанымдар.  Азаматтықты  илену  тұлғаның 

құқықтық субъектілігінің жалпы əмбебап шарты болып табылады; 

Заңи  бекітілген  азаматтардың  мəртебесінің  жалпы  қағидалары,  олар 

берілген  қоғамдық  қатынастардың  қандай  құқық  саласымен  реттелуіне 

байланыссыз  азаматтардың  құқықсубъектілік  жəне  құқыққабілеттілікті  жүзеге 

асыруының барлық аясында көрініс табады; 

Азаматтан ажыратылмайтын негізгі құқықтар мен бостандықтар, оларды өз 

құқық қабілеттігін жүзеге асыруына байланыссыз құқық субъектісі ретінде кез-



73 

 

келген  тұлға  иеленеді.  Мұнда,  сонымен  қатар,  азаматтардың  құқықтары  мен 



бостандықтарының кепілдіктері кіреді; 

Олардың құқық субъектілігінің ажырамас белгісін құрайтын азаматтардың 

негізгі міндеттері.   

Тұлғаның  құқықтық  жағдайының  негіздерінің,  азаматтардың  құқықтық 

мəртебесінің  берілген  элементтері  мемлекет  пен  тұлғаның  өзара  қарым 

қатынасын ерекше аясын сипаттайды – олардың саяси–құқықтық байланысы, ол 

жерде тұлға мемлекеттің азаматы ретінде көрінеді.    

Азаматтардың  құқықтық  жағдайының  негіздерін  бекітетін  институт 

конституциялық  құрылыстың  негіздерін  бекітетін  нормалардың  жиынтығынан 

кейінгі  ҚР  конституциялық  құқық  жүйесінде  ерекше  орын  алады.  Ол 1995 

жылғы  ҚР  Конституциясының    2–тарауы – «Адам  жəне  азамат».  Бұндай 

кезектілік заңды.   Конституциялық құрылыстың негіздері адам мен азаматтың 

құқықтық жағдайы туындайтын қоғамдық құрылыстың бастамасын анықтайды.   

Қазақстан  Республикасындағы  азаматтардың  құқықты  жағдайының 

қағидалары  ҚР  азаматтарының  құқықтары,  бостандықтары  мен  міндеттерінің 

көлемін анықтайды, олардың құқықтық мəртебесінің негізгі мазмұнын құрайды.  

Бірақ  азаматтықтың  анықтамасы    жəне  негізгі  құқықтар,  бостандықтар  мен 

міндеттерді  бекіту,  азаматтардың  құқықтық  жағдайының  барлық  жақтарын 

қамтымайды.  Құқықтық  қолдану  жəне  міндеттерді  орындаудың  негізінде 

жатқан  бастапқы  қағидалар  да  ерекше  маңызға  ие.  Олар  мына  жағдайларды 

көрсетеді:  көрсетеді  мемлекетте  барлық  азаматтардың  арасында  құқықтар  мен 

міндеттердің  бірдей  бөлінуі  қамтамасыз  етіледі  ме;  қоғамның  материалдық-

техникалық  дамуының  деңгейіне  сəйкес  құқықтарды  мемлекет  бекітеді  ме;  ол 

құқықтарды  пайдалануға  шынайы  жағдай  жасайды  ма,  олардың  дамуына, 

қорғалуына үлесін қосады ма. Көрсетілген факторлар Конституцияда бекітілген 

азаматтардың құқықтық жағдайының жалпы қағидаларында көрініс табады.    

ҚР  азаматтарының  құқықтық  жағдайының  қағидалары – бұл  құқық, 

мемлекетпен танылатын жəне қорғалатын негізгі бастамалар, олардан адам мен 

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын пайдалану, олардың міндеттерін 

орындау жүзеге асады.   

Тұлғаның  құқықтық  жағдайының  қағидалары  əмбебап  мағынаға  ие.  Олар 

қоғамның  барлық  мүшелерінің  мəртебесінің  негізгі  белгілерін  анықтайды, 

қандай  құқық  саласымен  бекітілуіне  байланыссыз  барлық  құқықтар  мен 

міндеттерге таралады. 

 Бұл қағидаларға: 

Азаматтардың теңдігі. 

Əрбір  азаматтың  құқықтары  мен  міндеттерінің  біртұтастығы.  Құқықтар 

мен бостандықтарын жүзеге асыру өз міндеттерін орындаудан ажырамайды.   




74 

 

Құқық,  бостандық  жəне  міндеттердің  жалпылығы  (адам  мен  азаматтың 



құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы, оларды шектеуді болдырмау 

презумпциясы қағидасы). 

Жеке  мүддені  дамыту  басымдығы  жəне  олардың  мемлекеттік  жəне  қоғам 

мүдделерімен бірігуі. 

Конституцияда  бекітілген  адам  мен  азаматтың  негізгі  құқықтары  мен 

бостандықтарына кепілдік беру. Заңи кепілдіктер – бұл азматтардың құқықтары 

жəне бостандықтарының жүзеге асуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін барлық 

құқықтық  құралдар.  Оларға  жалпы  құқықтардың  кепілдіктері  жəне  əрбір 

құқықтың 

нақты 


кепілдіктерінің 

конституциялық 

бекітілуі 

жатады. 


Қолданыстағы  құқықтың  барлық  салаларында  бұл  кепілдіктердің  негіздемесі 

бар.   


Жалпы  тұлғаның  құқықтары  мен  бостандықтарын  жүзеге  асыру  тетігі 

құқықтар  мен  бостандықтардың  қолданылуын  бекіту  жəне  қамтамасыз  ету 

бойынша  қызметтің  барлық  аяларын  жəне  онық  барлық  бағыттарын  қамту 

керек, олар: 

құқықтар мен бостандықтардың заңи бекітілуі; 

құқықтар  мен  бостандықтарды  нақты  пайдалануды  қамтамасыз  ету, 

сонымен қатар оларды бұзумен күресте мемлекеттің қорғау жүйесі;   

азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігін дамыту; 

құқықтар  мен  бостандықтарды  қорғауға  бағытталған  мемлекеттік  жəне 

қоғамдық бақылау; 

əрбір  азаматтың  өзінің  құқықтары,  бостандықтары  мен  міндеттері  туралы 

білім деңгейін  көтеру; 

азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғайтын  қоғамдық 

ұйымдарды дамыту. 

Азаматтық – мемлекеттің  заңмен  тануына  негізделген  тұлға  мен 

мемлекеттің арасындағы саяси-құқықтық байланыс, оның салдарынан берілген 

тұлғаның  толық  көлемде  сол  мемлекеттің  суверендік  билігі,  азаматтардың 

құқықтары, бостандықтар мен міндеттері, оның мемлекет аумағында жəне оның 

аумағынан тыс мемлекетпен қорғалуы таратылады.   

Азаматтықтың  қағидалары – азаматтық  институтының  мəнін  сипаттайтын 

жəне  оның  негізгі  мазмұнын  құрайтын  бастамалар,  идеялар.  Қазақстан 

Республикасының  азаматтығының  жалпы  жəне  арнайы  қағидаларын 

қарастырып өтейік.   

Жалпы (конституциялық) қағидалар: 

Мемлекеттік суверенитеттің жоғарылығы қағидасы; 

Тепе-теңдік қағидасы; 

Гуманизм қағидасы; 

Азаматтың  құқықтары,  бостандықтары  мен  міндеттерінің  біртұтастығы 

қағидасы 



75 

 

        Қазақстан  Республикасының  азаматтығының  арнайы  қағидаларына 



мыналар жатады: 

ҚР азаматтылығына тиесілік қағидасы;   

Бір азаматтылық қағидасы; 

Тепе-теңдік азаматтылық қағидасы; 

Қос азаматтылықты танымау қағидасы (азматтылықтың ерекшелігі); 

ҚР азаматтылығын алу кезінде қан жəне топырақ қағидаларының бірігуі; 

ҚР азаматтылығынан айыру мүмкін еместігі қағидасы; 

мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігі қағидасы; 

ҚР аумағынан тыс жүрген заматтардың мемлекетпен қорғау қағидасы;  

ҚР азаматтығының сақталуы қағидасы;   

ҚР азаматын басқа мемлекетке беруге жол бермеу қағидасы. 

Тұлғаның  құқықтық  жағдайы  заңи  құқықтар,  бостандықтар  мен 

міндеттердің жиынтығымен анықталады.  Бірақ, құқықтық мəртебені рəсімдеген 

кезде  шешуші  мəнге  негізгі,  конституциялық  құқықтар,  бостандықтар  мен 

міндеттер ие. Өйткені олар: 

Тұлға мен қоғам арасындағы маңызды қоғамдық қатынастар ясын реттейді; 

Өздерінің қоғамдық-саяси мəніне байланысты Конституцияда бекітілген; 

Ағымдағы  заңнамада  бекітілген  барлық  өзге  де  құқықтар  мен 

бостандықтардың түрлері үшін анықтаушы, шешуші болып табылады; 

Негізгі  құқықтар,  бостандықтар  мен  міндеттер  ҚР  азаматы  болып 

табылатын тұлғаға бекітіледі. Бұл ҚР Конституциясында ерекше бекітілген. ҚР 

азамттарының  негізгі  құқықтары  мен  бостандықтарының  пайда  болу  негізі, 

олардың  адғышарты  олардың  азаматтыққа  тиесілік  болып  табылады.  Олар 

азаматпен өзінің құқық қабілеттілігін жүзеге асыруымен байланысты емес жəне 

құқық субъектісі ретінде кез-келген азаматқа тəн; 

Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер азматтың еркіне байланысты 

иеленбейді  жəне  иеліктен  шығарылмайды.  Олар  оған  азаматтық  үшін  тиесілі 

жəне азаматтықтан айырылған кезде ғана  жойылады; 

Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттерге жалпылық тəн, яғни олар 

ҚР азаматтарының барлығы үшін тең жəне бірдей; 

Олар  ерекше  жүзеге  асу  тетігімен  айрықшаланады,  яғни  тікелей  жүзеге 

асады,  нақты  аяда  кез-келген  құқықтық  қатынастың  алғышарты  бола  алады, 

құқықтық  қатынастың  кез-келген  қатысушысы  үшін  ажырамас,  тұрақты  құқық 

болып табылады.   

Негізгі  құқық  (бостандық) – бұл  Конституциямен  бекітілген  жəне 

мемлекетпен  кепілдендірілген,  ҚР  азаматтығынан  шығатын,  ол  əрбір  азаматқа 

мінез-құлқын  таңдау,  оған  берілген  игіліктерді  жеке  жəне  қоғамдық  мүдделер 

үшін пайдалану мүмкіндігі.    

Негізгі  міндет – біздің  мемлекетпен  белгіленген,  Конституциямен 

бекітілген  қоғамның  мүдделерін  қамтамасыз  етуге  қатысуға  қажетті  əрбір 




76 

 

азаматқа  жүріс-тұрыстың  белгілі  түрі  мен  көлемін  белгілеу  жəне  оларды 



орындамаған ретте жауапкершілікке тарту қажеттілігі.   

Азаматтардың  негізгі  құқықтары  мен  міндеттерін  жүзеге  асыру 

кепілдіктері – бұл  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарының  нақты 

жүзеге  асуын  жəне  жаң  жақты  қорғалуын  қамтамасыз  ететін  жағдайлар, 

тəсілдер, əдістер, нысандар.   

ҚР  Конституциясына  адам  құқықтары  туралы  концептуалды  идеялар 

салынған.   

Олар  мемлекетпен  азаматтардың  ажырамас  құқықтарын  тану  арқылы 

құрастырылған.  Ол  мемлекеттің  халыққа  құқықтарын  «сый»  ретінде 

беруменсипатталатын 

кеңес 

конституцияларына 



тəн 

«патерналистік» 

ұстанымнан  босатылған.  Қазір  мемлекет  жарылқаушы  рөлінде  емес,  осы 

құқықтардың  кепілі  ретінде  анықталады.  Бұл  ретте  мемлекет  пен  азаматтың 

теңдігі мен өзара міндеттері аталып өтіледі.      

Конституцияда  азаматтардың  барлық  құқықтары  мен  бостандықтары  сот 

тəртібімен  қорғалады  деген  қағидасы  бар,  ҚР  Конституциясының 13 жəне 22 

баптары  «барлығы  өз  құқықтары  мен  бостандықтарының  сотпен  қорғалуына 

құқығы бар» екендігін бекітеді.    

Конституцияда  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарының  Адам 

құқығының  Жалпы  Декларациясына  жəне  халықарарлық  міндеттемелерге 

сəйкестігі туралы идея бар.    

Конституцияға  алдағы  Конституцияларда  айтылмаған  немесе  толық 

көрсетілмеген құқықтар, бостандықтардың бірқатары енгізілген,  сонымен қатар 

алдағы  бекітілген  құқықтар  мен  міндеттердің  мазмұнына  маңызды  өзгерістер 

енгізілген.   

Конституцияға  сəйкес  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын 

келесі түрлерге бөлуге болады: азаматтық (жеке) құқықтар; саяси құқықтар мен 

бостандықтар; экономикалық жəне əлеуметтік құқықтар. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет