80
4.5 Мемлекеттік органдар жүйесі
4.5.1 Қазақстан Республикасының Президенті
1995 жылғы Конституцияға сəйкес Республиика Президенті мемлекеттің
басшысы, оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады. ҚР
Президентінің құқықтық мəртебесін анықтайтын бекітілген құқықтық қағидалар
болып Конституцияның 40-бабының ережелері мен Конституция мəтінінде
Президентке арналған басшы орны табылады.
1995 жылғы Конституцияда алғаш рет Президент мемлекет басшысы ғана
емес, сондай-ақ, жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылатындығын бекітілді.
1993 жылғы Конституцияда Президент мемлекет басшысы болып табылады
жəне Республиканың атқарушы биліктің бірыңғай жүйесін басқаратындығы
бекітілген
болатын.
Байқағанымыздай, 1995 жылғы
Конституцияда
Президенттің құқықтық мəртебесінің анықтамасы басқаша көрініс алған.
Президент мемлекет басшысы да, жоғарғы лауазымды тұлғасы деп бекітілуі
қалай түсіндіріледі? Бұл Президенттің мəнін, оның мемлекет ішінде де,
сонымен қатар, халықаралық аренада да өкілеттігінің маңыздылығымен
айқындалады. Көптеген шетелдің Конституцияларында да Президентті
мемлекет басшысы деп тану салтты болып танылады. Мұндай қадам ССР
Одағының Президентінің мəртебесін анықтауда да болған, мұнымен біздің
Республикамыздың
Президентінің
құқықтық
мəртебесін
анықтаудағы
сабақтастықтың өзге де сипаттары түсіндіріледі. Қазіргі əрекет етуші
Конституцияның құрастырушылары əр түрлі мемлекеттік билік салаларының,
басқа мемлекеттік органдар арасындағы өзара қатынасының барынша үйлесімді
моделін құрастыруды міндет етіп қойған.
Сондықтан 1995 жылғы Конституцияда Президенттің авторитарлық
басқарушыға айналуына кедергі жасайтын нақты кепілдіктер орын алған:
ҚР Президентінің өкілеттік мерзімінің 5-жылдық мерзіммен шектелуі;
Президенттің жалпыхалықпен тікелей сайлануы, оның баламалылығы;
Президенттің 2 мерзім қатар таққа сайлануының мүмкін еместігі;
Конституциямен көзделген жағдайларда оны лауазымынан шеттету
мүмкіндігі.
Конституцияның 40-бабы Президенттің мəртебесін мемлекеттің басшысы
жəне жоғарғы лауазымды тұлға деп бекітіп, Президенттің мынадай
қызметтерімен байланысты жалпылама нысанын анықтайды:
Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның
мызғымастығының, адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарының
нышаны əрі кепілі болып табылады.
Бұл дегеніміз Президент Конституцияны қорғау тетігінің тоқтаусыз
қызметіне, (сондай-ақ, Конституцияның 3-бабы) жауаптылығын білдіреді.
Президент өз алдына сайлауда көрініс тапқан халықтың еркін көздейді.
81
Президент барлық жағынан азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарының кепілдегінің қорғалуына қамқорлық көрсетуі қажет.
Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін
жəне өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз
етеді. Бұл қызметті жүзеге асыруда Президент өзімен бекітілген өкілдіктерді
пайдаланып, Конституция мен заңдарға сəйкес əрекет ете алады.
Президент мемлекеттің маңызды ішкі жəне сыртқы бағыттарын
айқындайды. Өзінің өкілдіктері шегінде əрекет ету талаптары Президенттің осы
қызметіне де сəйкес келеді. Бұл қызметтің орындалу негізін Президент
сайлауалды науқаны кезінде де, яғни ол өзінің бағдарламасын сайлауалды
науқанға ұсынған кезде-ақ нақтылайды.
Бұл қызмет сондай-ақ, Президенттің жыл сайынғы ҚР халқына
Жолдауларында да жүзеге асырылады. Республика Президенті жыл сайын
ауызша немесе жазбаша нысандағы елдің жағдайы мен Республиканың ішкі
жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен Қазақстан халқына Жолдауын
ұсынады. Мұндай Жолдау бағдарламалық сипатты иеленеді жəне Парламенттің,
Үкіметтің, сондай-ақ, өзге де мемлекеттік билік органдарының қызметімен
жұзеге асырылады.
Президент мемлекет ішінде жəне халықаралық қатынастарда Қазақстан
атынан өкілдік етеді.
«Президент туралы» Конституциялық Заңының 1-бабы Президенттің
құқықтық
мəртебесін
анықтап,
келесідей
мəнге
ие
ережелермен
толықтырылады:
Республика Президентіне халықтың жəне мемлекет атынан шығуына
құқығы бар.
Президент, оның абыройы мен қадыр-қасиетіне ешкімнің тиісуіне жол
берілмейді. Президенттің абыройы мен қадыр-қасиетіне қол сұғушылық заңмен
қудаланады.
Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып
табылатын 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген əрі Қазақстанда
соңғы 15 жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
Президентті құзыретінен мезгілінен бұрын босату – ҚР Президенті
науқасына байланысты тұрақты қызметін жүзеге асыруға қабылетсіз болған
жағдайда мезгілінен бұрын құзыретінен босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда
Парламент əр Палата депутаттарының тең санынан жəне медицинаның тиісті
саласындағы мамандардан тұратын комиссия құрылады.
Мезгілінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының
бірлескен
отырысында
комиссияның
қорытындысымен
белгеленген
конституциялық рəсімдердің сақталған туралы Конституциялық Кеңестің
қорытындысы негізінде əр Палата депутаттары жалпы санының кемінде ¾
көпшілігімен қабылданады.
82
Президент өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған iс-əрекетi үшiн тек
қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда, яғни соғыс не қарулы қақтығыс
кезiнде жау жағына шығып кету, шет мемлекеттiң Республикаға қарсы
дұшпандық əрекетiн жүзеге асыруына көмектесу арқылы көрiнген ҚР-ның
сыртқы қауiпсiздiгi мен тəуелсiздiгiне нұқсан келтiру немесе əлсiрету
мақсатында əдейi жасаған жағдайда, жауап береді. Бұл əрекеті үшiн белгiленген
тəртiппен Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн. Айыптау мен оны тергеу
туралы шешім Мəжіліс депутаттарының инициативасымен депутаттардың
жалпы санының кемінде 1/3 көпшілігімен қабылданады.
Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады жəне оның нəтижелері
Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталары
бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мəселе бойынша түпкілікті
шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы жəне
белгіленген конституциялық рəсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық
Кеңестің қорытындысы болған жағдайда əр Палата депутаттары жалпы
санының кемінде ¾ көпшілік даусымен Парламент Палаталарының бірлескен
отырысында қабылданады.
Айып тағылған кезден бастап 2 ай ішінде түпкілікті шешім қабылдамау
ҚР Президентіне қарсы тағылған айыптың күші жойылған деп тануға əкеп
соғады. Республиканың Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп
тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мəселенің
қаралуына себепші болған Мəжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен
бұрын тоқтатуға əкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын
босатылған немесе кетiрiлген, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда Республика
Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына
ауысады; Сенат Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн
болмаған жағдайда ол Парламент Мəжiлiсiнiң Төрағасына ауысады; Мəжiлiс
Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған жағдайда
ол Республиканың Премьер-Министрiне ауысады. Өзiне Республика
Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған адам тиiсiнше Сенат Төрағасының,
Мəжiлiс Төрағасының немесе Премьер-Министрдің өкiлеттiгiн доғарады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған адамның
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтыруларға
бастамашы болуға құқығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |