Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтық іс
бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын
қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-əрекеттерге тыйым
салынады.
Сотта істі қараудың жариялылығы. Бұл принцип барлық соттарда істі
қарау ашық сот отырысында жүргізілетінін білдіреді. Заңда сот отырысына
қатысқысы келетіндердің барлығына рұқсат берілген, соның ішінде БАҚ
өкілдеріне де. Сот отырысының залына, егер іске қатысы бар адамдар немесе куə
болмаса, он алты жаска толмаған азаматтар жіберілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |