ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет83/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Сот  ісін  жүргізу  тілі.  Қазақстан  Республикасында  сот  ісін  жүргізу  тек 

мемлекеттік  (қазақ)  не  орыс  тілдерінде,  тең  дəрежеде  жүргізілетіндігін  білуге 

болады. 

Соттың  қызметіндегі  заңдылық  деген  соттың  құқық  нормаларын  дұрыс 

қолдануын,  шығарылатын  актілердің  жəне  жасалатын  барлық  іс  жүргізу 

əрекеттерінің қолданыстағы заңдарына сəйкестігін білдіреді. 

Бəсекелестік  тараптардың  заңды  мүдделерінің  қарама-қайшылығынан  келіп 

шығады,  ол  азаматтық  процестегі  айтысу  қажеттілігін  негіздейді.  Тараптың 

əрқайсысы  өзіне  оңтайлы  сот  шешімін  қабылдатқысы  келеді.  Сондықтан 

бұзылған  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғау  барысында  өзінің  құқықтық 

ұстанымын сақтауға өз талаптары мен қарсылықтарын дəлелдеуге жəне негіздеуге 

міндетті. 

Тараптардың  іс  жүргізудегі  тең  құқықтылығы  материалдық  құқықтық 

қатынастардың  (азаматтық,  отбасы,  еңбек  жəне  т.б.)  субъектілерінің  теңдігіне 

сүйенеді (тең құқықтық жағдайы) жəне іс жүргізу құқықтары мен талаптардың іс  

жүргізу  міндеттерінің теңдігін белгілейді. 

Сот  талқылауының  тікелейлігі.  Сот  істі  карау  барысында  іс  бойынша 

дəлелдемелер  мен  өзге  де  мəн-жайларды:  Іске  қатысушы  тараптар  мен  басқа 

адамдардың түсініктерін, куəгердің айғақтарын, сарапшылардың қорытынды-сын, 

мемлекеттік  органдар  мен  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының 

қорытындыларын  тыңдауға,  заттай  дəлелдемелерді  қарауға,  дыбыс  жазбаларын 

тыңдауға  жəне  бейне  жазбаларды,  кино,  фотоматериалдарды  қарауға, 

жаңартылған өзге де материалдармен танысып шығуға тікелей міндетті. 




126 

 

Сонымен,  адам  мен  азаматтың  құқықтары  ішінде  құқықтарды  сот  арқылы 



қорғаудың  маңызы  зор.  Азаматтардың  құқықтарын  қорғау  бойынша  сот  билігі 

органдарының  қызметі  азаматтық  іс  жүргізу  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Азаматтық  істер  бойынша  сот  төрелігін  жүзеге  асыру  тəртібін  реттейтін  құқық 

нормаларының  жиынтығы,  сондай-ақ  сот  қаулыларын  мəжбүрлеп  орындату 

тəртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет