әһли катиб/ (кітап емес- Е.Ж.) бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен.
Бос сөзбен қастаспай түзу келмес.
Осылай болса, Абайдың айтпақ ойы оқушы қауымға
түсінікті болар еді. Енді Абайдың жас шағында жазған бір
шумақ рубағиына келейік.
Фаули, Шамси, Сәйхали
Новои, Сағди, Фирдоуси.
Хожа Хафиз - бу һәммәси
Мәдәт бер шағири фарияд
Осы рубағида қазірігі ұғымға түсінінксіз «бу хәммәси»,
«мәдәт», «шағири», «фарияд» сөздерінің сөздіктегі көрінісі
қандай? Алғашқы екі сөз жинақта дұрыс тәржімеленсе де,
«шағири» сөзі «ақындар» болып көрініс тапқан. Арабша «ақын»
57
Лингвистиканың өзекті мәселелері
сөзі رعاش - [ша‘ир], ал көпше түрі آرعش [шу ара], ендеше «шағири»
«ақындар» болып аударылмаса керек. Ол сөздің ғылыми
транскрипициясы [ша‘ ири] яғни «менің ақындарым» деп
тәржімеленсе дұрыс болар еді. Араб тілінде сөз соңында
жалғанатын «ى» – «и» сөзге тәуелдік мағына үстейді. Соңғы
«фарияд» сөзіне келетін болсақ, «Абай тілі сөздігінде» ол парсы
сөзі делініп, «тілек, сыйыну түріне айтылатын зар, үн» деп
түсініктеме берілген. Парсыларда ондай сөздің бары рас, бұл
сөзі біздіңше парсы сөзі емес, «фурада» немесе «фурадан» ادارف
,ىدارف яғни, «бір-бірден, біріңнен соң бірің» деген араб сөзі
болса керек. Енді текстің өзіне келер болсақ:
… Мәдәт бер шағири фурадан, - деп жазып, мағынасын
«Ақындарым, әр қайсың маған кезектесіп жәрдем бер” деп
аударсақ, сауатты да, мағынасы да көңілге қонымды болар еді.
Абайдың шығармаларында көптеп кездесетін «ғаділет»,
«әділет» сөздері жөнінде «Абай- ұлттық әдеби тілдің негізін
қалаушы» деген мақаласында С. Исаев айтқан пікір өте орынды.
«Абай байырғы мол сөздердің сан түрлі сырын ашып соны
мағынада қолдану арқылы ұшқыр ой, кәнігі образ берумен
бірге, тілімізге шығыс халықтарының тілінен енген сөздердің
дублеттік жұбын әр мәнде қатар қолданып та ерекше экскурсия
жасайды. Мысалы, әділетпен қатар қолданып ғаділетті
жарыстыра жұмсау арқылы «Абай тілі сөздігінде» берілгендей
екеуін бір мағынада емес, олардың мәнін ажыратып, ғаділетті
дегенді ақ, турашыл мәнінде, әділет дегенді адал, шындық
мәнінде жұмсаған» [43,162].
Осынша ақымақ болғаным:
көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің
әділетін бұзыппын
Сондай-ақ, «көпшілік, халық, жұрт» мәнінде Абай
«жамиғат» сөзін қолданады да, «жамағат» дегенді «ағайын,
туыс» мәнінде жұмсайды.
Лингвистиканың өзекті мәселелері
58
«Ол сипаттар лағаирууәләһуә» болып, бұлай айтуда
бұлардан өз алдына жамағат яки жамиғат шығып кетеді».
«Абай тілі сөздігінде» бұл екі сөзді де «көпшілік, халық,
жиылған жұрт» мәнінде берген.
«Жаһат» Абай тілі сөздігінде араб сөзі болып, аудармасы
«ниет, ықылас, ынта» деп берілген. Бұл сөз біздің ойымызша
ةهج [джаһат] парсы тілінде кездеседі. Мағынасы «сторона,
направление» қазақшасы «жақ».
Ғылым - білімді көбейтуге екі қару бар адам ішінде: бірі
мұлахазе қылу, екіншісі мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту
жаһатінде болу керек.
Орайы келгенде айта кеткен абзал, бұл сөзге қазақ тілінің
он томдық түсіндірме сөздігінде “жақ” үстеу сөз деп анықтама
берілген.
Бұл ойымызды сөздіктің 4 - томының 30-бетінде
«жаһатта» сөзіне «жақта», «жаһаттас» сөзіне «жақтас»
сондай-ақ, «жаһаттау» сөзіне «жақтау» деп берілген
анықтамалар дәлелдей түскендей.
«Абай тілі сөздігі» жинағының соңында (730-734 беттерде)
«Абай шығармаларында кездесетін, бірақ қазіргі қазақ тілінде
қолданылмайтын араб, парсы сөздері» атты сөздік берілген. Ол
сөздікте де біршама қателер бар. «Әтә мурун әннәсә билбирри
уа әхсину иналлаха иухиббул мухсинин» деген тіркестің сөздіктегі
ғылыми транскрипциясы да, тәржімесі де теріс. Сөздікте ол
«адамға ізгілік істеуге бұйырыңыз, өйткені Алла ізгі сипаттарды
сүйеді» деп көрсетілген. Осы тіркес туралы Ә.Дербісалиев
өзінің «Ортақ міндет», Абай шығармашылығындағы араб
сөздері дұрыс түсіндіріліп жүр ме? деген мақаласында, дұрыс
аударманы көрсетеді: « Ата марру аннаса би и бирри уа ахсану
инне Аллаха йухиббу л-мухсинин» яғни, «жұртқа жақсылық
істеушіні жақсы көреді» болып берілуі керек еді» [2,17]. Бұған
біз толықтай қосыламыз.
«Абай тілі сөздігінде» бір топ араб сөздеріне «қ» деген
59
Лингвистиканың өзекті мәселелері
белгі қойылған. Ал ол белгі туралы аталмыш сөздіктің өзінде
мынадай анықтама берілген. «Араб және парсы тілдерінен
тұтасымен алынған тұрақты тіркестердің құрамында келетін
сөздерге жеке-жеке анықтама берілмей, оларға қосымша ғана
түсінік берілді. Реестр сөзінің анықтамасының орнына «қ»
деген белгі арқылы сілтеме жасалып, сөздің аты қойылды.
Мәселен, «дәфғы» деген қ. жәліб... мұзарат деген тіркестегі
ұғыммен байланысты түсінікті қараңыз деген ишарат» (Абай
тілі сөздігі. 1968,15). Бұдан біз жәліб және мұзарат сөздерінің
анықтамасын қарадық, бірақ ешқандай тәржіме жасалғанын
көре алмадық. Сөздіктің өзіне келейік: 445-бетте «мұзарат
қ.жәліб манфағат...» деп қана қойылған. Сөздікте осындай
«қ» арқылы сілтеме жасалған сөздер өте көп. Мысалы:
уәәхсану, халидун, фатиха, уағалейкумуссәләм, тәхсил, тасдих,
табарака, мүбәшара, тәфәккару, уәлләзинә, йухиббу, залимин,
ғамалус, билбирри, әннәс, атамурун, мухсиниң, йухиббул,әл-
инсан,ләһу, әсмаиһи, ләма, ағламланған, заһри, ғалайһи,
мақситин т.б. сөздер. Ал бұл сөздердің өздері жеке-жеке
мағына беретін лексемалар. Сөзімізді түйіндей келгенде,”Абай
тілі сөздігіндегі” араб, парсы сөздерінің аудармасында келгенде
мынадай мәселелерді айтқымыз келеді:
1. Кейбір араб және парсы сөздерінің ғылыми
транскрипциясы дұрыс берілмеген.
2. Кей сөздердің мағынасы дұрыс ашылмаған.
3. Кей сөздер керісінше тәржімеленген.
4. “қ” арқылы сілтеме жасалған сөздер тіпті аударылмаған.
5. Абай туындыларындағы араб және парсы сөздерінің
қазіргі қазақ тілінде қолданылмайтындары көрсетіліп, қазақ
тіліне ертеректе назардан тыс қалған.
6. Сөздікте Абай шығармаларындағы арабизмдер мен
фарсизмдердің көбі қазақтың төл сөзі боп танылған.
Жалпы алғанда, «Абай тілі сөздігіндегі» араб, парсы
сөздерінің бірсыпырасы дұрыс тәржімеленіп, ғылыми
Лингвистиканың өзекті мәселелері
60
транскрипцияланған, Абай шығармаларында қолданған төл
сөздерімізбен қатар араб, парсы сөздерін рет-ретімен тізіп
көрсеткен, оларға тиісті анықтама беріп жан-жақты сипаттаған.
Ол дұрыс тәржімеленген сөздерді айтсақ: сиддиқ, сәмиғ, сәлім,
иғтиқат, шарх, ниһаят, қираәт, ғафу, батыл, ихсан, кәрәм, қадим,
кәлем, истанжа, мәтбух, зидди, мәдіх, инсан, батин, ләкин,
жұмле, ғауам, басар, әсмаһи, бала’и, ирада, мағрифат, ғазим,
ғайри, ғәфләт т.б.
Бұл сөздердің дұрыс аударылуы сөздіктің Абай
творчествосындағы араб, парсы сөздерін зерттеп, түсіндіру
жолындағы үлкен жетістігі.
Дей тұрғанмен, біз жоғарыда көрсеткен кемшіліктер
сөздіктің келесі басылымдарында ескерілгені мақұл демекпіз.
Қазақстан Ғылым Академиясының
Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, 1992, 6/78/.44-48 б.б.
Әдебиет
1. Абай тілі сөздігі.Алматы,1968.
2. Қазақ Совет инциклопедиясы. Алматы,1 том.
3. Дербісалиев А. Ортақ міндет // Лениншіл жас, 1978, 17 ақпан.
Достарыңызбен бөлісу: |