Есеналиева жанар е с е н



Pdf көрінісі
бет12/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

Тасимова Сәрсенкүл
Қайнар Академиясы тілдер және 
журналистика кафедрасының доценті,
филология ғылымдырының кандидаты
АДАМДЫҚ КЕЛБЕТІНЕ КӨЛЕҢКЕ ТҮСІП КӨРМЕГЕН
Өмір-керуенінде үзеңгілес құрбы-құрдастар, бір ұжымда 
еңбек етіп әріптес болған жандар көп болуы заңдылық. Бірақ 
солардың  бәрімен  бірдей  ұзақ  уақыт  аралас-құралас  болып 
кетуіңіз мүмкін бе? Әрине жоқ. Жаныңа жақын тұтып, емен-
жарқын  араласуыңа  себеп  болар  қасиет  керегі  анық.  Ол  - 
адам  бойындағы  адалдық  пен  мінез  байлығы  болса  керек. 
Жанардың «аузын ашса, көмекейі көрінетін». Ашуына ақылын 
жеңдірмейтін. Жел сөзге бір иығы түгілі, жеңін де бермейтін. 
Адамгершілік  бітім-болмысы  ешкімге  ұқсамайтын  Жанармен 
таныстығымызға  ширек  ғасырдан  астам  уақыт  болыпты. 
Жүйрік  аттай  жүйткіген  уақыттың  жалынан  қалыспай, 
алдына  қойған  арман-мақсаттарының  биік  тұғырынан  көріну 
жолында  жанкештілікпен  еңбек  етіп  келеді.  Өз  ісіне  мығым, 
қайраттылығы  мен  табандылығы  алған  бетінен  қайтпайтын 
қайсарлығының  айғағы.  Осы  сөздеріме  қарап,  өзі  қайсар, 
табанды, бірбеткей екен, деп ойлап қалмаңыз.  Оның жанының 
үлбіреген ұлпа қардай таза, гүлдей нәзіктігін сезінгенде нағыз 
қазақи әйелдің тұлғалық келбетін өлеңмен өріп, жалпақ жұртқа 
паш еткің келеді.
1994-1999 жылдары қазақтың заң университетінде бірге 
ұстаздық еттік. Кафедра қазақ және шығыс тілдері болғандықтан 
араб,  түрік  тілдерінің  мамандары  жан-жақтан  іздестіріліп, 
таңдалынған  еді.  Есеналиева  Жанар  Жорабекқызы  ол  кезде 
Ғылым  Академиясында  ғылыми  кандидаттығын  қорғаған 
білдей ғылыми қызметкер болатын. Әйтседе бойдағы білімді, 
үйренген араб тілін шәкіртке үйретуді мансұқ еткен ол кафедра 
меңгерушісінің арнайы шақыртуын қабыл алып, жылы орнын 
қимаса  да  тастап,  университетке  оқытушылыққа  келген  еді. 


37
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Жаңа орта, жаңа жұмыс орнын Жанар жатырқаған жоқ. Ашық-
жарқын  мінезімен  бірден-ақ  ұжымға  сіңісіп,  үлкенге  құрмет, 
кішіге ізет көрсетуімен танылды. 
Жанар  араб  тілінен  сабақ  беретін.  Өзім  бір  тілді 
болғандықтан  оған  қызыға  қарайтынмын.  Әлі  есімде,  1994 
жылдың  қоңыр  күзінде  оқытушылар  бөлмесіне  қолында 
томардай кітаптарымен  күлімдеп енген ол ұжыммен сыпайы 
ғана  сәлемдесті.  Үні  құлаққа  жағымды  екен.  Бір  көргеннен-
ақ  жасымыз  шамалас  болғандықтан  тіл  табысып  кеттік.  Көп 
ұзамай  ол  шаңырағын  көрсетті.    «Мың  сіз-бізден,  бір  шыж-
быж»  дегендей  ұжымдағы  5-6  қыздың  басын  қосып,  кең 
дастарқанынан  дәм  татқызды.  Достығымыз  нығая  түсті.  Сыр 
бөлісу,  пікір  алмасу  да  көзқарастарымыздың  ортақ  болуынан 
болар...    Әлі  күнге  дейін  қалт  еткенде  хабарласып,  хал-жай 
сұрасуымыз, бір-бірімізді іздеуіміз тектен тек емес.
Университет  қабырғасында  оқытушылық  қызметті 
атқарып жүрген кезімізде  Жанар студенттермен емен-жарқын  
әңгімелесіп,  етене  араласатын.  Қолынан  келген  көмегін 
ешкімнен аямайтын ол ұстаз ғана емес, ана ретінде жастардың 
жүрегіне  жол  таба  білді.  Бірде  студенттермен  құрдасындай 
сөйлесіп тұруының мән-жайын сұрағанымда: «Оларға араб тілі 
өте қызық. Сұрақтары көп. 80 минут жетпей қалады. Сондықтан 
үзілісте  сөйлесеміз.  Жастардың  жаны  таза,  жүректері  от 
қой.  Студенттермен  ашық  әңгімелескеннен  рахаттанамын», 
дегені есімде. Осыдан-ақ, Жанардың студенттерді қызықтыра 
білетініне,  шынайылығына  көз  жеткізуге  болады.  Кейіннен 
«Білім  беру  саласының  үздігі»  атағын  алғанын  естігенімде 
атақтың ауып емес, тауып берілгеніне қуандым.
Иә, ол ұжымда отызға жуық оқытушы қызмет етті. Қанша 
адам болса, сонша мінез болатыны белгілі. Соған қарамастан 
ортақ іс-шараларда «бір қолдан жең, бір жағадан бас» шығарып 
еңбек ете  білдік. Кафедрада келеңсіз оқиғалар  да  орын  алды. 
Ол  әрине  адам  бойындағы  адами  қасиетке  байланысты  деп 
ойлаймын.  Бес  жыл  бірге  жұмыс  істеген  уақытта  Жанар 
біреудің  бетіне  жел  боп  тигенін,  болмаса  кемшілігін  бетке 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
38
немесе сыртынан айтқанын өз басым көрмеппін. Аузынан тек 
жақсы  сөз  шығаратын.  Қошемет  сөзді  кім  ұнатпайды?!  Ол 
маңайындағы  жандарға  тәрбиелілігімен  де,  әдемі  сөзімен  де 
шуақ  шашып  жүретін.  Адамдардың  көңілін  қалдырмайтын. 
Қашанда  жылы  жымиып,  күліп  тұрған  адамға  еріксіз  езу 
тартып жауап қатасыз ғой. Ол осы қалпынан арада отыз жыл 
өтсе  де  өзгермеді.  Табиғатынан  рухани  жан  дүниесі  бай, 
қазақтың  кең  даласындай  жомарт  жүректі  Жанардың  бүгінгі 
таңда  ғылымдағы,  оқытушылық  қызметтегі  жетістігі  адами 
құндылықтарды  бойына  сіңіре  білуінен  деп  топшылауға 
болады. Осы орайда Ж.Баласағұнның: «Адам бойында жақсы 
қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт  та қонбайды», деген қанатты 
сөзінің  мәнінің  тереңдігін  ұғына  түсесің.  Мен  Жанардың 
бақыты - ғылымдағы, оқытушылық қызметіндегі жетістігі ғана 
емес, өмірдегі жетістігі ана деген ардақты атқа лайықты саналы 
ұрпақ  тәрбиелей  білгендігі,  дер  едім.  Бақыттың,  байлықтың 
дәулеттің қайнар бұлағы - қос қарлығашында. Тәңірім солардың 
рахатын көрсетсін, деп тілеймін.
Қарақан бас қамын күйттеуден, күйбең тірліктің тізгінен 
аса алмай жүргендер бірге қызмет еткен әріптесті де, өмірдің 
қызықты кезеңдерін бірге өткізген құрбы-құрдасты да ұмытып 
кететіні  жасырын  емес.  Жанар  бұл  тұрғыда  да  тұғырынан 
түспеген.  Бір  кездері  бірге  қызметтес  болған  жандардың 
қайғысына  (құлағы  шалып  қалса)  ортақтасады,  қуанышына 
алаөкпе боп жүгіре жөнеледі. Осыдан он бір жыл бұрын менің 
бір  жиыныма  кешігіңкіреп  келді.  Оның  сырын  кейін  есітіп, 
қайран қалдым. Мен оның орнында болсам, қайтер едім...  Өз 
отбасында  орын  алған  оқиғаға  қарамай,  істің  соңы  дұрыс 
болған  соң  тойға  жүгірген  ғой.  Сыр  білдірмей,  күлімдеген 
жүзімен әсем әнін шырқап, биін билеп, тойдың сәнін кіргізіп 
кеткен еді. Сөз реті келгенде айта кетейін, Жанардың әншілік 
қыры өз алдына бір төбе. Дауыс диапазоны мен орындаушылық 
шеберлігі  ортаңқол  әншілерді  жолға  қалдырады.  Кез-келген 
ортада ойып тұрып өз орнын ала білген Жанардың мерейі үстем 
болуы кісілік келбетінің кірбің шалмағандығында екені даусыз.


39
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Қандай  да  бір  іс-шаралардың  басы-қасында  жүргенде 
қызметтік  жетістікті  тәптіштеп  айтудан  жалықпаймыз.  Тұлға 
деп  тұрғанымыздың  тұла  бойына    тұнған  адамдық  қасиетке 
назар  аудармаймыз.    Адами  құндылық  азайып  бара  жатқан 
қазіргі  қоғамда  Жанар    Жорабекқызының  адамгершілік 
қасиетін дәріптеудегі мақсатымыз қоғамдық көзқарасқа ықпал 
ету. Рухани байлық - адамдық келбетті қалыптастырады. Оның 
кемелденуі - білім мен білік, көргенділік пен көрегенділік, ақыл 
мен парасаттылық. Осынау ұлы қасиеттің бәрін Жанар бір бойына 
қалай сыйдыра білген, деп ойларсыз. Өйткені, Жанардың бітім-
болмысы  табиғи адами құндылықтың ассоцияциясын құрайды. 
Ізгілік  пен  игіліктің  жаршысындай  адамзат  атаулыны  пәк 
көңілімен қашанда құшақ жая қарсы алатын Жанар  сыйластық 
пен татулық, достықтың нәзік жібін жалғай білетін ерекше жан. 
Біздің отыз жылдан бергі сыйластығымыз сөзімізге дәлел. Жаны 
таза, жүрегі кең жандардың жаныңда жүргенін мақтаныш тұту 
ләзім. Жанардай игі-жақсылар көпке үлгі, өнеге. Оқытушының 
жас  ұрпаққа  берер  тағлым  -  тәрбиесі  тал  бойынан  көрініп 
тұрса,  айтар  ақыл-өсиеттен  мейлінше  маңызды  әрі  ықпалды 
болары анық. Жанар өзіндік мінсіз адамгершілік қасиетімен де, 
кішіпейілдігімен де жастарды тәрбиелеуде, деп ойлаймыз. 
«Ұлы  адамдардың  ұлылығы-қарапайымдылығында» 
дегенді  санамызға  сіңіріп  өссек  те  астамшылыққа, 
тәкаппарлыққа  бой  ұрып  қалатынымыз  бар.  Пендешіліктен 
жоғары  тұру,  құрбы-құрдасты  жақыныңдай  жаныңа  үйір  ете 
білу  үлкен  кісілік,  бекзаттылық.  Адамға  қуаныш  сыйлап, 
жақсылық  тілеп  тұруы  оның  бойына  анасының  ақ  сүтімен 
сіңгені  анық.  «Тәрбие-  тал  бесіктен»,  деген  ғой.  Тұңғышы 
мектепті  «алтын  белгіге»  бітірген  қуанышын  бөлісе  отырып, 
саған да жұғысты болсыншы, деп қызының қаламсабын ұсынуы 
да  қарапайым  халқымыздың  ырымы  мен  Жанардың    салт-
дәстүрді бойтұмардай сақтауы ғана емес, адамдарға жақсылық 
болсыншы, деген ізгі тілегі мен түзу ниетінде. «Ниетіңе берсін!» 
деген  халқымыздың  осы  бір  тіркесінде  тілектің    тамырындай 
тәрбие тағлымы жатқан жоқ па?! 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
40
Міне,  табиғаттың  үлкен  сыйы  -  мінез  байлығына  ие 
болған  Жанар  Есеналиеваның    адами  келбетінің  бір  парасын 
ғана жазбамызға арқау еттік. Адамдық келбетіне көлеңке түсіп 
көрмеген Жанардың жас ұрпаққа сапалы біліммен қатар  саналы 
тәрбиені өзіндік кейіп-кескінімен дәйімі көрсетіп жүргені анық. 
Ұлағатты ұстаз қасиеттерінен нәр алып өскен өскелең жастың 
бойына  иненің  жасуындай  болса  да  ізгіліктің  дәні  себілетіні 
даусыз. 
Мерейлі  мерекесін  ғалымдық,  ұстаздық  жолыңдағы 
үлкен жетістіктермен қарсы алып отырған Жанар Есеналиеваға 
- әрқашан үстем болсын мерейің!-дегім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет