Есеналиева жанар е с е н



Pdf көрінісі
бет14/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

Заурбекова Гүлхадиша
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ – дің аға оқытушысы,
филология ғылымдарының кандидаты
ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС
Филология 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор 
Есеналиева Жанар Жорабекқызы – өзінің ұстаздық жолын 1995 
жылы  Қазақ  Заң  университетінің  аға  оқытушысы  қызметінен 
бастады, содан бері ширек ғасырдан астам уақыт өте шықты. 
Аудиторияны  бірден  баурап  алып  кететін  сөздерін,  жағымды 
үнін  шәкірттердің  санасына  мықтап  ұялата  білетін  ұстаздың 
берген  әрбір  сабағы,  оқыған  дәрістері  ғылым  жолындағы 
ізденіске  толы  тәжірибесімен  астасып  жатты.  Ы.Маманов, 
З.Қабдолов, Қ.Мырзалы, Т.Кәкішев, М.Томанов, Т. Сайрамбаев, 
Р.Нұрғали,  А.Қыраубаева,  Ә.Дербісәлі,  Б.  Сағындықұлы,  Ж. 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
48
Дәдебаев,  Ж.  Түймебаев  сынды  керемет  ұстаздардан  алған 
білімін    болашақ  мамандарға  сіңіруді  мақсат  етті.  Тіл  білімі 
институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер 
қызметтерін  атқарған  Жанар  Жорабекқызы  Б.  Әбілқасымов, 
А.Ысқақов,  Ә.Қайдаров,  Ш.Сарыбаев,  Р.Сыздықова  сынды 
еліміздің маңдайалды мықты ғалымдарының шеберханасынан 
шыңдалып  шықты.  Ол  ұлағатты  ғалым-ұстаздарының  тәлім-
тәрбиесі,  жинақтаған  тәжірибесі  бойынша  студент  жастарды 
білімді  терең  алуға,  ғылыми  ізденіс  жұмыстарына  бағыттап, 
жігерлендіріп, ұшқыннан алау маздатып, жалындата түсті. Ж. Ж. 
Есеналиева  жинақтаған тәжірибесін жаңа біліммен ұштастыра 
алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған 
ісінің  нәтижесін  көре  алатын,  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізе  білетін,  педагогикалық  процестің  заңдылықтарымен 
етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, 
оқыту  үрдісін  ізденімпаздықпен  арттыратын  өз  ісінің 
шебері  дәрежесіне  білімдарлығымен,  ізденімпаздығымен, 
жаңашылдығымен жетті. Егер ұстаздың білім саласындағы, ана 
тіліміздің  өзекті  мәселелері,  болашақ  мамандардың  келешегі 
үшін  жанын  сала  еңбектеніп,  ізденіс  жолында  талмай,  үнемі 
қанаттанып жүруінің түп-тамырына  үңілсек, үлгілі де білімді 
ата-ананың тұңғышы ретінде жыр-қиссаны жатқа айтып, қара 
өлеңді төгіп, ертегілеріне ұйытып отыратын ақылман Мінәйім 
әжесінің бауырында өсуінде, Тамды ауылындағы орта мектепті 
де,  Алматы  қаласындағы ҚазМУ-дің шығыстану факультетін 
де  үздік  бітіріп  шығуында,  аяулы  ұстаздарының  сөздерін 
зердесіне сіңіріп, көкейіне қондыра білуінде әрі оларға еліктеп 
өскен ерекше шәкірт бола білуінде деп көптеген мысал келтіре 
алар едік. 
Ж.Ж.  Есеналиева  2001  жылдан  бастап  Абылай  хан 
атындағы  Қазақ  халықаралық  қатынастар  және  Әлем  тілдері 
университетінде  еңбек  етіп  келеді.  Жұмыс  барысында  өзін 
білімді, адал қызметкер, кәсіби әрі шығармашыл ұстаз ретінде 
көрсете білген ұстаз оқыту процесін ұйымдастырудағы кәсіби 
шеберліктің,  шығармашылық  бастаманың  жоғары  деңгейін 


49
Лингвистиканың өзекті мәселелері
меңгеруімен  ерекшеленді.  Тіл  білімінің  жаңа  бағыттарын 
дамытуға  үлес  қосқан  ғалым-оқытушы  2012-2013  оқу  жылы 
университетте  жаңадан  ашылған  лингвистика  теориясы 
және  коммуникация  кафедрасында  теориялық  пәндер 
бойынша  да  көптеген  еңбек  сіңірді.  Сол  оқу  жылы  алғаш 
жүргізілген  когнитивтік  лингвистика,  мәтін  лингвистикасы, 
лингвомәдениеттану,  мәдениетаралық  коммуникация  теория-
сы,  әлеуметтік  лингвистика,  стилистика,  дискурс  теориясы 
және  типология  сынды  теориялық  пәндер  бойынша  әдіс-
темелік  кешенді  әзірлеуге  қатысты.  Ол  қазір  дәріс  беретін 
«Салғастырмалы  тіл  білімі»,  «Жалпы  тіл  білімі»,  «Қазақ 
тілі»    пәндерінің  ерекшелігін  ескере  отырып,  қазіргі  заман 
талаптарына сәйкес студенттерге білім беру ісін ұтымды түрде 
жүзеге асыруда.  
Ж.Ж.  Есеналиева  білім  берудің  дамыту  стратегиясын, 
заманауи тұжырымдамаларды, технологияларды, оқу процесін 
басқарудың  теориялық  және  практикалық  негіздерін  жақсы 
біледі.  Ол  студенттерге  білім  беру  ісіне  шығармашылықпен 
қарайды, іс-тәжірибеге озық педагогикалық технологияларды: 
оқытудың  ұжымдық  және  топтық  тәсілдерін,  сындарлы 
ойлауды  дамыту  стратегиясын,  оқытудың  зерттеу  әдістерін, 
жобалармен  жұмыс  жасауды  пайдаланады,  студенттердің 
қызметін  бағалаудың  әртүрлі  стратегиясын  енгізе  отырып, 
шебер қолданады. Ғалым-ұстаз белсенді оқытудың формалары 
мен әдістерін әзірлеп, оларды табысты түрде жүзеге асырады, 
сабақ  жүргізетін  пәндері  бойынша  эксперименталды 
тапсырмаларды  құрастырады.  Ол  студент  тұлғасының  жалпы 
мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал 
етеді, білім алушылардың  жеке қабілеттерін анықтайды  және 
дамытуға  жәрдемдеседі,  студенттерінің  жеке  ерекшеліктерін, 
қызығушылықтары  мен  бейімділігін  зерттейді,  оқытуда 
сараланған тәсілді оңтайлы ұйымдастырады.
Профессор Ж. Ж. Есеналиева «Салғастырмалы тіл білімі», 
«Жалпы  тіл  білімі»    пәндерінің  жаңа  әдістемелерін  әзірлеуге 
жетекшілік етеді, оларды сынамадан өткізу бойынша жұмыстар 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
50
жүргізеді;  белсенді  оқытудың  нысандары  мен  әдістерін  әзір-
лейді және оларды табысты қолданады, оқу-тәрбие процесінде 
тұрақты  түрде  оң  нәтижелерге  қол  жеткізіп  отырады,  білім 
алушылардың білім сапасының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. 
Ұстаз  сабақта  білім  алушылардың  танымдық  белсенділігін 
көрсетуі  үшін  барлық  жағдайды  жасайды:  проблемалық 
жағдаяттарды,  студенттердің  субъективті  тәжірибесін  ашуға 
мүмкіндік  беретін  оқу  қызметін  ұйымдастырудың  әртүрлі 
формалары  мен  әдістерін  пайдаланады,  әр  білім  алушының 
аудиториялық  жұмысқа  қызығушылығын  арттыру  үшін 
қолайлы ахуал орнатады, әр студенттің өз жұмыс тәсілін табуға 
деген ұмтылысын қолдап отырады. Осылардың барлығы Жанар 
Жорабекқызы дәріс жүргізетін студенттік топтардың  жоғары 
көрсеткішті үлгерімге қол жеткізуіне ықпал етеді. 
Ж.Ж.  Есеналиева  жинақтаған  тәжірибесін  үнемі 
республикалық және халықаралық деңгейдегі конференциялар 
мен  семинарларда  баяндама  жасап,  ашық  сабақтар  мен 
аудиториядан тыс іс-шаралар өткізіп қорытындылап отырады. 
Ол  өзінің  ғылыми  педагогикалық  тәжірибесін  жинақтап, 
тек  университет көлемінде ғана емес, сонымен қатар Cкoпyc 
бaзacында  индeкcтeлгeн xaлықapaлық бaсылымдарда (4 мақала), 
өзгe  бaзaлapдa  индeкcтелген  xaлықapaлық  басылымдapда  (5 
мақала),    ҚР  БҒМ  Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау 
комитеті ұсынған басылымдар және басқа басылымдарда (113 
мақала) жариялай білді.
Жанар  Жорабекқызы    магистранттарға  арналған  «Типо-
логиялық  және  салыстырмалы-салғастырмалы  тіл  білімі 
мәселелері» атты типтік бағдарламасының авторы. Ол «Қазақ 
тілі»  электрондық оқулығын  жазып шыққан авторлардың бірі. 
Сонымен қатар, ғалым-ұстаздың  «Лингвистикалық типология 
негіздері»  атты  оқулығы  (2009)  жоғары  оқу  орындарының 
студенттері мен магистранттарға арналған.  
Жанар  Жорабекқызының  ғылыми  шығармашылығының 
көбі құрылымы әртүрлі тілдерді жүйелі салғастыру мәселелеріне, 
тілдердің 
көпөлшемді 
типологиясына, 
когнитивтік 


51
Лингвистиканың өзекті мәселелері
лингвистикаға  және  мәдениетаралық  коммуникацияға 
арналған десек, осы бағыттарда 100-ден аса зерттеу жұмыстары 
жарық көрген.  Атап айтқанда, «Құрылымы әртүрлі тілдердің 
салғастырмалы типологиясы» атты монография (2009), жоғары 
оқу  орындарының  студенттері  мен  магистранттарға  арналған 
«Лингвистикалық  типология  негіздері»  атты  оқулығы  (2009), 
«Когнитивтік  лингвистика  теориясының  негіздері»  оқулығы 
(2018),    «Салғастырмалы  тіл  білімі»  оқулығы  (2020),  «Абай 
және  Шығыс  тілдері»  (2020)  монографиясы  ғалымның  көп 
жылғы  ізденістерінің  нәтижесі.  Ғалым  ұстаздың  жалпы  тіл 
білімінің  өзекті  мәселелеріне,  соңғы  жетістіктеріне  қатысты  
еңбектері  білім  алушылардың  қызығушылығын  тудыратын, 
ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында  сүйеніп, 
негізге алатын құнды әдебиеттері. 
Жанар  Жорабекқызы  ұстаздық  қызметін  жетілдіру 
мақсатында  әртүрлі  бағыттарда  белсенді  жұмыс  істейді,  ол 
өзі  дәріс  жүргізетін  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламаларын 
әзірлейді  және  сынамадан  өткізеді,  кафедраның  ғылыми 
жоба  жұмыстарына  белсенді  қатысады.  Ұстаз  заманауи 
ақпараттық  технологияларларды  жетік  меңгерген  және 
оларды оқу процесінде табысты пайдаланады, оқу ақпараттық 
бағдарламаларын тек сабақтарда ғана емес, сонымен қатар оқу 
процесіне  электронды  оқу  бағдарламаларын  енгізе  отырып, 
белсенді қолданады. 
Жанар  Жорабекқызы  –  ғылыми  кадрлар  даярлау 
ісінде  үлесін  қосып  келе  жатқан  ғалым-ұстаз,  осы    кісінің 
жетекшілігімен  10  аса  магистрлік  жұмыс  қорғалды.  Ол  -  жас 
мамандардың  тәлімгері,  республикалық  деңгейде  ғана  емес, 
сонымен  қатар  халықаралық  деңгейде  де  ашық  сабақтарын, 
шеберлік сыныптарын өткізіп келеді.
Жанар Жорабекқызы болашақ мамандардың тәжірибелік 
дайындығына,  олардың  шығармашылық  белсенділігі  мен 
өз  бетінше  жұмыс  істеу  қабілетін  дамытуға  бағытталған 
жұмыстарда  да  айтарлықтай  табыстарға  қол  жеткізеді, 
белсенді оқытудың формалары мен әдістерін қолданады; білім 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
52
алушылармен  зерттеу  жұмысын  ұйымдастыра  алады;  оқу-
тәрбие процесінде тұрақты түрде оң нәтижелерге қол жеткізіп 
отырады. 
Жанар Жорабекқызы тәртіп пен жауапкершілікті жоғары 
қоятын  тұлға.  Ол  жоғары  кәсібилігі,  жоғары  білім  берудің 
сапасы  мен  қолжетімділігін  арттыру  міндеттерін  шешуде 
жоғары нәтижелілігі үшін Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым  министрлігінің  Алғыс  хатына  ие  болды,    Қазақстан 
кіші Ғылым академиясының Мақтау грамотасымен, Қоғамдық 
марапаттар  мен  атақтар  жөніндегі  Республикалық  кеңестің 
«Білім беру саласының үздігі» медалімен марапатталды.  
Хакім  Абайдың  «Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден 
балаға»  деген  сөзі  өмірлік  ұстанымына  айналған,  өзінің  мол 
тәжірибесі  мен  терең  білімін  ұштастыра  білген,  әр  шәкіртіне 
мұқият,  әр  сабағына  сыни  көзбен  қарап,  баға  беріп,  саралап, 
келесі  сабақтарымен  ұтымды  ұштастырып,  сабақтастыра 
білетін,  уақытымен санаспай, бағытынан адаспай ұстаздық етіп 
келе жатқан ұстаз-ғалым әріптесім, филология ғылымдарының 
докторы,  профессор  Есеналиева  Жанар  Жорабекқызы  дәл 
бүгін  де  ізденісте,  кезекті  дәрісіне  қызу  дайындық  үстінде.  
Әріптестері арасында айрықша ықыласқа ие, ақжарқын мінезді, 
еңбекқор,  қазақ  тілінің  шынайы  жанашыры,  ғалым-ұстаз.  
Жанар Жорабекқызына «Өміріңіздің айтулы белесі – 60 жасқа 
толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!  Елімізге 
жақсы  мамандарды  даярлау,  қазақ  тілінің  өзекті  мәселелерін 
зерттеу  саласында  әлі  де  толағай  табыстарға  жете  беріңіз! 
Көзіңіздегі  от,  жүрегіңіздегі  жылу  шәкірттеріңізге  дарысын! 
Әрдайым  отбасыңыз  аман,  жүзіңіз  жарқын,  мерейіңіз  үстем 
болсын!» дегім келеді. 


53
Лингвистиканың өзекті мәселелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет