когнитивтік код пайда болады. Кез-келген елдің ұлттық коды
сол халықтың тіліне, оның мәдениеті, дәстүрлері мен дініне
негізделген. Осы элементтердің ерекше үйлесімі кез-келген ұлт
үшін ерекше ұлттық код жасайды. Бұл факторлар біздің еліміздің
ұлттық кодын қалыптастыруға да әсер етті. Ұлттық кодымыз
толеранттылық, икемділік, басқа этностарға және басқа діндерге
деген құрмет қасиеттерін біріктіреді.
Белгілі Абайтанушы М.Мырзахметов: «...Енді жаңа
дүниетаным тұрғысынан ойлап қарағанда, Абайдың әдеби
мұрасы мен ақын дүниетанымын танып білу жолында
Лингвистиканың өзекті мәселелері
64
жүргізілетін бүгінгі ғылыми зерттеу жұмыстарымыз қандай
бағыт бағдарда болатындығын айқындауға аса басым түрде мән
беретін уақыт келді. Абайтану саласында 125 жылдық мерзімде
жазылған өткендегі ғылыми творчестволық зерттеулерге де осы
жаңа дүниетаным тұрғысынан қарап, жетістіктеріміз бен
кемшіліктерімізге де сын көзімен қарап, бағалайтын боламыз.
Бұл дегеніміз орасан зор қиын жұмыс болса да, қолға алатын
тікелей парызымызға айналып тұр» [4,32] - деп көрсетеді.
Абай ұлттық дүниетанымды, қазақ халқының басқаларға
ұқсамайтын өзіндік ерекшелігін, өмір сүру дағдысын, адамды
және оның өз тіршілігіне деген көзқарасын өз шығармалары
бойында көрсетеді, кейде сынап та алады. Мәселен Абай қазақ
халқының мол қазынасы – мақал-мәтелдердің кейбірін
танымдық тұрғыдан талдайды. Ол өзінің бесінші және алтыншы
қара сөздерінде қазақтың кей мақал-мәтелін сынаған, олардың
тереңіне үңіліп, мән-мағынасын ашып көрсеткен.
«Абайдың тілі зерттеліп келді дегенге екі түрлі ұғымды
сыйғызуға болады, - дейді белгілі ғалым, Абайтанушы,
профессор Рәбиға Сыздықова, - бірі ұлы қаламгердің тілі туралы
жалпы пікір айту, екіншісі - Абай шығармалары тілінің өзін
талдап таныту» [5,324].
Адамды мақалдарынан танырсың, әуелі: - «Түстік өмірің
болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал
- адамның бауыр еті», «Малдының беті - жарық, малсыздың
беті - шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы
елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым -
береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз -
құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны
жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген мақалдарды
талдайды. Абайды осы мақалдардың шығуы, ол мақалдар неге
жиі айтылатындығы, неге адамдар кей мақалды дұрыс
қолданбайтыны ойландырады, толғандырады.
65
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың - пысық, ішің - нас,
Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да
Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық,-дейді ұлы ақын
[2,30].
Абай Құнанбаев өзінің 29-шы қара сөзінде де бірнеше
мақалды сынайды «Жарлы болсаң, арлы болма», «Қалауын
тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні
жоқ»,«Атың шықпаса, жер өрте», «Алтын көрсе, періште жолдан
таяды», «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті».
Абай осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу
керектігін баса айтады. Ол «адам бейнесінің» жеке тұлғалық
ерекшелігін басқа мақалдармен салыстыру арқылы көрсетеді:
«Адал жүріп, адал тұр», «Адам баласына адам баласының бәрі -
дос», «Адамшылықтың алды — махаббат, ғаделет» деп адамдар
арасындағы адалдықты, достықты, адамшылықты, махаббатты
дәріптейді.
«Абай өз шығармаларында адамгершілік тәрбиеге,
қазақтардың өткені мен бүгініне, болашағына, салт-дәстүрі мен
рухани мәдениетін жетілдіруге, жастарға адамгершілік тәрбие
беру жолдарына үнемі орала береді. Бүгінгі уақыттың талабына
сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті қазақтың
менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді
қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол
өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия
мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан
таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын
ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге
әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы
данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы,
ар – намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды» [7,11].
Абай шығармаларындағы дүниетаным оны қоршаған
заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың табиғаты Абайдың
санасында түрліше көрініс табады: біреулері – көрнекі нақты
Лингвистиканың өзекті мәселелері
66
образдар арқылы берілсе (мысалы, қу шалбар, мәліш сауда,
кеселді пысық, кер нағыз, үкімет зорлық, жас қуат), келесілері
– қарапайым ұғымдармен (дос, береке, талап, абырой),
үшіншілері – символдар (ар, намыс, ұят – қазақ халқының
ұлттық символына айналған сөздер) кейпінде келеді.
Абай тілі қазақ халқының танымы мен бүкіл тұрмыс-
тіршілігін суреттейді. Абайдың қай шығармасын алмайық
халықтың тұнып тұрған тұрмысынан, тарихынан, мәдениетінен,
дүниетанымынан хабар береді.
Ақынның дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты
құндылық – адам болмысы. Абай шығармаларында адам
мәселесі арқылы көптеген мәселелердің арақатынасы шешіледі.
Атап айтсақ, жеке адамдардың тұрмыс-тіршілігін сипаттай
отырып, Абай адамгершілік қасиеттер туралы ілімді дамытты.
Адамның қоғамдағы моральдық жетілуінің гуманистік
принциптерін алға тартты, эстетикалық мәселелерді
қарастырды, адамның танымдық қабілеттері туралы мәселені
зерттеді. Жалпы адамның болмысын, этикалық, эстетикалық
көрінісін көрсетті, адамдардың мінез-құлқы, психологиясы
арқылы олардың сезімдері мен ақыл-ойының әлемін, атадан
қалған салт-дәстүр арқылы адам өмірінің мақсаты мен мәнін
жырлады. Абай шығармаларында Адам мәселесін түрлі
тіркестермен береді: жақсы адам, сотты адам, даугер адам,
байқаған адам, жаман адам, адам баласы, бұлдаған адам,
адамдықтың орны, адамның жаны, адамның баласы, адам
жаулағандық, адамның қасиеті. Абайдың Адам концептінің
фреймдері: адалдық, сабырлық, достық, махаббат, ел билеген
адам т.б.
«Абайдың ойлау жүйесі, адам өмір сүруінің философиясы
мен табиғатына, адамзат болашағына зор сенім негізінде
қалыптасқан. Сонымен біз өскелең ұрпақ адамды Абайша
түсінудің тұжырымдарын, құндылықтарын түсінуге бет
бұруымыз қажет. Бұл әр адамнан парасат пен ерікті, ақыл мен
67
Лингвистиканың өзекті мәселелері
сезімді жұмылдыруды талап етеді. Абай жолы, Абай мұрасы –
ізденіс пен ойланудың, кемелділік пен ізгілікті танудың
үлгісі»[8,10].
Қорытындылай келе айтарымыз, қазақ хaлқының бaсынaн
кешкен тaрихы, болмысы, дүниетaнымы, бүкіл рухaни, мәдени
бaйлығы, өмір тіршілігі, әдет-ғұрпы, сaлт-сaнaсы, күнделікті
тұрмысынa қaжет бұйымдaры, тaлғaмы әлемнің тілдік бейнесін
жасаса, Абай тілінде осының бәрі көрініс табады. Абай өз
шығармаларын қазақ ұлтының тарихымен, мәдениетімен,
рухани қазынасымен, дүниетанымымен тығыз қарым-
қатынаста, бірлікте жазған және ол ұлттық тіліміздің табиғатын
шынайы танып білуге жол ашады.
Филология ғылымының докторы, профессор
Рысалды Құсайын Тынысбайұлының 80- жылдық
мерейтойына арналған «Қазіргі лингвистикалық
парадигмалар» республикалық дөңгелек үстел материалдар
жинағы. 2021 жыл, 32-40 б.б.
Әдебиет
1. Абай Құнанбайұлы.Толық шығармалар жинағы. –Алматы:
1977. - І том.- 454 б.
2. Абай Құнанбайұлы.Толық шығармалар жинағы. –Алматы:
1977. – ІІ том- 321 б.
3. Әбікенова Г.Т Когнитивті лингвистика// Көркем шығарма тіліне
когнитивтік талдау жасау негіздері. Оқу құралы. - Семей: М.О.Әуезов
атындағы Семей университеті. 2008. – 118 б.
4. Мырзахметов М. Абайтану – ХХІ ғасыр көгінде // «Жұлдыз»
жұрналы. – Алматы., 1970. - №37.- 12-20 б.
5. Сыздықова Р. Абай тағылымы. - Алматы: 1968 - 324 б.
6. М.Оңғарова, Абай туралы мақал-мәтел туралы [Электронный
ресурс]. URL: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/31710/ (дата
обращения: 24.11.2020).
7. Абай философиясындағы адам мәселесі [Электронный ресурс].
URL: https://melimde.com/i-kirispe-ii-negizgi-bolim.html (дата обращения:
24.11.2020).
8. А. Оралқызы, Абай поэзиясының тілі – қазақ әдеби тілінің
дамуындағы жаңа белес [Электронный ресурс]. URL: https://massaget.kz/
layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/41807/ (дата обращения: 24.11.2020).
Лингвистиканың өзекті мәселелері
68
Достарыңызбен бөлісу: |