СОНДAЙ
Бұл кітапты жазамын деген ой пайда болғаннан бастап мен осыған
дайындалдым, алдын ала тапсырыс бердім, мазмұнымен жұмыс
жасадым. «И ботаники делают бизнес» деп аталатын кітаптың авторы
Максим Котинмен
5
ақылдастым. Бір сөзбен айтқанда, үлкен жұмыс
жасалды.
Бұнымен қатар біз «Versus» академиясы аясында тренингтер өткіздік.
Сол кезде түсінгенім, бизнесті де,
жұмысты да, карьераны да жасайтын –
адамның өзі.
Бизнес туралы кітаптар бір техникаларды береді, ал адамды толық
дамытпайды, себебі, олар алдарына бір ғана мақсат қояды, не бизнесті, не
адамды дамыту. Өйткені ол не адамның жеке басын дамытуға, не бизнеске
немесе карьераға арналған болып келеді. Яғни бөлінеді.
Ал негізінде,
бизнес пен карьераны жасайтын өзіміз.
Сапаң қандай болса, тура сондай өнім шығады. Мысалы, сенің
талғамың қандай болса, жасаған жұмысың да сондай, тыңдайтын музыкаң,
жасайтын презентацияң сондай болады,
жұмысқа ұқыптылығың, дизайның,
барлығы да соған сəйкес жүреді.
Өз басым, заң аясында немесе есеп-қисаппен жұмыс жасайтын
адамдармен кездескенде, міндетті түрде ол адамның автокөлігіне, киген
киіміне ерекше назар аударамын. Себебі, киген киіміне ұқыпты болмаған
адам, менің құжаттарыма да ұқыпты болмайды.
Ол автокөлігіне лас
күйінде отыра берсе, ертең жұмысқа ұқыптылықпен қарамайды ғой.
Сондықтан бизнесің немесе жасап жатқан жұмысыңның сенің дəрежеңнен
ешқашан асып кетпейтінін есте сақта. Бұл жердегі «сен» – ол сенің білімің,
эрудицияң, көзқарасың, шешім қабылдау жылдамдығың, принциптерің.
Жалпы айтамыз ғой, кез келген бизнестің өлшенетін төрт параметрі
бар деп. Олар: бағасы,
сервис деңгейі, сапа жəне жылдамдық. Бұл төрт
көрсеткіштің артында, негізінен, үлкен жұмыс жатыр. Мысалға, арзан
бағаны ұсыну үшін, өзің эффективті болуың керек. Егер өмірде эффективті
болмасаң, кəсіпте де эффективті бола алмайсың.
Сондықтан бұл кітапты
кəсіпкерге емес, карьера жасап жүрген менеджерге емес, адамдарға
арнадым. Өйткені, адам егер өзіне, орысша айтқанда «прокачка» жасаса,
оның көрсететін нəтижесі де сондай болады.
Біз «Versus» аясында «Rumi Group»-тың кругозорды дамыту туралы
курсын жүргіздік. Бұл курс барысында біз музыка да тыңдадық, мысалы,
джаз, блюз, біз
көрмеген фильмдерді қарадық, бұрын араласпаған
адамдармен таныстық, бұрын оқымаған кітаптар оқып, біз білмейтін
өмірбаяндармен таныстық. Бұның барлығы адамды дамытады. «Rumi
Group»-тың арт-директоры Абай мырзаға курстың қатты əсер еткенін
көзінен көрдім. Ол өзінің жұмысына бір жаңа бояулар енгізіп, ерекшеленді.
Ал бұл бояулар қайдан келді? Əрине, өмірден.
Ой-өрісіңді дамыту арқылы,
бұрын білмеген-көрмегенді тану арқылы келеді.
Ең қарапайым мысал – презентация. Ол адамның атқарған
жұмысының
нəтижесі.
Сондықтан
презентациядағы
қарапайым
нəрселерден, шрифттің түрінен, түсі мен таңдаған суреттерінен адамның
өмірге деген көзқарасын көруге болады.
Бұндағы негізгі ой – карьераңды немесе бизнесіңді жасайсың ба, ол өз
таңдауың, бірақ əрқайсысын дамыту үшін, ең бірінші өзіңді дамытуың
керек. Себебі, Құранда да: «Егер сен өзіңді өзгертпесең, Алла сені
өзгертпейді» деп айтылады (Рағыд сүресі, 11-аят).
Достарыңызбен бөлісу: