Зерттеу әдістері: - зерттеудің теориялық, әдіснамалықнегізін айқындау мақсатында
психологиялық-педагогикалық әдістемелік әдебиеттерді талдау;
- оқушылардың оқу іс-әрекетін тест арқылы ұйымдастыру туралы
білімдерді меңгеру нәтижелерін талдау;
- оқушылар және мұғалімдермен жүргізілген сауалнама мен әңгіме,
бақылау тест тапсырмаларын жүргізу, нәтижелерін талдау;
- экперимент ұйымдастыру, жүргізу және нәтижелерін өңдеу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін білім, жеке
тұлға
және
оның
іс-әрекетін
ұйымдастырудың
тиімді
әдістері,
психологиялық-педагогикалық
теориялар
мен
тұжырымдамалар,
математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі, оқу процесінде
ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі зерттеулер және білім
сапасын арттыру үшін оқушылардың оқу іс-әрекетін тест арқылы
ұйымдастырудың педагогикалық, психологиялық, әдістемелік негізі құрайды.