Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 1. Оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың психологиялық-
педагогикалық тұрғыдан тұжырымдалуы зерттеудің теориялық негізі болады;
2.
Математиканы
оқытуда
тестік
тапсырмаларды
құрудың
ерекшеліктерінің анықталуы, оқушылардың оқу іс-әрекетін тест арқылы
ұйымдастыруды жетілдіру ғылыми-әдістемелік негіз бола алады;
3. Математиканы оқытуда оқу іс-әрекетін тест арқылы ұйымдастыру
әдістемесінің жасалуы білім сапасын көтеруге оң әсерін тигізеді.
Зерттеу базасы: зерттеу жүргізу мен зерттеу нәтижелерін сынақтан
өткізу және тәжірибеге енгізу жұмыстары орта білім беру мекемелерінде
жүргізілді: Ақсу ауданы:«Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Қаратал ауданы: «А.С.Пушкин атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі
шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Ескелді ауданы: «Титов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Талдықорған қаласы:«№ 4 орта
мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «№16 орта мектеп-
гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.