Хаймулданов ерлан сеилханович


  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ОҚУ  ІС-ӘРЕКЕТІН  ТЕСТ  АРҚЫЛЫ



Pdf көрінісі
бет21/70
Дата17.05.2022
өлшемі3,24 Mb.
#34749
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70
Байланысты:
Хаймулданов-Е-С-диссертациясы

1  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ОҚУ  ІС-ӘРЕКЕТІН  ТЕСТ  АРҚЫЛЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1 
Оқу іс-әрекеті және оның негізгі компонеттері 
«Оқу  іс-әрекеті»  ұғымын  қолданысқа  енгізу білім  сапасына  сипаттама 
беруге  байланысты  тұтас  оқу  әрекетін  қарастыру  қажеттігінен  туындаған. 
Оқу  материалын  игерумен  орындалатын  іс-әрекет,  оқу  міндетін  атқаруда 
өзін-өзі бақылау жолдарын қамтиды. 
Классикалық 
психология 
мен 
педагогикада 
оқу 
іс-әрекеті 
оқушылардың жетекші іс-әрекеті, әрі олардың әлеуметтік белсенділіктерінің 
айрықша формасы ретінде қарастырылады. 
Тұлғаны  тәрбиелеу,  білімді  игерту  қазақтың  ұлы  ойшылдары  мен 
ағартушыларды Ы.Алтынсарин [50], А.Құнанбаев [51], Ш.Құдайбердиев [52], 
А.Байтұрсынов  [53],  М.Дулатов  [54],    М.Жұмабаев  [55]  еңбектерінде  де 
кеңінен қарастырылған. 
А.Ш.Танирбергенова  [56]  «Бастауыш  сынып  математикасын  оқыту 
барысында  оқушылардың  рефлексивтік  қатынастарын  қалыптастырудың 
әдістемесі»  атты  кандидаттық  диссертациясында  «Ш.Уәлиханов  жеке 
тұлғаның  бойында  өзін-өзі  тану,  білімділік,  ағартушылық  қасиеттттерді 
дамыту  қажет  деп  атай  отырып,    ақыл-ой  мен  өзіндік  санасын  маңызды 
орынға қойған», - деп көрсеткен. 
Ұлы  ағартушы-ұстазымыз  Ы.Алтынсарин  «...  жеке  тұлғаның  бойында 
еңбексүйгіштікті,  шынайылықты,  қарапайымдылықты,  қайырымдылықты, 
саналылықты  тәрбиелеу  және  өз  білігін  бағалауды  ерте  балалық  кезден 
бастау қажет», - деп санаған. Оның пікірінше: «үлгілі жолға қойылған, жаңа 
типті  мектеп  –  оқушыларды  қызықтырып,  оларды  мәдениетке,  өз  ортасын 
тануға,  өз  іс-әрекетін  бақылау  арқылы  ой  еңбегіне  үйретуі  тиіс»  делінген 
[50]. 
Ұлы  ақын,  жазушымыз  Абай  Құнанбаев  адам  баласының  барлығына 
«Адам  бол!»  дей  отырып,  адамның  бойындағы  маңызды  қабілеттілік  - 
қоршаған  ортамен  өзін-өзі  өзгертуге  деген  икемділігі  деп  атап  өткен. 
Адамдық  бастаудың  негізі  –  руханилық.  Адам  тілдер  мен  мінез-құлық 
нормаларын 
меңгергенде 
ғана, 
құлықтық-руханилық 
қағидаларын, 
қайырымдылық,  шынайылық,  әділеттік,  өзін-өзі  тану,  өзінің  мүмкіндігін 
бағалауды қалыптастыруға болатындығын айтқан [51]. 
Қазақтың  ғұлама  ақыны  Ш.Құдайбердиев  өзінің  шығармаларында 
«Адамның мәнділігі – табиғаты мен білімінде, оның ішінде өзін-өзі тану мен 
өз  мүмкіндігін білуінде»,  - деп атап көрсеткен.  Ақыл-парасатты дамытудың 
басты  жолы  деп,  оқытуда  оқушылардың  ойлау  белсенділіктерін  таныған. 
Берілген  білімге  және  олардың  тәлімдік,  тәрбиелік  жолының  ерекше 
маңыздылығын атап өткен. 
Білім  берудің  әдіс-тәсілдерін,  білім  алудың  өнегелі  жолдарын  уақыт 
тұрғысынан  дұрыс  көрсеткен.  Яғни,  берілетін  білім  де,  тәрбиелік  тәлім  де 


15 
 
 
 
оқушының шамасына үйлеспесе және нәтиже шықпайтынын дөп баса айтқан. 
Ол  «Оқыту  мен  үйрету  зорлау,  күштеу  емес,  оқушының  дербес  ерекшелігі 
мен бейімділігіне қарай жүргізілсе, дұрыс болады», - деп көрсетті [52]. 
Қазақ елінің ғылымның дамуына үлес қосқан ақыны, аудармашы, қоғам 
қайраткері    А.Байтұрсынов  «Бала  білімді  тәжірибе  арқылы  өздігінен  алуы 
керек. Мұғалім балаға жұмысты әліне қарай шағымдап беру мен белгіленген 
мақсатқа қарай түзетіп отыру керек», - дей отырып, оқушының оқу іс-әрекеті 
барысын  өз  бетінше  тексеріп,  бақылай  және  бағалай  білу  білігінің 
маңыздылығын,  оның  қалыптасуына  дұрыс  бағыт-бағдар  беріп  отыру 
қажеттігін атап өткен [53]. 
Қазақ  елінің  қоғам  қайраткері,  ақын,  жазушысы  М.Дулатов  жастарды 
өмірге  дайындауда  жан-жақты,  тиянақты,  негізді  білім  беруге  үлкен  мән 
берді.  Ол  жастар  алған  білімдеріне  сүйене  отырып,  табиғат  құбылыстарын, 
қоғамдық  өмірі  және  өзі  жайлы  әрі  анық,  дұрыс,  нақты  ұғымдарды 
қалыптастырып,  келеңсіздікпен  күресіп,  өмірдегі  өз  орнын  және  өзінің 
практикалық іс-әрекетінің бағытын дұрыс анықтай алады деп тұжырымдаған 
[54]. 
Қазақ  әдебиетінің  жарқын  жұлдызы,  ақыны  М.Жұмабаев
 
баланы 
тәрбиелеуде  мінез-құлқының  әдісіне  талап  қоя  алуды,  тәрбие-білімдерін 
қадағалап  нәтижелерін,  бақылауды  анықтаған.  Балада  дұрыс  мінез-құлық, 
берік  һәм  тәрбиеші  пайда  болу  үшін  мынандай  нақты  екі  шарт  орындау 
қажеттігін атаған: баланың өз қолынан жасайтын істе балаға толық ерік беру 
және оны құбылмайтын тәртіпке тастай бағындыру [55]. 
Қазақ  елінің  ағартушы,  ойшылдарының  көзқарастарын  қорыта  келе, 
олар  қоғамда  шығармашыл,  жан-жақты,  өз  әрекетін  дұрыс  бағалауға 
қабілетті,  өз  мүмкіншілігін  іске  асыра  алатын  білімді  тұлға  тәрбиелеу 
қажеттігілігіне аса  мән бергенін байқауға болады. 
С.Л.Рубинштейн  [57]  оқу  іс-әрекеті  психологиясы  мәселелері  жеке 
тұлғаның  іс-әрекет  тәсілдерін  меңгерту,  бекіту,  процесін  қамтиды  деп 
тұжырымдайды.  «Оқу  іс-әрекеті  –  білім  берудің  нәтижесі  мен  мақсатын 
үйренудің, іскерліктің, білімділіктің  дағдыларын игеру болатын іс-әрекет»,- 
деп  атаған.  Білім  алуды  іс-әрекет  ретінде  талдап,  теориялық  маңыздылығы         
1 суретте белгілеген екі бағыты көрсетілген. 
 
 
      
      
 
 
1 сурет. Оқуды іс-әрекет ретінде талдаудың екі бағыты 
 
Оқу  іс-әрекетін  өте  күрделі  құбылыс  деп  атаймыз.  Онда  оқу 
міндеттерін шешу әртүрлі мотивациялық, танымдық және мақсатты сезімдік 


16 
 
 
 
көріністермен  сипатталады.  Оқу  іс-әрекетінің  пәні  ретінде  біз  оқушының  
әлеуметтік  тәжірибені  игеру  бағытындағы  жеке  тәжірибесін  түсінеміз. 
Осыдан, оқу іс-әрекеті – оқушылардың тұлғалық қалыптасуына ықпал етеді 
деп  тұжырым  жасауға  болады.  Осы  тұжырым  оқу  іс-әрекетінің  мәнін 
нақтылайды [58].  
Адам  өзінің  өмір  сүру  кезеңдерінде  көптеген  іс-әрекеттерді  жүзеге 
асырады, яғни кітап оқиды, ғылыми мәселелерді шешеді (танымдық әрекет), 
спортпен,  қолөнерімен,  киім  тігумен  шұғылданады  (әуесқойлық  әрекет), 
ақыл-ой  және  дене  еңбегімен  айналысады  (еңбек  әрекеті),  өндірістерде 
міндеттерді атқарады (кәсіби әрекет) және т.б. (2 сурет). 
 
2 сурет. Адам іс-әрекетінің түрлері 
 
Математиканы оқыту кезінде оқушылардың бойында оқу іс-әрекетінің 
компонентін  қалыптастыруды,  анықтау  мен  зерттеуді  терең  және  негізді 
түрде  математик  -  әдіскерлер  Я.И.Груденов,  Е.П.Ильин,  И.В.Дробышева,  
В.А.Гусев, 
Ю.М.Колягин, 
В.И.Крупич, 
Г.Л.Луканкин, 
В.И.Мишин, 
А.Г.Мордкович, 
Д.Пойа, 
Г.И.Саранцев, 
И.М.Смирнов, 
А.А.Столяр, 
Н.А.Терешин, Р.С.Черкасов, С.И.Шварцбурд және  басқалар қарастырды. 
Жоғарыда 
көрсетілген 
еңбектерде 
оқу 
іс-әрекетінің 
негізін 
мотивациялық,  мазмұндық  және  амал-әрекеттік  компонеттер  құрайтындығы 
баяндалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет