Зерттеудің негізгі кезеңдері: Бірінші кезеңде – (2017-2018 ж.ж.) қойылған проблемаға байланысты
психологиялық-педагогикалық, математикалық әдебиеттерге талдау жасалып,
жинақталған материалдар бір жүйеге келтірілді; зерттеудің ғылыми аппараты
анықталды; математикадан оқушылардың білімі мен біліктіліктерін тест
арқылы анықтаушы эксперименті жүргізілді.
Екінші кезеңінде –(2018-2019 ж.ж.) қоғамның алға қойған талаптарын
ескере отырып, математиканы оқытуда тестерді құрудың ерекшеліктері және
оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістемелік мәселелеріне негізделіп тестік
тапсырмалар дайындалып, іздеу эксперименті жүргізілді; эксперимент
негізінде математиканы оқытуда тест арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін
ұйымдастыру әдістемесі жасалып, оған түзетулер енгізілді; «Математика
тестер» жинағы оқу-әдістемелік құралына материалдар жинақталды.