Мотивациялық компонент – жаңаны зерттеу, жаңа тәсілдерді игеру,
жаңа білім алу жолдарын іздеу. Оқу танымдық мотивтің пайда болуы
мотивациялық саланы ғана қоймайды, сонымен қатар өзіне және басқаларға
«оқу міндетін шешуде мен шешім қабылдай аламын» деп дәлелдеуге күш
береді, жаңа білімді іздеуде табандылықты танытады.
Мотивация өрісінің мазмұндығы адамның ақылы мен ойына,
зияткерлеріне негізделіп айқындалды. Енді, әрекет мотивтері сапалы түрде
белгілі болса, мұнда осы әрекеттің барысы мақсатына ауыстырылып,
оқушылар өздерінің істеріне субъективтікке ие болады. Оқушылар осы үшін
17
әлі нақты танылмаған жанама мотивтер белгілі бір қызметте роль
атқарғанымен байланысты, олардың арасында көп қиындықтар туындайды.
В.В.Давыдов оқу іс-әрекетінің жетекші мотивтері – бұл оқу-танымдық
(оқушының іс-әрекетінің белсенділіктерін қамтамасыз етуге баулу), осымен
білімқұмарлыққа, танымды қызығушылықтарға, өзінше жұмыс жасауға деген
ұмтылыс болып табылатындығын көрсетті [59].
Көптеген педагог ғалымдар өздерінің ғылыми-еңбектерінде оқу іс-
әрекетінің ерекшеліктері мен құрылымын зерттей келе, іс-әрекет
компоненттерінің ішіндегі мотивтердің шешуші роль атқаратынын
нақтылайды.
Осыған орай, шығармашылық бағытындағы жұмыстар негізінде оқу іс-
әрекеті оқушылардың бойындағы жақсы мотивтерді тәрбиелеумен тығыз
бірлікте болатынын қарастырған.
Атақты психолог-ғалымдар ғылыми-еңбектерінде мақсатқа қарағанда
мотивтер субъектінің өзіне нақты таныла бермейтінін айтқан.
Мысалы, адам өз жұмысында қандайда-да бір мақсатқа ұмтылатынын
нақты білсе де, оның себептері туралы нақты айта алмайды. Яғни мотив
мақсатқа жету жолын көрсетеді. Оқу-танымдық мотив - бұл оқу іс-әрекетінің
мотивация компоненттерінің негізгі бір бөлігі. Оқу-танымдық мотив төменгі
сынып оқушыларын оқытудан бастап қалыптаса бастайды. Мотив
дидактикада объектіге бағытталған әрекетке себеп жасайтын ұмтылыс,
түрткі, ниет, қызығушылық және тағыда басқалары болып табылады. Ал
мотивация бұлардың бірігіп іс-әрекетке бағыт беруі.
«Мотивация бұл – оқу іс-әрекетінің танымдық, эмоциялық қырларымен
қатар жүреді және олардың қалыпты дамуына ықпал етіп, оқушылардың
ұғым түсініктерін кеңейтуге негіз бола отырып, бірте-бірте оның ішкі
қасиетіне ауысады. Себебі қандай іс-әрекет түрі болсын оның нәтижелі
болуы, оқушының жеке қасиеттерін дамытудың маңызды факторларына
айналуы оған себеп болатын түрткіге тәуелді»,-деген болатын Ю.Семыкина
[60].
А.В.Усова «Адамның бойында бір нәрсені білуге, оны пайдалануға,
тануға деген ұйытқы пайда болса, онда сол затқа деген қызығушылығы мен
қатынасы арта түседі. Олай болса, кез-келген мотив – адамдардың белгілі бір
затқа бағытталған қатынасы болады. Оқушы іс-әрекетінің құбылыстарының
негізінде пайда болған мотивтер осы іс-әрекетті реттеуші факторлар ретінде
көрінеді. Бұны іс-әрекеттің субъективтілігінің басты белгісі деп айтуымызға
болады»,- деп атап көрсеткен [61].
Осыған орай, қандай да пәнді оқыту әдістемесінде оқу және әлеуметтік
мотивтерді ескеріп отыру қажет болады. Сонымен, баланың білімге
ұмтылысы оның жеке өзінің ерекшеліктерін білгізіп қана қоймайды, білім
нәтижесінің бала үшін қаншалықты мәнді екенінің көрсеткішітері болып
айтылады. Осындай қатынас баланың білімге деген құштарлық көзқарасын
да, білімнің өмірлік мәнін де анықтаған болып келеді. Осы айтылған
18
көрсеткіштердің субъектінің ішкі дамуы жақсы болуына айналуын
оқушының пәнге деген қызығушылықтарымен жақын байланыста қаралған
да ғана барлық нәтижесін көруге болады. Өткені, оқу іс-әрекетіндегі баланың
жеке бас ерекшеліктерін есепке алу – қандай жағдайда бала өзінің
жауапкершілігін түсіне алатын, өзі-өзін тануға ынталы «іс-әрекет субъектісі»
бойынша қарасақ қана толық жүзеге асырылады. Бұнымен, оқушылардың
айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы, танымдық әрекеттеріне
мәжбүрлейтін ішкі психикалық күштері мотив проблемасының екі қырын
белгілейді. Бұл айырмашылықтарға қарай оқу мотивтерін көлеміне қарай
үлкен екі топқа бөліп, оның біріншісі – балалар белсенділіктерін меңгеретін
объектіге бағдарлайтын танымдық мотивтер, ал екіншісі – балалар
белсенділіктерін
басқа
балалармен
қарым-қатынастары
негізінде
қалыптастыратын әлеуметтік мотивтер пайда болады.
Л.С.Выготский «Қандай да әлеуметтік мотивтер болсын, оқу мотивтері
болсын олар баланың тұлғасының өсуімен, дамуымен байланысты болуы
керек. Егер оқыту мазмұнына сәйкес мотивтер ұйымдастырылса, балалар
үшін оның іс-әрекеттік мәні жоғары дәрежелі кезеңдерге айналады.
Балалардың позициясы мұндайда тек мектепке келіп мұғалімнің
тапсырмасын бір айтқаннан тиянақты орындаумен шектелетін адам іс-
әрекетінен, өзінің іс-әрекетінің түпкі міндетін, мақсатын түсінетін адам іс-
әрекетіне айналады»,-деген [62].
«Оқушы осы оқу-танымдық мотивтер арқылы білім алумен қатар, осы
оқу пәні негіздерінде берілетін қызмет тәсілдерін де ұйымдастыра алады», -
деп қорытынды шығаруға болады. Өйткені, оқытудың басты мақсаты
оқушыларға белгілі бір білім жайлы ақпарат беру емес, ең бастысы оның
бойындағы дарындық қасиетін дамыту, оқу тапсырмасын жіберу ғана емес,
оны бақылаудағысы маңызды, ойлауға үйрету, белгілі бір білім ақпарат
жиынтығын меңгертуден қарағанда, осы білімді үйрену әдісін меңгертуге
қажетті дарындығын дамыту болып табылады.
Е.П.Ильин [63] өз еңбегінде мазмұндық компоненттер оқушының оқу
іс-әрекетінің танымдық мотивтерін қанағаттандыруға, мақсаттарына
негізделген амал-тәсілден тұратындығын атай отырып, оқу іс-әрекетінің
орындалуына ықпал ететін құралдарды 3 түрде талдаған. Ол: «1. Оқу іс-
әрекетінің
білімділік,
танымдық,
белсенділік,
ғылыми-зерттеушілік
қызметтері негізінде қалыптасқан зияткерлік әрекеттерді жіктеу, жинақтау,
талдау, жалпылау, нақтылау және т.б.; 2. Вербалдық құралдар формасында
тілдік білім игеріліп, рефлексияланып, жеке тәжірибеде орындалады. 3.
Негізгі білімдер, оларға инновациялық білімдермен толығу арқылы
оқушылардың жеке тәжірибесінің тезаурусына айналған», - деп атап
көрсеткен.
Сонымен, оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері мәселелік, шығармашылық,
зерттеушілік-танымдық, қайта жаңғыртушы іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін.
19
Яғни, оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері – бұны қалай меңгеру
қажет, қандай әдіс-тәсілдермен оқу қажет деген сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |