Хаймулданов ерлан сеилханович


Амал-әрекеттік  компонент



Pdf көрінісі
бет23/70
Дата17.05.2022
өлшемі3,24 Mb.
#34749
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70
Байланысты:
Хаймулданов-Е-С-диссертациясы

Амал-әрекеттік  компонент  оқу  міндетін  шешуге  негіз  болатын  оқу 
қызметінен тұрады. 
Алайда,  амал-әрекет  –  бұл  өз  мақсаттары  көрсетілген  белгілі  бір 
шарттарға  жауап  беретін  әрекеттер  тәсілі.  Оқытудағы  саналы  мақсатқа 
бағытталған  әрекет көп  рет  қайталана отырып, біртіндеп оқушының  саналы 
бақылау  объектісі  болудан  гөрі,  күрделі  әрекеттердің  орындау  тәсіліне 
айналады. 
Психология ғылымында  оқу іс-әрекетін келесі жүйеде қарастырады: 
- қойылған оқу міндетінен проблеманы бөліп алуға болады; 
- оқу міндетін шешудегі жалпы тәсілдерді анықтау; 
- оқу материалына жалпы қатысты мәселені және оны шешудің жалпы 
тәсілдерін жобалау; 
- оқу іс-әрекетінің барысын және нәтижесін бақылау; 
- оқушының оқу міндетін шешу барысын және нәтижесін бағалау [64]. 
И.В.Дробышева [65] «Оқу іс-әрекетінің басқа іс-әрекет түрлерінен аса 
бір  ерекшелігі  оқушы  мұғалімнің  басшылығымен  ғылыми  ұғымдарды 
меңгеретіндігін  атап  өткен.  Бұл  іс-әрекеті  арқылы  оқушының  ұғымдарды 
меңгеруі,  оның  ойы,  түсінігі  қалыптасып,  санасы  дамиды,  бірақ  ғылымға 
түбегейлі  өзгерістер енгізбейді деп атаған. Оқушылар терминдермен жұмыс 
істеудің  әдіс-тәсілдерін  меңгереді.  Оқушылардың  оқу  іс-әрекеті  –  меңгеру, 
даму  іс-әрекеті,  ал  олардың  нәтижелері  осы  іс-әрекетті  қалыптастыруда 
әрекет  субъектісіндегі  өзгерістер  арқылы  көріністерін  табатындығын  атап 
және осы оқушылардың оқу іс-әрекетінің басты белгісі болады», - деген.  
С.Е.Қаңтарбай [66] педагог-психолог ғалымдардың зерттеулеріне жан-
жақты талдау жасап, оқу іс-әрекетінің төмендегі ерекшеліктерін көрсеткен: 
- оқу тапсырмалары оқу іс-әрекетінің мазмұны ретінде құрылады; 
-  оқу  іс-әрекеті  осыған  дейін  танылған  білімділікті,  біліктілікті 
меңгеруге бағытталған; 
- білім беру, үйрету - оқу іс-әрекетінің басты мақсаты болып табылады; 
-  оқу  іс-әрекетінде  нәтижеге  жету  барысы  ескеріліп,  нақты 
нәтижелермен қарастырылады; 
- дербестілік оқу іс-әрекетінде толық дәрежеде болмайды; 
- оқу іс-әрекетінде бақылаудың жалпы тұтас процестерімен қамтиды; 
- оқу іс-әрекеті – мөлшерлі, шамалы іс-әрекеттер. 
А.Ш.Танирбергенова  [56]  өзінің  ғылыми  еңбегінде  оқу  іс-әрекетінің 
мазмұнын    заңдылықтар  мен  ережелерді  түсіну,  практикалық  міндеттерді 
шешуге 
бағытталған 
ойлаудың 
жалпы 
амал-тәсілдерін 
меңгер 
құрайтындығын көрсеткен.  
Психологиялық-педагогикалық  сөздікте  [67]  оқу  міндеттерінің 
орындалуы оқу іс-әрекетінде төмендегідей жүзеге асатындығы көрсетілген: 
1. Оқу міндеттерін қабылдау немесе қойылымын анықтау. 


20 
 
 
 
2. Зерттелетін  материалға  қатысты  кейбір  ортақ  мәселелерді  анықтау 
үшін оқу тапсырмасының шарттарын қарастыру. 
3. Белгіленген  қатынастар  моделін  тақырып,  сурет  немесе  басқа 
белгілер түрінде құру. 
4. Ортақ тәсілмен орындауға болатын жеке тапсырмалар жүйесін құру. 
5. Алдыңғы әрекеттердің орындалуын бақылау. 
6. Оқу міндетін орындау нәтижесінде жалпы әдістерді игеруді бақылау. 
Осыған байланысты оқушылардың білім мен дағдыларды игеруі оқу іс-
әрекетінің  негізгі  мақсаты  мен  нәтижесі  болып  отырғандығын  көреміз.  Оқу 
іс-әрекетінің негізгі құрылымы: 
- оқыту тапсырмалары; 
- оқытудың тәсілдері; 
- бақылау; 
- бағалау. 
Сонымен, оқу іс-әрекетінің негізгі сипаттамасына мыналар кіреді: 
1)  білім  беру  іс-әрекеті  арнайы  оқу  материалын  меңшеруге  және  оқу 
мәселелерін шешуге бағытталған; 
2) оқыту іс-әрекетінде жалпы әдістер мен ғылыми ұғымдар игеріледі; 
3) оқытудың міндетін шешу нәтижеге бағытталады. 
Оқу іс-әрекетінің маңызды сипаттары: 
- оқу әрекеті-бұл адамның арнайы ұйымдастырылған әрекеті; 
- оқу қызметі белсенді оқу-танымдық іс-әрекет. 
А.Ш.Танирбергенова    оқу  әрекеті  құрылымының  негізгі  бөліктерінің 
бірі  -  оқу  міндеті  екендігін  атай  отырып,  оқу  міндетінің  орындалуы  оқу 
міндетін  қабылдау  арқылы  жүзеге  асырылады  деген.  Тапсырманы  дұрыс 
түсінген 
кезде 
оқушының 
іс-әрекетінде 
сапалы 
қызығушылық, 
шығармашылық  ізденіс  көрінеді.  Оқушы  өз  қызметін  өз  жұмысының  түпкі 
мақсатына жету жолдарын анықтауға бағыттайды. 
Оқу  іс-әрекеті  барысында  жеке  тұлға  қажетті  қасиеттерді  дербес 
қалыптастырмайды,  бұл  белгілі  бір  педагогикалық  жағдайлардың  болуын 
талап етеді, мысалы: 
-  оқу қызметінің мақсатты бағыты; 
-  оқу іс-әрекетінің құрылымын жеке және жалпы игеруге ынталандыру; 
-  дербестік үшін кеңістік ұсыну; 
-  пәнаралық және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру; 
-  ізгілендіру, 
демократияландыру, 
сараланған 
және 
дараланған 
оқытудың жетекші талаптарына үнемі назарда ұстау [56]. 
«Оқу»,  «оқу  іс-әрекеті»  ұғымдарының  дамуын  талдау  келесі 
қорытынды жасауға мүмкіндік берді: 
- «оқу іс-әрекеті» ұғымын енгізу оқу іс-әрекетін білім беру сапасының 
сипаттамасымен 
байланысты 
тұтас 
құрылым 
ретінде 
қарастыру 
қажеттілігімен  байланысты.  Оның  негізгі  компоненттері:  мотивациялық, 
мазмұнды және амал-әрекеттік; 


21 
 
 
 
-  оқушылардың  жетекші  қызметі  оқу  қызметі  болып  табылады  және 
олардың әлеуметтік белсенділігінің ерекше нысаны ретінде қарастырылады; 
-  мектептегі  оқу  жұмысының  нәтижесі  мұғалімнің  пәндерді,  әсіресе 
математиканы  оқыту  процесінде  оқушылардың  оқу  іс-әрекетін  дұрыс 
ұйымдастыруна қатысты.  
Оқушылардың  оқу  іс-әрекеті  жоспарланған  жоспар  бойынша  жүйелі 
түрде мұғалімнің басқаруымен жүзеге асады. Оқу іс-әрекеті – оқушылардың 
өмірге  деген  адамгершілік  көқарасын  біртіндеп  дамыта  отырап,  танымдық 
қабілеттерін мақсатты түрде қалыптастырады.  
Сол себепті, педагогикалық және психологиялық тұрғыдан, оқыту мен 
білім,  тәрбие  беру  үрдісінде  дара  тұлғаның  дамуы  оның  жеке  қасиеттеріне, 
оқу-тәрбие  заңдылықтарына,  тұлғаның  танымдық  даму  ерекшеліктеріне 
сәйкес оқушының оқу іс-әрекетінің бағытын қалыптастыруға және дамытуға 
тікелей байланысты болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет