- түсіндіру құралының сөз жүзінде бөлшектенуіне;
- себеп-салдар, функционалдық, құрылымдық жəне генетикалық
заңдылықтар арқылы пəн мəнінің барынша ашылуына;
239 - түсіндірілген қарым-қатынастың оны пішіндеу, оқшаулау жəне
абстракциялау жолымен жеңілдетілуі;
- бұрынғы білім мен əрекет мүмкіндіктерінің айырмашылығы
мен сəйкестігін, сонымен қатар оларға өту мүмкіндігін орнату-
мен;
- өзгертілетін жəне сақталатын параметрлердің бөлінуі, олардың
арасындағы байланыстың орнатылуы;
- түсіндірілген байланысты қадағалауды қастамасыз ету.
Жалпы орта білім беру жүйесінде қызметкерлердің ғылыми-
зерттеу жəне ғылыми-əдістемелік əрекеттерін ақпараттандыру ая-
сында ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану
мыналарға мүмкіндік береді:
- оқытушылардың ғылыми жұмысы тақырыбы бойынша
электрондық жарияланымдар мен электрондық мерзімді басы-
лымдар жүйесін дамыту;
- жалпы орта білім беру жүйесінің мекемесіне лайықты ғылыми
мектептердің интернет-серверін жасау;
- ғылыми жетістіктердің виртуалды көрмелерін жасау, білімнің
басқа салалары бойынша сенинарлар мен конференциялар
өткізу;
- жалпы білім беру жүйесінің жəне басқа ғылым мекемелерінің
ғылыми кітапханасының желілік каталогтарын жасау
мен жүргізу, кітапханалар қорына желілік қолжетімділік
ұйымдастыру;
- интернет ресурстары мен желісі аясында аудио жəне бейне
конференцияларды тарату құралдарын қолданумен ғылыми
жəне əдістемелік телекомуникациялық конференциялар
ұйымдастыру;
- ғылыми жəне əдістемелік зерттеулердің барлық қатысушыларын
өзара жəне басқа оқу мекемелері мен ұйымдардың серіктестерін
жедел ғылыми қарым-қатынас құралдарымен қамтамасыз ету.
- зерттеу жұмысын іске асыруға мүмкіндік беретін құрал-
саймандары бар ғылыми жəне əдістемелік зерттеу
жұмыстараның қатысушыларына қажетті телекомуникациялық
зертханалар жасау.
Қазіргі заманғы оқытушы оқушыларды ақпараттық-қатынастық
технологиялардың жаңа құралдарымен тек ақпаратты меңгеру, жа-
сау жəне талдау оқытушының ғылыми жəне əдістемелік əрекетінің
ажырамас бөлігі болғанда ғана үйрете алатынын түсіну маңызды.