- ақпараттық қамтамасыз ету;
- техникалық қамтамасыз ету;
- математикалық жəне бағдарламалық қамтамасыз ету;
- əдістемелік қамтамасыз ету;
- ұйымдық қамтамасыз ету.
Бұндай ішкі жүйелердің бар болуы оқу орындары (мектеп),
оқудың аумақтық бөлімдері жəне басқармалары деңгейіндегі
мамандардың өзара байланысқан автоматтандырылған жұмыс
орындарының жиынтығын құрастыруға мүмкіндік береді.
Оқу орындарының ұйымдастыру-басқару əрекетін ақпарат-
тандыру үдерісінде бірнеше негізгі құрылымдық құрауыштардын
тұратын «басқару мінезі» ақпараты маңызды рөл атқаруы тиіс.
Олардың құрамына кіретіндер:
- мектеп əрекетінің материалдық жəне əлеуметтік параметрлерін
көрсететін хабарлар;
- оқу, əлеуметтік, мəдени жəне басқа мектеп əрекетін
қадағалайтын нормалар, нормативтер, қызықтырушылықтар
жайлы мəліметтер;
- оқу орыны əрекетінің барлық аясын анықтайтын ақпараттық
материалдар мен іс-қағаздар, оның ішінде заң шығарушы, басқа
да заңдық нормативтік актлер жəне шартты міндеттемелер,
жоғарғы органдардың жобасы, бақылау актілерінің мəліметтері
жəне т.б.;
- сапалық жəне сандық құрылым, кадрлық потенциалды сипа-
тайтын педагогикалық ұжымның дайындық жəне біліктілігінің
өсу деңгейі туралы мəліметтер;