240 7.5 Оқу орнының жұмысын жоспарлау мен үйлестіру 7.5.1 Ұйымдастыру-басқару іс-əрекетіндегі ақпараттандыру құралдары Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының да-
муы мен білімнің əр саласына кең ауқымда енгізілуі жалпы орта
білім беру жүйесінде оқу орындарын басқаруды автоматтан-
дырудың компьютерлік кешендерін кең ауқымда енгізілуге негіз жа-
сайды.
Қазіргі уақытта жалпы орта білім беру жүйесінде оқу орындарын
басқаруды автоматтандыру үдерісін іске асыруға арналған бірнеше
бағдарламалық жүйелер мəлім. Мұндай жүйелердің көптеген бөлігі
оқу орындарын басқарумен байланысты, көлденең (бір мекемеден
басқаға) жəне тік (қала жəне аудан деңгейіндегі оқу басқарма орган-
дарына арналған ақпарат) мəліметтермен айырбас жасауға мүмкіндік
бермейтін өзіндік берілгендер құрылымына ие қызметтің шектелген
бөлігін қолдайды.
Сонымен қатар жалпы орта білім беру жүйесінің оқу орында-
рының қызметін ұйымдастыру мен жобалау кезінде ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын қолдану көптеген артық-
шылықтарға жетуге мүмкіндік береді, оның қатарында:
- орындалған əрекет нəижелерінің жедел есебімен басқару
мүмкіндігі;