262
өзі жасаушы сипатында таңдалатын қатынастардың бірі.
Егер негізгі
қатынас болып «ата-баба-мирасқор» таңдалса, онда тезаурус жалпы
түсінік орналасқан жоғарғы деңгейдегі жіктеуді ұсынады. Бұндай
ұғым жүйесі мен байланыс жүйесінің
мысалы ретінде жануарлар
мен өсімдіктердің биологиялық жіктелуі немесе жалпы білім беру
ортасында жиі қолданылатын химиялық элементтердің деңгейлік
жіктелуін қарастыруға болады.
Егер өзіндік жасаушы сипатында «көкейкесті-негізгі» қатынасы
таңдалған жағдайда тезаурус күрделі объект немесе үдерістің
деңгейлік
сипатын көрсетеді, ал оның жоғарғы деңгейлері өте күрделі
объектілерге (құрылымдық немесе идеялық) сəйкес келеді. Мысал
ретінде техникалық құрылғылардың (корабль, авто қозғалтқыш,
компьютер) деңгейлес сипаттамасын немесе мектеп курсындағы ма-
тематика есептерін шешудегі иерархиялық мақсаттарды (əрекеттер,
біліктер) алсақ болады.
Білім беру облысының тезаурусын құрастыруда жəне оның
мультимедиа-ресурстарды жасауда
қолданылуда өзіндік жасау
қатынасын таңдау жалпы білім беру жүйесіндегі оқу үдерісінде
оның кезекті қолданылу мақсаты, формасы мен контекстімен
анықталады.
Тезаурустың анықтылығы үшін берілген кесте шын мəнінде t
i
төбесі бар граф, ал v
i
-дің а элементтері оның қабырғалары на сəйкес
келеді. Граф дегеніміз көптеген төбелер-терминдер
мен көптеген
байланыстар-төбелер арасындағы байланыстар. Бірақ тəжірибе
көрсеткендей айнымалылары бар графтар (графта қабырғалары
бойынша төбесінен өзіне дейінгі жолдар) тезаурустың электрондық
нобайларын жасауға, олардың құрастырылуына,
тіпті мультимедиа
құралдардың жасалуына арналған мінсіз құрылым емес. Берілген
мəселенің шешілуі алдыңғы граф-тезаурустағы айнымалылардың
жойылуы есебінде арнайы ішкі графтардың қолданылуы арқылы
іске асады.
Граф түсінігі тезаурус сипаттамасына көбірек сəйкес
келетіні
анық. Бұл анықтаманы нақтылау үшін информатика курсындағы
жалпы білім берудегі кейбір түсініктердің қарапайым графтық
ұсынылуы мысалын келтіруге тырысамыз. Бұндай түсініктер сипаты-
на «Ақпарат». «Визуалді ақпарат», «Дыбыс», «Мəтін», «Графикалық
бейне», «Компьютер», «Алгоритм», «Берілгендер», «Бағдарламалау
тілі» жатсын. Олардың байланысуының берілген əдістері
суретте
көрсетілген графты тудыруы əбден мүмкін.