Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет41/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   142
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

құрылымдық толықтығын ӛзгертпей, оған жаңа компонент 
қосылмайтындықтан қажетті және жеткілікті құрылымдық 
логикасын бұзбайды.
Жобалау – бұл, ең алдымен – ойлау қызметі, ӛйткені, 
оның барысында оймен болжам жасау, ойша құрастыру 
жүзеге асырылады. Жобалау «алға қойылған» деген ұғыммен 
түсіндірілетіндіктен, оны шешім қабылдау үшін алға 
қойылған ойлау қызметі деуге болады. Мысалы: адамның 
ӛзінің әрекеттерін басқаруда алға қойылған ойлау қызметі; 
бірлескен әрекеттерді орындауда ӛзге адамдарды тарту үшін 
олардың алдына қойылған ойлау қызметі, мәселенің 
шешілуіне ықпал ете алатын адамдардың алдына қойылған, 
ойлау қызметі ресурстық қамтамасыз ете алатын адамдардың 
алдына қойылған, ойлау қызметі жобалау нәтижелі болуына 
мүдделі адамдардың алдына қойылған ойлау қызметі, т.б.
Бұлардың барлығы да жобалаудың ойлау қызметімен 
байланысты екенін кӛрсететіндіктен, басқа адамдарға 
түсінікті құжат болуын талап етеді. Оның негізгі белгілері:
− мәселенің нақты және кешенді қойылуы; 
− күнделікті атқаратын қызметтен бӛлек шектелуі
− айқын мақсаты болуы; 
− ресурстардың нақты жоспарлануы; 
− уақыттың (жобаның басталуы мен аяқталуы) дәл 
кӛрсетілуі; 
− ішкі ұйымдастырылу түрінің белгіленуі; 
− кімге арналғанының белгіленуі; 


113 
− 
нәтижелердің 
тиімділігін 
нақты 
тексеру 
ӛлшемдерінің болуы. 
Педагогикалық 
жобалаудың 
заңдылықтарын 
қарастыруда оның жүйелілік, синергетикалық қасиеттерін, 
жүйенің ӛмір сүру және дамуы жағдайлары туралы 
түсініктерді ұғыну қажет. Сондықтан, жобалаудың ӛзіне тән 
заңдылықтары мен принциптерінің анықталуы және 
сақталуы тиіс. Мысалы, Ю. А. Конаржевский ұсынған 
басқарудағы демократиялық пен ізгіліктік заңдылықтарын 
орындау түрлі деңгейдегі жүйелерді басқарушылардың, 
педагогтар 
мен 
білім 
алушылардың, 
ата-аналардың
белсенділіктерін жобалауда пайдалануға ықпал етеді. Бұл 
шешім қабылдауда, қатысушыларды таңдауда, қажетті 
ақпараттарды алуда, педагогтардың ұйымдағы 
мәселелерден хабардар болуында аса маңызды.
Жобалау қызметіндегі ізгіліктік кӛзқарас – адамдардың 
бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру, олардың ӛзін - ӛзі 
басқаруға жағдай туғызуы болып табылады. Ізгіліктік 
құндылықтарына сүйене отырып, басқару әр адамның 
ӛзіндік құндылығын, адами кӛзқарастарын дамытуды 
кӛздейді. Сӛйтіп, барлық деңгейлерде субъектаралық қарым-
қатынастың орнығуына негіз болады. 
Жобалау ұстанымдарын шетелдік және ресейлік 
ғалымдар түрліше анықтайды, мысалы: Дж. К. Джонстың 
зерттеулерінде олар: дәстүрлілік пен жаңашылдықтың 
байланысы мен тепе-теңдігін сақтау; ұйымның «жақын даму 
аймағын» жобалау; күтілетін нәтижелердің жобалаушы 
адамдарға қатыстылығы; алынған нәтижелердің ұйымда 
институциялануы, бекітілуі; белгілі бір әлеуметтік топтар 
мәселесін шешу мақсатына бағдарлылығы болса, М. М. 
Поташник 
оларды 
жаңалықтық 
ұстанымы 
(мақсат 
міндеттеріндегі, мазмұнындағы, ұйымдастыру тәсіліндегі, 
басқарудағы, т.б.), мақсатқа бағыттылық ұстанымы (белгілі 
бір нәтижені нақты жүзеге асыруға бағытталғандығы), 
жүйелілік принципі, сабақтастық ұстанымы, ғылымилық 
ұстанымы, 
технологиялылық 
ұстанымы, 
нақтылық 
ұстанымы, ресурстық қамтылу ұстанымы, оңтайлылық 
ұстанымы, қатысушылық ұстанымы деп қарастырады. 


114 
Бұл пікірлер жобалау әрекетінде негізге алынатын
ұстанымдарды құрайды. Біздің зерттеуіміз бойынша
педагогикалық жобалауды жүзеге асыруда жүйелілік пен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет