Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет5/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

жобалауды жоба құру үрдісі, яғни, белгілі бір объектінің 
болашақтағы бейнесін алдын ала құрастыру үрдісі дей 
аламыз. 
Жобалау қызметінің алғашқы кезеңдерінде жобаны 
ғылыми негізделген, дәл есептелген күйінде жасалатын, 
үнемі технологияда пайдалана беруге болатын белгілі бір 
нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Одан кейінгі 
кездерде жобалаудың кең таралуына байланысты, оның 
ӛнімнің арзандауын қамтамасыз ететен экономикалық 
тиімділігі, халықтың кӛп бӛлігіне жеткілікті болатын 
әлеуметтік тиімділігі, ӛнім сапасы мен тұтынушылар 
мәдениетін кӛтеруді кӛздейтін мәдени тиімділігі күтілетін 
болды. 
Осылайша, тәжірибенің ӛзгермелілігі бүгінгі қоғамның 
атрибутына айналып, оны басқару мен ұйымдастырудың 
ӛзгермелі жағдайларына сай жобалау қызметі қалыптаса 
бастады. 


22 
Жобалау 
ұғымын 
зерделеу 
үшін 
әлеуметтік
жүйелердегі жобалау феноменіне терең назар аудару қажет. 
Феномен (гр.phainomenon) – таным мен тәжірибедегі ерекше 
құбылыс туралы философиялық ұғым. Әлеуметтік жүйелерде 
жобалау қызметінің кеңінен тарай басталғанына қарамастан, 
оның алатын орны ғылыми түрде бүгінгі күнге дейін 
жеткілікті дәрежеде негізделмеген деуге болады. Сонымен 
қатар, жобалау қызметіне қызығушылықтың ӛсуі оның 
баршаға түсініктілігінен немесе жеткілікті зерттелгендігінен 
емес, 
оның 
кӛпфункционалдық 
және 
кӛпқырлылық 
сипатынан дей аламыз.
Жобалау феноменіне қатысты дәстүрлі ғылыми 
кӛзқарас, қазіргі заманның қайта жаңғыртуларды батыл да 
жедел жүргізу талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқан 
тәжірибеге тікелей ықпал ете алмады, сондықтан жобалау 
әрекеті таза ғылымилық емес, тәжірибелік-бағдарлы ғылым 
контекстіне енгізілді. Осылайша, жобалау ғылымилықтың 
жаңа түрінің негізгі әдісі ретінде ұсынылды, оны кейбір 
авторлар тәжірибелік - бағдарлы ғылым деп атаса, 
әдіснамалық бағдарды ұстанушылар бағдарламалық -
жобалық ұғымын ендіру арқылы түсіндіреді.
Тәжірибелік–бағдарлы 
ғылым ұғымын білдіретін 
термин ретінде М.А.Данилов бағдарламалық–жобалық 
тұрғыны енгізіп, оның қарастыратын пәнін белгіленетін, 
сипатталатын, қайта жаңғыртылатын практикалық әрекеттер 
жүйесі деп, мақсатын-белгілі бір жүйені және оның 
мазмұнын дамыту деп кӛрсеткен болатын. Бұл жерде
әлеуметтік–мәдени құбылыстарды зерттеуде классикалық 
түрлермен қатар қолданылатын ғылымилықтың жаңа
тұрпаты қалыптасып келе жатқаны туралы айтуға болады. 
Дәстүрлі сипаттағы тарихилық, дамытушылық және 
тәжірибедегі жаңартушылық принциптерімен бірге жобалау 
принципі білім берудегі кешенді проблемаларды ғылыми 
тұрғыдан талдаудың басты әдіснамалық міндеттерінің бірі 
болып қалыптасып келеді. 
Тәжірибелік–бағдарлы педагогикалық ғылым ендігі 
жерде 
жекелеген 
психологиялық–педагогикалық 
феномендердің ӛзін зерттеумен қанағаттанбауы сӛзсіз, бұл 
зерттеулер енді кешенді түрде жүргізілуге тиіс. Осының ӛзі 


23 
жобалау қызметінде кӛптеген нақты зерттеулер мен білім 
беру саласындағы жобалауды, адамның ӛмір бойы алатын 
үздіксіз білімнің бағдарламалары мен технологияларын, 
бағалаудың эксперттік жүйесі мен оның тиімділігін бағалау 
құралдарын қамтитын бірнеше күрделі объектілердің 
синтезделуін талап етеді.
Ғылымилықтың дәстүрлі түрімен салыстырғандағы
жаңа түрінің айырмашылығы–жобалауды ұйымдастыру мен 
одан әрі қарай жүзеге асыру барысындағы ғалымдар мен 
практиктердің нақты білім беру алаңында жүргізетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет