Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет75/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   142
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

Сҧрақтар мен тапсырмалар 
1. Оқушылардың 
жобалау 
әрекеті 
негізінде 
қалыптасатын білім беру нәтижелері. 
2. Бастауыш 
мектеп 
оқушыларының 
жобалау 
әрекеттері. 
3. Жоғарғы 
сыныптарда 
жобалау 
әрекетін 
ұйымдастыру ерекшеліктері. 
4. Оқушылардың жобалау әрекетіндегі «субъект» 
және «объект» ұғымдары. 
5. Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны. 
6. Сыныптан тыс жобалар.
7. Жобалау және рефлексия. 
8. Оқыту үдерісіндегі жобалау  
9. Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы.


212 
 
3
. Оқу жобаларының қҧрылымы мен тҥрлері 
Жасӛспірімдердің 
негізгі 
әрекеттері 
жобалаушылық тұрғысынан жасалады. Мектеп жағдайында 
жобалау әрекеттерін ұйымдастыру сол мектептің дәстүрімен, 
тарихымен, 
қалыптасқан 
үдерістерімен 
ерекшеленеді. 
Жобалаудың басты белгісінің ӛзі қалыптасқан жағдайды 
нақты сол кезең бойынша талдау арқылы оның күтілетін 
ӛзгерістерін анықтайды, жобаланады, жүзеге асырылады. 
Оқушылардың жобалау әрекеттерін жобалау теориясы 
айтылатын тәжірибелік мәдениеттің ең дамыған түріне 
толықтай жатады деп айтуға болмайды. Жобалау, жоғарыда 
айтылғандай 
қалыптасқан 
жағдайды 
қайта 
құруға 
бағытталады. Ол белгілі бір жүйені сапалық тұрғыдан 
ӛзгертуді қамтамасыз ететін әрекеттерден тұрады. Ал 
оқушылар жобалары қалыптасқан жағдайды ӛзгерту немесе 
жүйенің сапасын жаңару міндеттерін кӛздемейді. Осы 
тұрғыдан алғанда оқушылардың жобалау әрекеттері мен 
оқудағы жобаларды жобалық-ойындық әрекеттер деп 
атауға да болар еді. Кейбір ғалымдардың «квазижобалар» 
деп атауды ұсынатындары да сондықтан. 
Мектеп тәжірибесінде 
жобалау екі түрлі 
жоспарланады: білім беру жобалары немесе педагогикалық 
жобалар, оның субъектісі педагог немесе педагогикалық 
ұжым болады, екіншісі, мектеп оқушылары жобасы, оның 
субъектісі - оқушылар. Аталған жобалардың бір-бірімен 
байланыстылығы сондай, кейде оларды ажырату да қиын. 
Жалпы 
жобалау 
теориясында 
берілетін 
кӛрсеткіштердің дәл орындалуы оқушылар жобасының ӛз 
ерекшеліктеріне байланысты нақты болмауы мүмкін екенін 
ескерсек, онда мектептегі жобалардың ерекшеліктерін 
анықтап алу қажет. 
Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы
1. Жағдайды талдау, түпкі идея мақсатты анықтау: 
- жағдайды талдау; (жобалау идеясын талдау, жаңа ӛнім 
алуға қажеттіліктің пайда болуы) 
- мәселені нақтылау; (жобалау мақсатын құрастыру) 
- мәселені 
шешудің болжамын жасау,проблемадан 
шығатын міндеттерді анықтау; 


213 
2. Жобаны орындау(жүзеге асыру): 
- жобаны орындаудың кезеңдерін жоспарлау; 
- міндеттерді орындау жолдарын талдау; мәселені 
шешу жолын таңдау,
- зерттеу 
жүргізу, зерттеу әдістерін таңдау 
(статистикалық, эксперименттік, бақылау т.б;) 
- жобаны орындау; 
3. Қорытынды ӛнімді даярлау: 
- қорытынды нәтижелерді рәсімдеу жолдарын талдау 
(презентация, жобаны қорғау, шығармашылық есеп т.б) 
- алынған нәтижелерді жинақтау, жүйелеу, талдау, 
қорыту; 
- қорытынды жасау, нәтижені рәсімдеу, топ алдында 
қорғау,
- презентациялау; 
- қорытынды түйіндеу, зерттеу жобаларының жаңа 
мәселелерін ұсыну. 
Берілген негізгі кезеңдерден басқа жобаның қосымша 
сипаттамаларыда 
бар, 
оны 
оқушылардың 
жобалау 
әрекеттерін ұйымдастыруда ескеру қажет. 
Оқушылар жобасының сипаттамалары
- оның нақты нәтиже алуға бағытталғаны; 
- күтілетін нәтижелердің алдын ала эскиз, сұлба ретінде 
белгіленуі, белгілі бір деңгейде нақтылануы және 
детальдары анықталады; 
- орындалу мезгілі нақтылануы; 
- нәтижені алуға бағытталған іс-әрекеттердің алдын ала 
жоспарлануы; 
- бағдарламаның жасалуы – жобаның жалпы ӛнімін 
алуды қамтамасыз ететін түрлі әрекеттердің белгілі бір 
мерзімде орындалатын нәтижелері анықталуы
жоспарлануы; 
- жобалау 
әрекеттерін орындау барысында оның 
кезеңдері бойынша мониторинг жасалып, түзетулер 
жүргізіліп отыруы; 
- жобалаудың қорытынды ӛнімін ала отырып, оны 
жоспарланған бастапқы жағдайға байланысты талдау, 
сәйкестендіру, одан арғы жұмыстарды жағдайға сай 
жоспарлау; 


214 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет