Скатол – скатол; микроб әсерінен триптофан ыдыраған
кезде тоқ ішекте түзілетін улы газ.
Сквозняк – желөті.
Скелет (грек. skeleton — қаңқа) – қаңқа; белгілі бір
заңдылықпен өзара байланысқан сүйектер мен
шеміршектердің жүйесі.
Скипидар – скипидар; қарағайдың және басқа шырша
ағаштар шырынынан алынатын, өзіндік иісі бар,
түсі сарғыштау мөлдір зат.
Скирр – скирр; зілді ісіктің қатты түрі.
Склера (лат. sclera) – склера, ақ қабық; орташа
қалыңдығы 0,4 – 0,6 мм, қалыптасқан тығыз
дәнекер ұлпасынан құралған көз алмасының сыртқы
талшықты (фиброзды) қабығының ақ түсті тығыз
бөлігі. Ол фиброзды қабықтың 4/5 бөлігін құрайды.
Склерит – склерит; көздің ақ қабығының қабынуы.
Склероз – склероз, қатаю. Мүше паренхимасының
дәнекер ұлпасына ауысуына байланысты білгілі бір
мүшенің нығыздалып қатаюы.
Склераденит – склераденит; созылмалы аурулар салда-
рынан лимфа бездерінің қатаюы.
Скобки хирургические – оталық (хирургиялық)
қапсырмалар; жараның шеткі жиектерін бір—біріне
тигізіп қосу үшін қолданылады.
Сколекс – сколекс; таспа құрттардың басы.
Сколиоз – сколиоз; омыртқа жотасының оң не сол
жаққа қисаюы.
Скополамин – скополамин; алқа тұқымдас өсімдіктерде
болатын алкалоид, тыныштандырғыш дәрі ретінде
қолданылады.
Скорая ветеринарная помощь – ветеринарлық жедел
жәрдем.
Скотобойня — қасапхана.
Скотолечебница – мал емханасы.
219
Скотомогильник – мал қорымы.
Скрытый период болезни – аурудың жасырын кезеңі.
Скуловая кость (os zygomatіcum; лат. os — сүйек,
zygomatіcum — бет) — бет сүйек; бассүйектің бет
бөлімі құрамына кіретін жалпақ сүйек.