259
Фонендоскоп – фонендоскоп; тыңдау арқылы ауруды
анықтайтын аспап.
Фоновые окраски – фондық бояу (Ван Гизон әдісі);
дәнекер ұлпасы
аясында эпителий және ет
талшықтарын бояу әдісі.
Фонокардиография – фонокардиография; дыбыс
тербелісін жазу арқылы жүрек жұмысын зерттеу әдісі.
Фонометрия – фонометрия; ауа толған қуысты мүшелер
шекараларын дыбысты тыңдау арқылы анықтау
әдісі.
Фонорецепторы – фонорецепторлар;
дыбыс тербе-
лістерін қабылдайтын сезімтал жүйке ұштары (есту
анализаторы).
Формалин – формалин, формальдегидтің судағы
ертіндісі.
Форменные элементы крови — қанның формалы жасу-
шалары
элементтері, қан жасушалары (эритроцит-
тер, лейкоциттер, қан табақшалары немесе тромбо-
циттер).
Формолвакцины – формолвакциналар, анавакциналар
(залалсыздандырылған вакциналар).
Фостион – фостион (қ.фосфамид) .
Фосфагены – фосфагендер; фосфорлық микроэргиялық
қосылыстар.
Фосфакол – фосфакол; А
тізіміне кіретін антихо-
линэстеразаларға жататын дәрі.
Фосфамид – фосфамид, акарацид; зиянды жәндіктерді
жоюға қолданылатын улы зат.
Фосфатазы – фосфатазалар;
гидролазаларға жататын
ферменттер (қорыту ферменттері).
Фосфатидилхолины – фосфатидилхолиндер (леци-
тиндер), күрделі липидтер тобы; биологиялық
жарғақтар құрамына кіреді (әсерісе, жүйке
ұлпасының құрамына көбірек кіреді). Фосфатидил-
холин препараттары
қаназдық және невроз аурула-
рында қолданылады.