Анурия(грек. an – жоқ, uron — зәр, несеп) – анурия;
несепсіздік, зәртоқтау.
Анус (лат. anus — артқы тесік) — артқы тесік; азық
қорыту жүйесінің артқы шығаберіс тесігі, тік ішек
ампуласынан кейінгі жуан ішектің ең соңғы бөлігі.
Анэструс (anoestrus; грек. an – жоқ; oіstros — құмарлық,
әуесқойлық, ынтықтық) – анэструс, күйітсіз
кезең; екі жыныстық айналым (цикл) арасындағы
жыныстық тыныштық кезеңі.
Аорта (грек. aorte — қолқа) – аорта, қолқа; жүректен
артерия қанан алып шығатын негізгі артерия та-
мыры.
Апепсия – апепсия; қарын сөлінде пепсин ферментінің
болмауы. Апертура (лат. apertura — тесік) – апертура; тесік.
Апиосомоз рыб – балық апиосомозы; балықтың
жұқпалы ауруы.
Апикальный (лат. apex – төбе, төбесі) – апикальды;
түтік тәрізді мүшелер қуыстарын астарлайтын эпи-
телий қабаттары эпителиоциттерінің, бездердің
сөл бөлетін соңғы бөлімі гландулоциттерінің қуыс
жағына қараған төбе ұшы.
Аплаценталы(aplacentalіa; грек. a — жоқ, лат.
placenta — күлше, ұрықжолдас) – аплаценталдар;
іштөлдерінің ұрықжолдасы (плацентасы) жетілмеген
сүтқоректі жануарлар. Аплаценталдарға клоакалы
(ехидналар, үйректұмсықтылар) және қалталы жа-
нуарлар жатады.
Апокринная секреция (грек. apex — төбе, krіnos —
бөлемін) — апокринді секреция; безді жасушалардың
(гландулоциттердің) апикальды (төбе) ұштарына
жиналған без сөлінің тамшылары мен дәншелері
сыртындағы жасуша плазмолеммасымен (қабық-
шасымен) бірге үзіліп, олардың бөліндіге (секретке)
айналуы — гландулоциттер төбе ұштарының жар-
тылай бұзылуы арқылы жүреді. Тер, сүт және ер-
30
кек жануарлардың қосымша жыныс бездері - өзінің
секреттерін апокринді секрециясы арқылы бөледі.