381
Тоқсан соңында пән мұғалімдеріне білім алушының
оқу жетістіктерінің
қорытындысы бойынша қорытынды жасау және қажет болған жағдайда жеке
оқу бағдарламасына түзетулер енгізу ұсынылады.
Оқу жетістіктерін бағалау ерекше білім беру қажеттіліктерін, білім
алушының ЖБП-мен жеке мүмкіндіктерін
және өзінің жетістіктерімен
салыстырғандағы прогрессті ескере отырып жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Білім алушылардың
үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің
үлгі ережесін бекіту туралы" 14-8-тармақта" ерекше білім беру қажеттіліктері
бар білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім
сараланған немесе жеке
тапсырмаларды пайдаланады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін ескере
отырып бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді "деп көрсетіледі. .
Осыған байланысты, жаңартылған мазмұнның бағдарламаларының
ерекшеліктеріне сүйене отырып, ЕБҚ бар балаларға арналған БЖБ және ТЖБ
тапсырмаларын
әзірлеу
кезінде
оқу
мақсаттарын,
критерийлерін,
дескрипторларды, тапсырмаларды саралау ұсынылады.
Қорытынды аттестаттау мәселесі бойынша жоғарыда көрсетілген
бұйрықта 57-тармақта мыналар көрсетіледі: "ерекше білім беру қажеттілігі бар
білім алушыларды және жеке оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларды
қорытынды атестаттауды өткізу қажеттілігі
туралы мәселені білім
алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді".
Достарыңызбен бөлісу: