Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


« Бүлдіршіндер мектебі» - жазғы кезеңге арналған мектеп жанындағы



Pdf көрінісі
бет32/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

«
Бүлдіршіндер мектебі» - жазғы кезеңге арналған мектеп жанындағы 
дайындық курстары 
Негізгі міндеттер: 
 
баланың мектепте оқуға деген эмоционалды-оң көзқарасын 
қалыптастыру. 
Арнайы білім беру ортасын құру, зияткерлік – психологиялық ойындар 
өткізу, бірінші сыныпта жалғасатын психологиялық - педагогикалық 
сүйемелдеуді қамтамасыз ету арқылы іске асырылады. 
 
болашақ оқушы тұлғасын қалыптастыру.
«
Таным», «Социум», «Коммуникация», «Шығармашылық» білім беру 
салаларын біріктіру арқылы жүзеге асырылады. 
 
«
мектепалды даярлық - бастауыш мектеп» сабақтастық 
қағидатын сақтау.
«
Қарапайымнан күрделіге дейін» дидактикалық принциптерді жүзеге 
асыру арқылы іске асырылады, бірізділік, жүйелілік, ғылымилық, қол 
жетімділік. 
Баланың мектепке дайындығының критерийлері: 
тұлғалық дайындық - оқу мотивациясы (мектепке барғысы келеді
мектептегі оқытудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді; жаңа білім алуға 
қызығушылық танытады); 
зияткерлік дайындық - баланың ойлау операцияларының дағдыларын 
меңгеру: талдау, синтез, салыстыру, жалпылау.


43 
Әлеуметтік - психологиялық дайындық-жаңа әлеуметтік жағдайларға 
бейімделе білу, ересектермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасай 
білу. 
«Бүлдіршіндер мектебі» жыл сайын жазғы кезеңде мектептер жанынан 2 
ай бойы құрылады. Министрлік ұсынылған курс бағдарламасы ЖАО-ға 
жіберілді (ҚР БҒМ 2019 жылғы 12 шілдедегі № 11-6/607 хаты). 
Баланы тәрбиелеу және дамыту, оның ішінде инклюзивті білім беру 
мәселелерінде педагогтер мен ата-аналарға қолдау көрсету.
Стандартқа ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жасына қарай 
топтарға қосу шарттарын көздейтін норма енгізілген. Бір топқа осы санаттағы 
үш баладан артық емес балалар енгізілуі мүмкін, бұл ретте балалардың жалпы 
саны ерекше білім беру қажеттілігі бар бір балаға үш тәрбиеленуші 
қатынасында азаяды. 
Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту 
Ағымдағы оқу жылында қауіпсіз білім беру ортасын құруға, балалардың 
өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерін шешуге бағытталған денсаулық 
сақтау технологияларын қолдануға ерекше назар аударылатын болады.
Балалармен, ата-аналармен жұмыс тәжірибесін алмасу, тарату үшін педагогтар 
қауымдастығының онлайн порталы енгізілді.
Балаларды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу 
Қазіргі заманғы жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени 
құндылықтар негізінде балаларды Қазақстан халқының рухани-адамгершілік 
мұрасына тарту; ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және тәрбие үдерісіне 
белсенді қосу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. 
Балаларды құрдастарына мейірбан, достық қарым-қатынас жасауға 
үйрету; адамгершілік әрекеттерге шақыру; адамдарға құрмет сезімін, 
мейірімділік, қайырымды іс жасауға ниеттендіру.
Мектепке дейінгі ұйымның және білім беру ұйымының мектепке 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет