Аққа деген жолымның,
Абыройын ашпай, жап…
Мені ұстатып, айдатып,
Зығырданды қайнатып,
Масайрасып, мəз болып,
Қуанғанды өзің тап! –
деген жолдары, немесе Мағжанның:
81
Ерте күнде отты күннен Гун туған,
Отты гуннен от боп ойнап мен туғам.
Жүзімді де, қысық қара көзімді,
Туа сала жалынменен мен жуғам, –
деген шумағы бар отты өлеңі – ХХ ғасырдың бас кезіндегі
романтизмнің басты көріністерінің бірі. Мұны Сұлтанмахмұт,
Шəкəрім, Бернияз, т.б. шығармашылықтарынан байқауға болады.
Қандай бір əдебиетте болмасын, романтизмнің жалпылық ортақ
қасиеттері көрініс табуымен бірге, əр елдің тарихи-ұлттық дамуына
орай өзіндік қалыптасу ерекшеліктері болатынын естен шығарып
алған тұстарымыз болғанын жоққа шығара алмаймыз.
Қазақ əдебиетіндегі романтизмнің пайда болуы, жалпы ұлттық
қалыптасудың тарихи негізінен нəр алады. Ол – елдікті, ұлттық тұтас-
тықты сақтау жолындағы күрес пен отаршылдық езгіге қарсы күрес
идеясының тікелей жемісі. ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар
жеке тұлға бостандығын көрсету арқылы халық бостандығын жыр-
лады. Осы жолда жеке трагизм арқылы ел қайғысын, ел басындағы
қасіретті көрсетті. Мұны біз екіге бөліп, романтизмді революция-
шыл, өршіл жəне реакцияшыл, кертартпашыл деп танып, біріншісін
ақтап, екіншісін қараладық. Қалай болғанда да романтикалық
шығармалардың басты міндеті – ескілікті жырласа да бір кезде
еркін ел болып, Ертіс пен Еділдің, Орал мен Алтайдың аралығын ен
жайлаған замандарын еске салып, ұлтының рухын көтеру.
Романтик-жазушы өз алдына тарихи шындықты немесе өмір
шындығын дəлме-дəл суреттеуді басты міндет етіп қоймайды.
Ол үшін ең бастысы – тарихқа, өмірге деген өз көзқарасын таны-
ту. Өзі жасаған өмірдің көркем образдары арқылы өз идеясын, өзі
қабылдамаған ортаның болмысын жеткізу. Сондықтан да мұндай
шығармаларда ақын-жазушылар өзі өмір сүрген қоғамындағы
қалыптасқан қатынастарды сынап, сол қатынастарды өзгертуге
ұмтылған кейіпкерлер іс-əрекеті шығарманың бүкіл жүйесін құрап,
олардың ерекше тұлғасына тəнті етеді.
Автордың өмір шындығына, айнала қоршаған ортаға өзіндік
қатынасын білдіретін мұндай кейіпкерлер ерекше өткір сезімдерімен,
өзі өмір сүрген қоғамдық-əлеуметтік заңдылықтарға өзгелердей
мойынұсына қоймайтын жігер-қайратымен ерекшеленеді. Олар
айналасындағылардан үнемі жоғары тұрады. М. Сералиннің “Топ
жарғанындағы” Адай жігіт, Шəкəрімнің “Еңлік-Кебегіндегі” Еңлік,
6–853
82
Міржақыптың “Бақытсыз Жамалындағы” Жамал, Мағжанның “Ба-
тыр Баянындағы” Баян – міне, осындай кейіпкерлер. Олар көбіне
жалғыз күреседі. Жалғыздық мəселесі ірі жанрлар емес, ұсақ жанр-
ларда да көрініс тауып, автордың ішкі жан-дүниесімен қабысып
жатады. Əрине, ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінде романтизм
түгелдей бір əдеби бағыт ретінде бой көрсеткен жоқ, ол жеке ақын-
жазушылардың жеке шығармаларында, тіпті жеке образдар бойы-
нан бейнелі бедер тапты десек, жаңылыспаймыз.
“Əдеби əдіс-қатып қалған қасаң (догмалық) қағидалар қосындысы
емес, уақыттың көркемдік концепциясы”, – дей келіп, академик
З. Қабдолов сыншыл реализм өмірдің даму заңдылықтарына орай
дəуір тынысына байланысты туатын құбылыс екенін айтады.
ХІХ ғасырдағы жаңа өзгерістер жұқтырған жат қылықтарды,
ескіліктің өмір көшіне ілесе алмаған кейбір құбылыстарды сынау-
дан бастау алған қазақ əдебиетіндегі сыншыл реализм сипаты Абай
шығармашылығы арқылы биік көркемдік əдіс ретінде қалыптасты.
Бұл əдістің басты ерекшелігі – адам характерінің əлеуметтік
жағдайларымен тығыз байланыста ашылуы. Мұнда əлеуметтік
өмірді талдау адам жан дүниесіне тереңдеп бойлау арқылы жүзеге
асырылады. Бұл тұрғыдан алғанда романтизм мен сыншыл реализм
арасындағы байланыс барлығы айқын. Яғни сыншыл реализмнің
пайда болуының негізгі романтизм арқылы жүзеге асты. Жеке адам
тұлғасының ішкі болмысына ену оны өмірмен тығыз байланыста
көрсетуге итермеледі.
ХХ ғасыр басындағы əлеуметтік өзгерістерге байланысты жаңа
сатыға көтерілген қазақ жазба əдебиеті өмірдің қат-қабатына
терең бойлап, қоғамдық əлеуметтік қайшылықтарды ашуға ұмтыл-
ды. Россиядағы саяси хал-ахуал, қазақ зиялыларының саяси
көзқарастарының қалыптасуы сыншыл реалистік əдістің əдебиетте
жетекші əдіске айналуына əсер етіп қана қоймай, осы саладағы
əдеби дамуға негіз қалады.
Сөйтіп сыншыл реализм ХХ ғасыр бас кезіндегі əдебиеттің
көрнекті өкілдері Шəкəрім, Ахмет, Міржақып, Мұхамеджан,
Сұлтанмахмұт, Мағжан жəне т.б. дарынды өкілдерінің өнерпаздық-
шығармашылық қызметіндегі басты көркемдік əдіс болды. Олардың
барлығы да қазақ елінің дертті мəселелерін тілге тиек етіп, қоғамдық
өмірдің көлеңкелі тұстарын ашып көрсетті.
ХХ ғасыр басындағы сыншыл реализм оқу-тоқусыз, мал соңынан
ерген қазақ жастарының, елге тұлға бола алмай, ел тұлғаларын көре
83
алмай, жез түйме мен шенге мəз болып, елін сатқан болыстарының,
батыстың ұлттық болмысқа тəн емес ерсі қасиеттерін бойына
жұқтырғанына мəз болған оқыған зиялыларының санқырлы образ-
дарын жасады. Кесепатты, кесірлі, жағымсыз мінез-құлықтарды ая-
май сынады. Ащы да болса, шындықты айтты.
Сыншыл реализм əдісінде “Гүлкəшима”, “Қалың мал”, “Кім
жазықты?” сынды шығармалар жазылды. Тек тың жанрлар ғана емес,
төл жанр іспетті өлең-жырларда да жоғары дəрежедегі дүниелер
туды. Шағын жанрдағы реализм көбіне саяси, азаматтық лирикада
көрінді. Бұл əсіресе Шəкəрімнің, Ахметтің, Міржақыптың қазақты
“ояту” идеясы тұрғысынан жазылған өлеңдерінен айқын көрініс
тапты. Жері тəркіленіп, санасын қараңғылық орап, отаршылдық то-
рына шырмалған қазақ тағдыры бұрмасыз шындықпен жырланды.
Ахаң:
Қалтылдақ қайық мініп, еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ.
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру,
Болғандай табан тіреу еш нəрсе жоқ.
Міржақып:
Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,
Сол бір қайғың өзгермеді өртеген.
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден, –
деп, қазақтың сол тұстағы тұрмысын шыншылдықпен суреттеді.
Сұлтанмахмұт қаламынан көбіне əлеуметтік теңсіздік зардапта-
рын ащы айта білген шығармалар туса, Шəкəрім адамдық болмыстың
сан-қырлы құпиясын аршып, адамдық белгісін əркімнің өз бойынан
табуына үндеген тəрбиелік мəнді, өткір сынды шығармалар жа-
сады. Мұны “Ашу мен ынсап”, “Анық пен танық”, “Сəнқойлар”,
“Ызақорлар”, “Мақтау мен сөгіс”, “Талап пен ақыл”, “Бай мен
қонақ”, “Еріншек”, “Қалжыңшыл қылжақпас”, “Құмарлық”, т.б.
өлеңдерінің тақырыптары-ақ танытып тұр.
Рахым, ұят, арыңның,
Бетін топырақ жасырған.
Қайраты қайтып кəріңнің,
Қайғысын сөйтіп асырған.
84
Бұл жолдар – бүкіл Шəкəрім шығармашылығына тəн тұтас желіні
танытатын ой-толғамдар.
Жалпы ХХ ғасырдың басындағы əдебиет өкілдері Абай негізін
қалаған сыншыл реализмді одан ары дамытып, тың табыстарға
жетті. Ұлы ақынның қазақ қоғамындағы келеңсіз жайттарды сынай
отырып жасаған өлмес образдарын өз заманында пайда болған тың
бейнелермен толықтырды.
Сонымен, ХХ ғасыр басындағы əдебиет романтизм жəне сыншыл
реализм əдісінде жазылып, ояну, азаттық, күресшілдік сияқты биік
идеяларды қозғады, оқу-ағарту, əйел теңсіздігі, надандық, сияқты
қазақ қоғамының дертті мəселелерін тақырып етіп алып, əлемдік
əдебиет жеткен биік өрені бағдарлады.
Қорыта келгенде айтарымыз, ХХ ғасыр басындағы əдебиет
өкілдері жазба əдебиеттің дамып, əлемдік əдебиеттер қатарына
қосылуына, жаңа жанрлардың игеріліп, мазмұн мен пішіннің бір-
біріне сай бірлікте болуы жолында аянбай еңбек етті. Қазақ ақын-
жазушылары көркемдік деңгейі жоғары туындылар тудырып, олар
кейінгі асқар биіктерге жол ашқан шығармалар болды.
Достарыңызбен бөлісу: |