Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Көркемдік əдіс көріністері



Pdf көрінісі
бет16/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

2.7 Көркемдік əдіс көріністері 
Əдебиет тарихын, ондағы кезеңдерді сөз еткенде, көркемдік əдіс 
мəселесін айтпай кетуге болмайды. Ең алдымен, көркемдік əдіс 
ұғымының басын ашып алу керек.
Қазақ əдебиеттану ғылымындағы əдебиет теориясының білгірі, 
академик З. Қабдолов бұл туралы: “Стиль, ағым қайталанбайтын 
құ бы лыстар болса, əдіс қайталанып отыратын құбылыс; стиль мен 
ағым құбылмалы нəрселер болса, əдіс тұрақты нəрсе…” деген тұжырым 
жа сайды. Ендеше шығармашылық əдіс – өмір-болмысты өзіне ғана тəн 
ерекшелікпен емес, қалыптасқан жүйе, сала бойынша бейнелеу, өмір 
шындығынан көркемдік өнерге тəн көркемдік шындық жасау əдісі.
Əдебиет теориясының тағы бір білгірі, академик З. Ахметовтың 
пікіріне жүгінсек, ол: “…жазушының өмірде нақты болған, яки 
болатын жайларды, өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің 
өзі қандай болуы қажет деген өз ой-түсінігіне сүйенуі… …көркем 
əдебиет пен өнердің бүкіл даму тарихында əр дəуірде əр түрлі 
нақтылы сипат алып, үнемі бой көрсетіп келе жатқан негізгі екі 
көркемдік əдіс – романизм мен реализм деуге болады” деп, анықтама 
береді. Академик З. Қабдолов осы екі əдістің бірі романтизмді 
“ерекше жағдайда ерекше характер жасау жолы” ретінде түсіндірсе, 
реализмді “детальдар шындығымен” қоса “типтік жағдайда, типтік 
характер жасау” жолы ретінде түсіндіреді. 
Əрине, əдістердің өзіне ғана тəн ерекшеліктері мен қолданыс 
тəсілдері жетерлік. Бірінде алдыңғы қатарға кейіпкерлердің биік ру-
хын, асқақ арманын биіктете көрсету шықса, екіншісінде нақтылық 
– өмірдегі қарапайымдылық пен шындықтың астасып келуі, осыдан 
кейін көркемдік шындықтың тууы негізге алынады. Қалай болғанда 
да бұл екі əдіс жазушының, ақынның өмірді өзінше көріп, өзінше 
түйіндеуінен мұрат табары анық.
Алайда, академик З. Ахметовтың пайымдауынша екі əдісті “бір-
біріне түгелдей қарама-қайшы нəрсе” деп қарауға болмайды, “оның 


80
бірі бар жерде, екіншісі жалғаса жүреді”. Олар үнемі бір-бірімен 
жалғасып жатады. Бір творчестволық тұлғаның шығармаларынан 
романтизмнің де, реализмнің де іздерін тануға əбден болады. Түрлі 
əдеби ағым-бағыттар “қалайда осы екі əдістің біреуін тірек етеді”. 
ХХ ғасыр басындағы əдеби бағыттардан да осындай бірлікті таба 
аламыз. 
Жаңа ғасыр басындағы əдебиетте осы екі əдіс қабаттаса, қа-
нат та са көрініс тапты. Бірқатар ақын-жазушылар өткен баба 
ерліктерін асқақ рухпен жырлап, болашақ күнге қиялшыл сезіммен 
қараса, екінші бір топ өз дəуіріндегі өмір шындығын нақты си-
паттап, өткір сынай білді. Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров, М. 
Жұмабаев, М. Дулатов жəне т.б. шығармалары бұған нақты дəлел 
бола алады. Махамбет, Шəңгерей шығармашылығынан айқын 
көрінген романтизм рухында Мағжан өзінің сыршыл да сұлу жыр-
ларын туғызып, əсем де асқақ ойларының ажарын ашты. Қазақ 
əдебиеті тарихындағы “ақтаңдақтар ақиқатын” ашқан профессор Т. 
Кəкішев “Əр дарынның тарихта өз орны бар” деген мақаласында: 
“М. Жұмабаев қазақ əдебиетінде романтикалық арнаның негізін 
қалаушы деп тауып, өзіндік мектебін жасағанын именбей айтуы-
мыз керек. Мағжанның ақындық мектебін айтқанда Бернияз Күлеев, 
Ғұбайдұлла Балақадыровты алғашқы “шəкірттері” қатарына қосып, 
“оқта-текте дəріс тыңдағандар” ішінде І. Жансүгіров, Қ. Аманжолов, 
Ə. Тəжібаев қана емес, осы күнгі “сырттан оқыған” көп ақындардың 
біразын” жатқызуға болады деп түйіндейді.
Романтизм Шəкəрім, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Ахмет шығар-
ма шылықтарынан да көрініс тапты. Романтизм əдісінде жазылған 
деп Шəкəрім поэмаларын, Міржақып, Ахметтің, Сұлтанмахмұттың 
азаматтық лирикаларын атай аламыз. Ахаңның: 
Я, құдайым! Аққа жақ!
Өзіңе аян-мен нақақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет