92
тілдес ұлттардың бірлігін жақтайды. Жалпы алғанда, Əубəкір
шығармашылығындағы өмір өзгерісін, қайшылықтарды сынау, ең ал-
дымен, діни ұғыммен астасып отырады.
Нұржан Наушабаев (1859-1919). Қостанай облысында туып-
өскен. “Манзұмат қазақия“ (1903), “Алаш“ (1910) атты кітаптарының
ХХ ғасыр басындағы əдебиетте өзіндік орны бар. Нұржанның
Сапарғалимен айтысы негізінде “Жұмбақ айтысы“ (1903) кітабы да
басылып шыққан. Бұл айтыста ақындардың білімі, ой-өріс кеңдігі
көрініс тапқан. Нұржан поэзиясындағы шағын жанрлардың əрқилы
түрлері молынан кездеседі.
Əр заманның өзіне лайық,
өзгеден ойы озық, өресі биік дара
тұлғаларының болғаны тарихтан белгілі. Міне, өзі өмір сүрген
кезеңдегі теңсіздікке, əділетсіздікке қарсы ақындық үн көтеріп,
өзіндік көркем туындыларына өзек еткен сондай ақындардың бірі –
Нұржан Наушабайұлы.
Нұржан – заманында ит жүгіртіп, құс салған, жүйрік баптап
бəйгеге қосқан айтулы сері əрі бағы барда күреске түсіп
балуан
атанған, термелетіп жыр төккен, сөйте жүріп, əуейіленіп кетпей,
салиқалы ой айтқан көшелі ақын.
Бір бойына осындай алуан өнерді тоғыстырған, өз заманының
өнерпазы Нұржан Наушабайұлы шығармашылығын алғаш зерттеп,
ғылыми пікір айтқан С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаевтар
болса, Ə. Дербісалин, Ш. Сəтбаева, М. Жармұхамедов, Б. Əзібаева
сынды ғалымдар оны кеңейтті.
Б. Кенжебаев Нұржанның əдеби мұрасын басқа да ағартушы
ақындармен салыстыра келіп: «Нұржанның бір өзгешелігі – ол
өлеңдерінің
көбін бұрынғы араб, парсы, шағатай ақындарының
үлгі-стилінде жазады. Парсы, ескі кітаби сөздерді, діни арабша
сөздерді көп қолданады», – деп, оның бір ерекшелігін осы тұрғыдан
айқындай түседі.
Ал енді сан қырлы саңлақ таланттың өзіндік ерекшелігі өз
заманындағы əр түрлі бағыттардағы ақындардан нендей қасиетімен
дараланады, кімдермен қосыла
сараланады дейтін болсақ, бұл
оның дүниеге көзқарасы, өмір-танымы арқылы айқындалады. Ең
алдымен, Нұржан Наушабайұлы – діни-ағартушы ақын. Ол – діни
мектепте оқыған, дінге деген өзіндік танымы бар, бұл тақырыпты
шығармашылығының негізгі өзегіне айналдырған жыр жампо-
зы. Яғни Нұржан – діни ілімді көп оқыған ғұлама адам. Кезінде
мұсылманша да, орысша да білім алғанымен,
діни бағытты
93
берік ұстанған. Ол дін арқылы бүкіл саяси өмірге араласып, сая-
си көзқарас қалыптастырып, дін арқылы ұлт теңдігіне ұмтылды,
білімді уағыздады. Ақын білім мен адамгершілік қасиет дінді сүю
арқылы келеді деп ұғынып, соны бүкіл жырына арқау еткен.
Ақынның ұзақ жылдар тек əдеби шолуларда ғана аты аталып
келуінің басты себебі
діншіл ақын деген атақ тағылып, кеңестік
идеологияға жат ақын ретінде бағалануы еді. Бүгінде тəуелсіз ел
ретінде өткенімізге ойлы көз салып, құлақпен ғана ұғып қоймай,
жүректен өткізіп, көкірекпен көріп тұрған шақта көп нəрсеге
басқаша қарай бастадық. Нұржанның мұрасын халыққа таныту-
да 1997 жылы бұрынғы «Алаш»
атымен қайта шыққан ақынның
толыққанды жинағының орны ерекше. Құрастырып, алғы сөзін жазған
– А. Бай тұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің
оқытушысы, ақын Ақылбек Шаяхмет. Жинақтың да, құрастырушы
еңбегінің де құндылығы – алғаш рет ақын мұрасының қазіргі жазу
үлгісіне түсіріліп, оқырманды оның шығармаларымен толығырақ та-
ныстырсам деген талпынысында. Əр кезеңдегі Нұржан ақын жайлы
айтылған əдебиетші ғалымдардың, қаламдас, қоныстас адамдардың
ой-пікірлерінен үзінділер беріліп, қысқаша алғы сөз жазылған бұл
жинақ Нұржан Наушабаевтың мол мұрасынан мағлұмат бере алады.
Кезінде Нұржан ақынға əлеуметтік мəселелерді жырлауға бағыт,
кеңес берген Ыбырай Алтынсарин екен. Ұлы ұстаздың ақыл-
кеңестерін тыңдап, өзінің бағытын анықтап алған Нұржан ақын,
кейіннен Ы. Алтынсаринге деген ризашылық сезімін білдіріп, оған
өлең де арнайды:
Достарыңызбен бөлісу: