100
ұлт мүддесін көбірек көтеріп, көбірек қолдайды. Халықты оянуға,
өнерге, оқып жетілуге, мəдениетті ел болуға шақырды. Түркі тектес
халықтардың бірлігін жақтады. Ақынның бұл жинақтарында жал-
пы діни уағыз, діни бірлік, дінге деген сүйіспеншілік көбірек көзге
түседі. Бұл – ақынның алған білімінің, дүние өзгерісіне өзіндік
көзқарасының көрінісі.
Мəшhүр Жүсіп – қоғамдық қозғалысқа белсене араласпағанымен,
біршама шығармаларымен тарихи дамудың барысына тікелей ат
салысып, қоғамдық ой-сананың өрістеуіне елеулі еңбек сіңірген
ақын. Кезіндегі саяси істерге тікелей қатысы болмағанымен, əдеби
шығармалары арқылы патша чиновниктерінің қудалауына ұшырап,
қуғын-сүргін де көрді.
Мəшhүр Жүсіп Көпеев ХХ ғасыр басындағы əдебиеттің əртүрлі
саласында қалдырған мол мұраларымен қазақ əдебиеті тарихының
аталған кезеңінен ерекше орын алады. Ол қазақтың ауыз əдебиетін
өзіне дейінгі ірі ақындардың шығармашылығын білумен бірге,
Шығыстың əйгілі классиктері Фирдоуси, Науаи, Низами, Сағди,
Хафиз шығармаларымен де жете таныс болған. Солардан көп үйрене
отырып, өзіндік ізденіспен қол жеткізген мол білімнің арқасында
сөз өнері өнерпаздығының биігіне көтерілген ақын. Ол – өмір бойы
ғылым-білім үйреніп, өмірі ізденіспен өткен, ғылым-білім арқылы
ұлтының санасын оятуға ұмтылып, тура жолды нұсқай білген
ғұлама жанның бірі.
Ғажайып мұраларымен халқының көңіліне ұялап “Мəшhүр“
атанған Жүсіп Көпеев 1858 жылы Баянауылда Найзатас деген жер-
де дүниеге келеді. Өзінің “Мəшhүр“ атқа ие болу жайын “Өмірбаян“
атты өлеңінде былай баяндайды:
Достарыңызбен бөлісу: