Жұртыңнан екі жая Тіне, Қармыс,
Əр ерлер өз тұсында алған алғыс.
Бүркіттей ұя салған Римстанда,
Талпынтып балапанын ұшты бір құс.
Зəһарды балдан тəтті қылатұғын,
Халыққа қамқор ондай ер болмады тұс,–
деп, ақын Ыбырайдың күллі қазақ баласының оқып, білім алуына
тигізген əсерін дəлелдей түседі. Ұлы ағартушымен арадағы достық
оның тіршілік мəнін терең түсінуіне негіз болады. Ол енді өмір,
қоғам, адам деген ұғымдарға өзгеше қарай бастайды.
Ақын өз заманының көкейкесті мəселелеріне белсене арала-
сып, насихат өлеңдер жазып, əлеуметтік жағдайды сөз етіп, өзінше
94
түсіндірмек болған. Сондықтан Нұржанның өмір сүрген ортадан
түйген білік-танымын жүйелей кету оның шығармашылық болмы-
сын ашуға үлкен септігін тигізері сөзсіз. Ақынның өмір жолының
шамшырағы – өнер-білім. Ол оны өз өмірінің мəні деп түсінген. Сол
себепті де өмір бойы ізденіс үстінде болған ақын əр өлеңінде өнер-
білімнің пайдалы екендігін үнемі айтып отырады. Оны толғандыратын
екінші бір мəселе – замана жайы. Ол дүние азған заманда əділдік,
ізгілік жолы қиын болатынын анық айтады. Сонымен бірге ескідегі
«еркін», «тыныш» заманды қайтып оралмайтын арман етіп аңсап, өзі
арқа сүйейтін тіректі ізгілік пен адамдық қасиетіне үндейтін дүниеден
табады. Осыдан келіп Нұржан шығармаларында өткенге қайта-қайта
жыр арнау, сұқтану, соны егіле жоқтау басымырақ.
Нұржан – шығармаларының əлеуметтік сипаты, көркемдік стилі
жағынан алғанда, сыншыл-реалист ақын. Ол таза шығармашылыққа
көшкен кездегі алғашқы өлеңдерінде өз заманына мұңдана көз та-
стап, отаршылдық зардабын айқын аңғарған. Сондықтан да заман то-
зады, қоныс тарылады, ел билеген атқамінерлердің ниеті бұзылады
деген сияқты уайым-қайғыға беріледі. Қазақтың шұрайлы жерінен
айрылып, күштіден қысым көргенін, халықтың тіршілігі ауырлап,
күн-көрісі қиындап кеткенін жырлайды. Ақынның жаны осындай
тығырыққа тірелген жағдайдан шығар жол таппай қиналып, кімнен
демеу күтерін білмей дал болады.
Күштінің əлсізді тырп еткізбей ұстап отырғанын, қоғамның
құрсаулы екенін меңзейді. Заманның теңсіздігі, жаппай етек
алған əділетсіздік, əр адам өз орнын таппай, біреудің асып-тасып,
байлыққа мастанып жүргенін баяндай келе, «заман-ай» деп егіледі.
Арзан менен қымбаттың,
Бағасының бір болып,
Қатар жүрген заман-ай!
Қыран құстай қыр аспай,
Қарға кіріп қатарға,
Қуды ілген заман-ай!
Тұлпар кірмей дүбірге
Мəстек шауып бəйге алып,
Озып жүрген заман-ай!
Нұржанның тақырыбы жағынан сан алуан өлеңдерінің негізгі
айтар ойының бірі – адам, дəлірек айтқанда, оның адамдық қадір-
95
қасиетіне байланысты. Ол адам бойындағы орнықты мінез, ар, на-
мыс, əділдік сияқты қасиеттерді дəріптейді. Ал бірде жақсы мен
жаманды қатар алып суреттей отырып, дидактикалық тағлымдарды
алға тартады. Нұржанның адамдық, əділдік жайындағы өлеңдері
өзі өмір сүрген кезі мен əлеуметтік қоғам ортасындағы шындықты
нанымды бейнелеген. Қоғамдағы шындықты жырлай отырып,
уақыт ағымына үлес қосады. Ақын шығармаларын оқи отырып,
оның болмысын танимыз, өзі өмір сүрген қоғамдағы алар орнын
көреміз. Себебі, «Ақынның өз тұлға бейнесі оны тебіренткен ой
сезімдерінен, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі
жағдайға, қоғамдық мəселелерге, адамның əр түрлі іс-əрекетіне
оның қатынасынан, берген бағасынан айқындала түсіп, жан-жақты
толық көрініс табады» деген тұжырым бұл ойымызды бекіте түседі.
Қалай дегенде де, Нұржан шығармашылығының басты желісі –
діни тақырып. Ақын өлеңдерінің өзегі, айтар ойы осыған келіп сая-
ды, көтерілген көптеген өзекті мəселелерден дін, ислам тақырыбы оқ
бойы озық тұрады. Нұржан – дінге, жалпы дүниеге, өнер мен өлімнің
арақатынасына диалектикалық тұрғыдан қараған ақын. Ислами білімі
жетік болғанмен, ақын дінге соқыр сеніммен, ессіз фанатизммен
берілмейді. Дінге қатысты өлеңдерінде «Құран-Кəрімнің» маңызын,
қадір-қасиетін толық түсіндірген ақын мұсылманның парыз-уəжіпте-
ріне де талдау жасайды əрі ол мұсылманның қырық па ры зын жеке-
же ке талдап, көлемді «Қырық парыздың баяны» деген өлең жазады.
Профессор Қ. Жұмалиев Нұржан шығармаларындағы ис-
лам мəселелерін сөз ете келіп: «Нұржан Наушабаев бұл мəселені
Əубəкірден гөрі тереңдетіп, «қырық парыздың» əрқайсысына жеке
тоқтап, оның мəні мен тұтыну жолдарын өлеңмен үгіттеді», – деген
бағалы пікір айтады.
Ақын шығармашылығындағы ислам – ерекше əрі өзгеше дүние.
Ол діннің барлық ізгі мұраттарын талдап, өзінің зерде сүзгісінен
өткізіп, жалпы азаматтық құндылықтарды уағыздайды. Нұржан
шығармаларындағы діни көзқарас жайында профессор Б. Кенже-
баев: «Нұржан өлеңдерінің біразы ислам дінінің мəн-жайы, парыз-
қарызы, заң-шариаты туралы. О дүние мен, бұл дүние, діндəр
адамдардың мінез-құлқы жəне жақсылық пен жамандық жайында.
Ақын бір сөзінде: «нұсқалап дүние, ақірет бəрін айттым», – дейді.
Əрі діни фанатизм түрінде ғана айтпай, оны діни ізгілік, жалпы
адамгершілік, ағартушылық тұрғыдан түсіндіреді» – деген өте
орынды пікір айтып, тұғырлы тұжырым жасайды.
96
Ол діннің ғылыми мəні мен мəңгілік мұраттарды ұғындыратын
дəнін аршып, екшеп пайдаланады. Тақуалық пен діншілдікті құр
дəріптемей, қайта дін мұраттарын ескілікке, діни дүмшелікке,
тіпті қоғамдық əділетсіздікке қарсы руханият құндылығы ретінде
пайдаланады.
Нұржанның діншілдігінің тағы бір себебі ғасыр басындағы
қазақты шоқындыруға, христиан дінін таратуға бағытталған саясатқа
қарсылығында жатқан секілді. Санасы сергек, ойы озық жан қашанда
төніп келе жатқан қатерді елден ерекше сезіп, алдын алары белгілі.
Сонда да хақ жолынан адаспадық,
Бəиіт пен алуан түрлі жол ашпадық.
Пайғамбар - хақ, Жаратқан Аллаһ бір деп,
Бөтен дін ұстанғанға жанаспадық.
Ақын жер бетінде Исламнан басқа діннің түрі көп екенін, бірақ
өзге дінге бой ұрмайтынын, берік ұстанған бағытынан таймайты-
нын айтады.
Тұтастай алғанда, Н. Наушабаев мұрасы өз заманынан озық ойла-
рымен, бүгінгі күнмен өзектес ой-армандарды жырлай білгендігімен
бағалы. Шығармаларында заманаға деген өзіндік көзқарастары мо-
лынан көрініс тапқан.
Ақынның жетістігі сол заманның өзінде-ақ мəңгі өлмес құнды
тақырыптарды дəл тауып, жырлай алғандығында. Сондықтан оның
шығармалары халық жүрегіне сыналап кіріп, салмақты орын алған.
Нұржан – назым, терме, тақпақ жəне т.б. жанрларда елеулі еңбек
еткен ақын. Өлеңдеріне тақырып қоймай, бірінші назым, екінші
назым деп атаған. Замана құбылысын жалпылама сипаттамай,
өлеңдерін нақтылыққа бейімдей білген. Оның жеке мінез-құлықты,
жағымсыз адами пендешілікті сынау тақырыптарындағы жəне əзіл-
сықақ өлеңдерінде қазақ əдебиетінің бай дəстүрі, ауыз əдебиеті
үлгілерінің сипаты басымдау келеді.
Нұржан «Назымдары» – дарынды ақынның өзіндік ізденістері.
Шығармашылығының өн бойына діндарлық арқау болған ақын
көбіне «заман азды» деген ойды өзек етіп, соның мəн-мағынасын
ұғынуға ұмтылады. Кейде өмір шындығына терең бойлай алмай
қалатын сəттері де кездеседі. Мəселен, «Манзұмат қазақия» атты
кітабында қазақтың шығу тегі туралы ел аузындағы аңыздарды
кейінгі діни шежіремен өзектес алып, қайшылыққа ұрынады. Н. Нау-
97
шабаев шығармаларында өз дəуіріне сай жетістіктер де, кемшіліктер
де бар. Олардың ара салмағын алдағы уақыт айқындайды.
Қорыта келгенде, шығармаларында адамды білімділікке, игі іс-
əрекетке, адал болуға, ұлтқа қызмет етуге үндейтін əрі мұның бəрін
діни таным тұрғысынан тұжырымдайтын Нұржан Наушабайұлы –
қазақ əдебиетінде алар орны, шығар биігі бар ерекше ақын.
Достарыңызбен бөлісу: |