102
қасиетті мекені, елге ырзық, малына құт, қазақтың кең сахарасының
ортасынан ойып орын алған киелі Сарыарқаны патша отаршыл-
дары озбырлықпен тартып алғанын ащы шындықпен əшкерелеп,
халықтың ауыр хал-қасіретін тебірене жыр еткен.
Айрылды біздің қазақ Есілінен,
Өзінің болған емес кесірінен.
Жер мүлкі шаруаның қызықты ең-ау,
Қойнында құшақтаған жесірінен.
Осы өлеңдегі ақын айтпағы “Ұйқыңнан оян! Елдігіңді ұмытпа!”.
Елдің еңсесін басып, езгіге салып үкілі арман-мұратының күлін
көкке ұшырған отаршыл патша өкіметінің əккі саясатын Мəшhүр
Жүсіп осы “Сарыарқа кімдікі“ өлеңінде жалтақсыз, ашықтан-ашық
айтады. Əрине, бұл сияқты өткір тілді адамның патша өкіметіне
ұнамайтыны белгілі.
Ғылым мен өнерді өз өнерпаздығының туы етіп көтерген
Мəшhүрге ақындық өнер қашан қонғандығының оның өлеңдері
арқылы білеміз. “Мəшhүр атты қалай алғандығы туралы“ атты
өлеңінде ақын бұл туралы былай дейді.
Достарыңызбен бөлісу: