198
бір мезет мұңға беріліп, осы сұлулықтың тез соларына, табиғаттың
құрсағынан сонша ғажап болып жаратылған өсімдіктің ғұмыр
қысқалығына өкініш сезімін білдіреді, ақынның жаны толқып ойын
екі ауыз сөзбен түйіндейді.
Мұның бəрін білмесең,
Өмір қайдан оңады.
Бұл – өмір заңдылығы. Оны түйсіну өмір мəнін терең түсінуге
жетелейді.
Өмірдің өтпелігін, уақыттың құндылығын бағалауға
итермелейді.
Сұлтанмахмұт ақындығын зерттеуші ғалымның бірі Ы.
Дүйсенбаев “Табиғат суреттері (пейзаж) мен көңіл-күйдің нəзік
тебіреністерін беретін жырларында Сұлтанмахмұт өзінің дағдылы
жолынан танбайды,
демек ең алдымен, шығарманың тəрбиелік
мəніне, эстетикалық əсеріне не эмоциялық жылылығына ерекше
көңіл бөледі”, – дейді ақын шеберлігі туралы. Бұған мысал болар
дүние ақында жетерлік.
“Жазғы кеште” деген өлеңінде сөзден сурет сала отырып, табиғат
аясындағы серуендеп жүрген ғашықтардың көңіл күйін,
мөлдір
сезімдерін мезгілдің жанға сая, тəнге шипа кезімен астастыра
кестелейді.
Көк ауа, мөлдір аспан бейне жібек,
Көргеннің көңілі өсер, ойы түлеп.
Ай бауыры, көк орайдың қойнында
Сырласар сыбырменен сүйген жүрек.
Сұлу кеш, сұлу сезім, албырт көңіл, адал жүрек бірін-бірі əдемі
ашып тұр.
Ақын бұл өлеңінде сұлу жұлдыз, көк ауа, бауыры ал-
тын ай тəрізді эпитеттерді қолдана отырып,
сол бір кештің көңіл
түкпіріндегі көркем суретін береді.
Сұлтанмахмұт шығармашылығының соңғы кезеңі 1917-1920
жылдар аралығын қамтиды. Бұл – ақын ақындық өнердің бар қырын
меңгеріп, нағыз суреткер ретінде қалыптасқан кезең. Ұлы далаға
бостандықтың келгенін паш еткен буржуазиялық-демократиялық
революцияны ақын қуанышпен қарсы алады. Бұл тұста ақын өзінің
шалқар
шабытына мініп, ұлтының теңдігін жоқтап, азаттықты
жақтап, халқының көңіліне
қонар салиқалы ой тастап, жалынды
199
жырларымен шашу шашты. Ақпан революциясынан кейін іле-шала
“Алаш ұраны” дүниеге келді. Бұл оның ұлтжандылығын, ұлтының
езгіге қарсы көтерілуіне шын тілектестігін білдіретін өршіл лепті,
рухы биік, отты жыры болатын.
Алаш туы астында,
Біз – алаштың баласы.
Күніміз туып көгерді,
Сарыарқаның даласы,
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Достарыңызбен бөлісу: