Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет70/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Жайлауға кеше қонған Тасболат бай,
Дарыған қыдыр соған, дəулеті сай...
Тасболат жұрттан асқан малды кісі
Сол үшін өз тобының алдыңғысы...
Он бес жыл болыс болған, Мекке барған,
Қазақша еш қызығы жоқ мұнан қалған...
Шалдары қошаметші айтушы еді,
– Апырмау, бар ма екен - деп, сізде арман?
“Армансыз” Тасболат өзін даланың жалғыз иесіндей сезінеді. 
Оның түсінігінше, дүниенің тұтқасы – байлық, одан өзге күш те, 
құдірет те жоқ. Ол байлығымен қоса замана ыңғайын білетін айла-
кер де қу. Өмір озады, алға жылжиды. ХІХ ғасырда дегені болған, 
Тасболат, ХХ ғасырда өзінің өмір көшінен қала бастағанын жақсы 
сезінеді. Заман сауаттыға, оқығанға ауыса бастағанын ұққан əккі 
Тасболат, билікті өз уысынан балалары жетілгенше шығармауды 
көздеп, жақын ағайын Байболды болыс қояды.
Тасболат қимаса да болыстықты,
Тіл білмесе қоймайтын закон шықты.
Не баласы, не өзі оқымаған,
Болғанмен қара күшке сондай мықты.
Ал, енді қыларыңды қыл заманға,
Бір білген ауысылмас мың наданға.
Байболды амалсыздан қоя салды,
Кететін болғаннан соң басқа адамға.
Бұл Тасболаттың əлі де өз ортасында күштілігін, беделін таны-
тады. Қоғамдық өмірдің шындығы да бұдан алшақ емес. Тасболат 
сияқтылар ел басқарудан қол үзгенімен, байлық та, сырттай билік те 
əлі солардың қолында болатын.


213 
Тасболаттың Байболды болыс сайлауы – амалы жоқтық ғана 
емес, айлалы əдіскерлік. Өз тұқымы ер жетіп, оң-солын таныған 
соң, билікті өз қолына алмай тынбақ емес. Ол – алыстан ойлайтын, 
шешімді жан. Сұлтанмахмұт романда надан, топас, сасық байдың 
емес, дала көкжалының бейнесін сомдаған. Тасболат – замана 
ыңғайына қарай мың құбыла алатын, өмір сүрудің қағидаларын 
жете меңгерген сұңғыла.
Кешегі: “Бай кісі бала оқытып підие ала ма?” – дейтін Тасбо-
лат енді уақытқа үндесу, заманға ілесу үшін кенжесі, сүйіктісі 
Əжібайды орысша оқуға береді. Оның тілегі де, тірегі де осы 
Əжібай. Атадан мұра-билікті қолға алу тек Əжібай арқылы жүзеге 
аспақ. Оқудан Əжібайды Тасболат тез қайтарып алады. Біріншіден, 
Тасболат түсінігінде адам болуға, əсіресе болыс болып, ел биле-
уге екі жылдық орыс оқуы жетеді. Екіншіден, “алатұғын жесірі 
бар, қазақтың жесір деген кесірі бар”. Ағасы, Жақанның орнын 
басып, əмеңгерлік міндетті адал орындау керек. Өйткені, жесірдің 
“елден кетпегі” – Тасболаттың өлгенде сүйегімен бірге кетерлік 
таңба. Сондықтан ол үшін Əжібайдың оқуынан, ата салттың берік 
сақталуы мың есе артық. Тасболат – ақын бейнелеуінде ескі өмірдің 
белгісі, ата дəстүрдің берік күзетшісі.
Тарих сахнасына шығар келесі буын өкілі – əрине, Əжібай. Автор 
шығарманың басты тұлғасын сомдауға көп күш салған. Əжібайды 
көркем əдебиетке тəн көркемдік шындыққа сай шыншыл бейне 
етіп шығарып, оның қоғамдық ортамен қатынасын көрсету арқылы 
өзіндік өсу, жетілу, өмір тану болмысын бағдарлаған. Автор бұл 
кейіпкеріне үнемі іш тартып отырады. Шындығында Əжібай – ада-
ми туысында ешкімнен кем емес, азамат болып қалыптасуына көп 
жұрттан артық мүмкіндігі бар жан. “Əлпеті алмас қылыш жайнап 
тұрған”, “Жасынан зейіні алғыр, тілге шешен, қазақша қара сөзге 
ағып тұрған” жас болып көрінеді ол автордың алғашқы кезеңдегі 
суреттеуінде. Ақын осы кейіпкерінің құлау, құлдырау сипатын алған 
тəрбиеден, қоршаған ортадан деп біледі. 
Сол азған ортаны, тозған тəрбиені, қоғамдық өмірді ақындық 
көзқарас арқылы аяусыз сынайды. “Жан-жағы тəрбиесіз надан 
болып, солардың жұға-жұға кебін киді”, “Осындай əттең дүние 
зеректігін, оқытпай қараңғыға байлап қойды” деп, жасында 
көкірегінде сəулесі бар азаматты ортаның қалай орға жыққанын 
шыншылдықпен ашады. О баста бойында жалыны, басында ақылы 
бар жасты əкесі ұсынған өмір жолының соқпағы өзге сүрлеуге са-


214
лып жібереді. Күнделікті күйкі тірліктің əлегі, болыстыққа таласу, 
көп əйелдің дау-дамайы ақын суреттеуіндегі Əжібайды өмір ырқына 
бағынған бойкүйез жанға айналдырады.
Өзін орға жыққан ескілікпен күресті ол қаладағы ерсі 
қылықтарды бойға жұқтыруда деп біліп, арзан жолға түседі. Бұл сол 
тұстағы бүкіл Əжібай атаулыға тəн өмір салты еді. Ендеше Əжібай 
арқылы Сұлтанмахмұт замана өзгерісінде өз орнын таппаған қазақ 
жастарының типтік бейнесін жасаған, жəне ол өмір шындығынан 
туып, көркемдік шындыққа айналған. 
Бөріден бөлтірік болып туған Əжібай өз табиғатына тарт-
пай тұра алмайды. Бұдан ары ол азғындық бағытқа бет бұрады. 
Ол өз іс-əрекеттеріне жолашар мықты құрал атадан келе жатқан 
билікті қалайда ұстап қалу мақсатында зұлымдық амал-айланың 
қайсысынан да тартынбайды. Тіпті баласы Күлтайды да осы жолға 
құрбан шалады. 
Романдағы ұнамды кейіпкер – Байбол. Оқыған көзі ашық, көңілі 
ояу кейіпкерін автор жаңа заманның жаңа адамы ретінде суреттейді. 
Əжібайға қарағанда ол – оқығанын көңілге тоқыған, уақыт сырын 
ұққан, өмірге бейім ел басшысы. Байбол – ақынның ағартушылық 
идеялары мен оқығандарды ел ісіне араластыру мақсатынан туған 
образ.
Əулетті де, дəулетті отбасының келесі буыны – Қабыш. Əжібай 
өзін адам, азамат ретінде сезініп, қалай болғанда да əрекет жасап, ар-
палысса, Қабыш – ондай қасиеттен жұрдай адам, қоғамның азғыны. 
Ол – арақ, темекі, құмар ойынның құлы болып, өзін-өзі өмірден 
аластатқан жан. Сөйтіп, бір кезде өздерін даланың тұтқасы сезінген 
құдіретті Тасболат ұрпағының үшінші буыны замана ағысына ілесе 
алмай, жағаға шығып қалады. Оған жазықты кім?.. Жан дүниесін 
жайлаған надандық кесірінен өмір өзгерісін, уақыттың алмасу-
ын сезінбеу, жаңаның жақсылығын қабылдамау тəрізді кесірлі 
қасиеттер. Ақын түсінігіндегі басты жазықты осылар, яғни адамның 
сырты емес, ішкі жан дүниесінің өзгермеуі осындай құлдырауға 
алып келеді.
Қоғамдық өмірдің өзгеруін, дамуын белгілі бір адамдар мен 
қауымның түсінбеуін, олардың жаңа өмір тезіне шыдамай құлдырау 
жолын биік көркемдік шындықпен суреттеген ақынның, хас шебер 
екендігі айқын.
Романда жаңа өмірдің озық құбылыстарын жете болмаса да 
біршама түсініп, өркениетті өмірге қадам басуға ұмтылған бейне-


215 
лер аз да болса көрініс тапқан. Олар – Аппақай, Күлтай, Фельдшер, 
Əнуар. Бұлардың тағдыры əрқилы болғанымен, бəріне тəн ортақ 
белгі – қазақ қоғамына келе бастаған озық дəстүр, жаңа салтты жіті 
қабылдап, өмір көшіне ілесуге ұмтылуы. Ақын олардағы ертеңнің 
көшіне ілесер, болашаққа үйлесер қасиеттердің өміршеңдігіне 
сенеді.
Жалпы алғанда, бұл шығарма – Сұлтанмахмұттың ақын ретіндегі 
поэзияның күрделі жанрындағы мол мүмкіндігін танытқан аса 
көрнекті туындысы. 
Романнан төңкерістен бұрынғы қазақ қоғамының қайшылықты 
жағдайын, ондағы адамдардың өмір қатынастары мен тұрмыс-
тіршілігін танимыз. Шығармадағы кейіпкерлер ұтымды да наным-
ды бейнеленіп, туынды табиғатын ашуға еркін араласып, жазушы 
мақсатын айқындай алған.
Қорыта айтқанда, Сұлтанмахмұттың “Кім жазықты?” атты 
өлеңмен жазылған романы ұлтымыздың көркемдік танымының 
белгілі бір даму сатысын, өркендеу кезеңін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет