Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақ даласындағы тарихи жəне
қоғамдық-əлеуметтік жағдай сипаты.
2. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары алдында тұрған басты
мəселелер.
3. ХХ ғасыр басындағы басылымдар жəне олардың қазақ
руханиятындағы орны.
4. ХХ ғасыр басындағы «Алашшыл» идея орнығуының тарихи
негіздері.
5. ХХ ғасыр бас кезіндегі əдебиеттегі көрнекті тұлғалар мен
олардың басты шығармалары.
35
2-ТАРАУ
ХХ ҒАСЫР БАС КЕЗІНДЕГІ ƏДЕБИ- КӨРКЕМДІК
ІЗДЕНІСТЕР
2.1 Əдеби ағым-бағыттар
Əдебиеттегі ағым-бағыттың айырмашылығын анықтау белгі-
лі бір кезең əдебиетінің мəнін ашуда аса маңызды. Көркем
шығармаларда қолданылатын шығармашылық əдіс-тəсілдермен
тығыз байланысып жатқан осы бір мəселеге қатысты ХХ ғасыр
басындағы қазақ əдебиетінде қандай ағымдар мен бағыттар
болғанына, оны сол тұстағы жəне кейінгі əдеби ой-пікір қалай
танып білгеніне назар аудармасқа болмайды. Себебі ол белгілі
дəуірдегі ақын-жазушылардың ізденістерін, көркемдік биіктерге
жетуге деген ұмтылысын айқындайтын нақты құбылыс болып та-
былады.
Əдебиет энциклопедиясының сөздігінде бұл екі ұғымға мынадай
анықтама беріледі: “Направление и течение литературные понятия
обозначающие совокупность фундаментальных, духовно-содержа-
тельных и эстетических принципов, характерных для творчество
многих писателей, ряда группировок и школ, а также обусловлен-
ные этими важнейшими принципами совпадения и соответствия
программно-творческих установок, тематики, жанров и стиля”.
Академик З. Қабдолов “Сөз өнері” монографиясында əдеби
ағымды əдеби стильмен салыстырып, түсінік береді: “Байқап
қарасақ, стиль – бір жазушыға тəн творчестволық ерекшелік бол-
са, ағым – бірнеше жазушыға тəн творчестволық бірлік; стиль – əр
жазушының дара қасиеті болса, ағым – əр алуан жазушының ортақ
сипаты; стиль жалқыға тəн ұғым болса, ағым жалпыға тəн таным;
стиль əр жазушының əдеби беті болса, ағым əр жазушының əдеби
бағыты (астын сызған біз. – Ө. Ə.)”. Ғұлама ғалымның осы пікірінде
ғылыми тұжырымдалған шындық бар. Бізге де керегі осы ұғым “əр
жазушының əдеби бағыты”. “Ағым”, “Бағыт” əдебиет теориясы-
на қатысты еңбектерде түрліше құбылып, əрқилы ұғындырылып
келеді. Ағымды бірде əдеби əдіске апарып телісе, бірде бағыттың
бір бөлшегі іспетті қарастырады. Енді бірде екеуі – “бағыт” пен
“ағым” тектес ұғымдар ретінде танылады. Оның аражігін ажыра-
36
тып жату біздің мақсатымызға кірмейді. Сондықтан біз ХХ ғасыр
бас кезіндегі əдебиет өкілдерін идеялық ұстанымы, өмірдің өзекті
мəселесін көркемдік шындық арқылы көрсете білуі, қоғамдық-
əлеуметтік көзқарасы тұрғысынан үш бағытқа бөлдік. Осы “бағыт”
ұғымы олардың ерекшелігін дəл айқындайтын секілді. Себебі ХХ
ғасыр бас кезінде қазақ жазушыларында əдеби мектеп (литературная
школа) қалыптаса қойған жоқ. Ал əдеби топтардың (литературная
группа) болғаны анық. Олар көбіне идеялық көзқарас тұрғысынан
бірігіп, нақты бағыт ұстанды.
Əрине, біз бөлген бұл əдеби бағыттардың арасын кесіп-пішіп,
бөлшектеп тастауға əсте болмайды. Жалпы бір дəуірде өмір
сүріп, белгілі бір қоғамдық-əлеуметтік жағдайды басынан өткеріп
отырған ақын-жазушылар шығармашылығында ұқсастық басым
келеді. Бірақ сол қоғамды танып-білуде, оған өзгеріс əкелуге деген
ұмтылыстарында, осыларды арқау еткен шығармаларында көздеген
ой-идеясын жеткізудегі, тақырыпты ашудағы өзіндік бағыты айқын.
Белгілі бір бағыттың эстетикалық танымы ерекшеленіп-ақ тұрады.
Ал, ұқсастық көбіне көркемдік əдіске тəн болып келеді. Өйткені
“Көркемдік əдіс – белгілі бір дəуірде көптеген жазушылардың
шығармаларында қолданылатын өмір шындығын суреттеу
ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер” (З. Ахметов).
Əдебиет теориясының білгірі академик З. Ахметовтың пікіріне
сүйенсек, “бағыт”, ең алдымен тақырып таңдау, белгілі жанрлық
түрлерді қолдану, адам бейнесін суреттеуден айқын танылады.
Біздіңше бұл – бағыт табиғатын тануға берілген нақты баға.
Ендеше “жазушы əдеби бағытының” тікелей идеялық-көркемдік
жақындық пен бағдарламалық-эстетикалық бірліктен көрініс та-
батын əдеби əдістерден үлкен айырмашылығы бар екендігі айқын.
Жалпы европалық үлгіден алынған “əдеби бағыт” терминінің өзгеде
халықтардың өскелең əдебиетінде жалғасын тауып жатуы, өзіндік
ерекшеліктерімен айшықтала түсуі, оған ұлттық болмыс тұрғысынан
қарауды қажет етеді. Көп жағдайда “əдеби бағыттардың” ұлттық-
тарихи ерекшеліктерінің басымдылығы соншалық, оны жоғарыда
аталғандай жалпы европалық үлгідегі өлшемге сиғыза қою мүмкін
емес. Мұның себебі “Əдеби энциклопедиялық сөздікте” былай
түсіндіріледі: “…национально-историческое своеобразие направле-
ния в отдельных странах порой столь значительно, что относение
их к единому типу оказывается проблематичным, а типологическая
общность национальных разновидностей классицизма, сентимента-
37
лизма, романтизма и т.д. – весьма относительный и условный. Это
характерное в особенности для стран, которые со значительным за-
позданием стали на обшеевропейский путь или же восприняли ев-
ропейскую культуру извне. Их отличает особый “неклассический”
“ускоренный” тип литературного развития с характерным для него
“сжатием”, стяжанием основных ступеней и стадий и, с другой сто-
роны, распространением одной стадии на несколько: преобладание
гибридных, смешанных форм”. Осы түсініктің жазба əдебиеті кенже
дамыған қазақ халқына да қатысы бар. Көркем шығармалардың ХХ
ғасырдың басында көптеп басылуы, Қазан, Ташкент, Уфа, Петер-
бург қалаларында əдеби мұра үлгілерінің жариялануы жəне қазақ
тілінде саяси-əдеби газет, журналдардың шыға бастауы, мерзімді
баспасөздің өркендеуі қазақ əдебиетінің өркен жаюына, сондай-ақ
түрлі əдеби топтардың пайда болуына сол арқылы əртүрлі əдеби
бағыттардың қалыптасуы мен айқындалуына алып келді. Ағым мен
бағыттың ара қатынасы, олардың ерекшелігі мен бірлігі туралы
түсініктің сан түрлі екендігіне мына пікір де дəлел. “Литературное
направление возникает тогда, когда группа писаталей той или иной
страны и эпохы обьединяется на основе какой-то определенной
программы и создает свои произведения, ориентируясь на ее поло-
жения. Это способствует большей творческой организованности и
законченности их произведения”! – деп, əдебиет теоретигі Г. Н. По-
спелов “əдеби бағыттың” пайда болу жолын өзінше түсіндіреді.
Қазақстан Ресейге қосылу нəтижесінде екі мəдениеттің алыс-
берісінен қазақ даласының рухани өмірінде Шоқан Уəлиханов,
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев сынды ағартушылар дүниеге
келді. Қазақ қоғамының дамуы үдерісі талап етіп отырған ең негізгі,
көкейтесті мəселелерді қазақ ағартушылары дəл түсініп, бүкіл күш
жігерін өркениеттілік дамуға жұмсады.
ХХ ғасыр қазақ даласына да жаңа дəуірдің жаршысы болып келді.
Абай дəстүрін дамытып, жалғастырған ізбасар ақындар Шəкəрім,
Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжандар тарих сахнасына
шықты. Осы кездегі Ресейдегі саяси-əлеуметтік өзгерістердің қазақ
жеріне жаңғырып жетуі қоғамдық-əлеуметтік ойдың өрісін кеңейтті.
Жоғарыдағы ақын-жазушылар бастаған қазақ қаламгерлері ұлттық
сана-сезімді оятар бағыт-бағдар іздеді. Оны əрқайсысы өзінше тап-
ты, өз пікірлестерін бір бағытқа түзеді.
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының тарихында ұлы өзгерістер
мен үлкен асулар кезеңі, яғни, айбынды да айлалы саяси күрес,
38
ащы ыза мен кекке толы көтерілістер дəуірі болды. Дəл осы тұста
қазақ арасында оқу-ағарту жұмыстары өркен жайып, қазақ зиялы-
лары алдыңғы қатарға шыға бастады. Қазақ тілінде кітап бастыру,
газет-журнал шығару жолға қойылды. Халықтың сана-сезімі оянып,
руханияттың басты қайнар көзіне айналды.
Қазақ жазба əдебиетінің өткен ғасыр басындағы əдеби ағым-
бағыттары турасындағы көзқарастарды қарастырғанда, бүгінгімен
салыстырғанда олардың айтылған мерзімдеріне көңіл бөлу аса қажет.
Өзімізге белгілі, “кемелденген социализм” дəуірінде жазылған
əдеби зерттеулерде ғасыр басындағы шындықтар бұрмаланып келді.
Біз осы уақытқа дейін пайдаланып келген əдеби зерттеулер-
де ХХ ғасыр басындағы қазақ ақын-жазушыларын идеялық əдеби
ағым-бағыттарына қарай мынадай топтарға бөлді: 1) ағартушы
ақын-жазушылар, 2) ағартушы демократ ақын-жазушылар, 3)
буржуазияшыл-ұлтшыл ақын-жазушылар.
Тарихымыздың, оның ішіндегі əдебиетіміздің ақтаңдақ беттері
аршылғалы ХХ ғасыр басындағы əдеби ағым-бағыттар айқындалып,
сол ағым-бағыттардың көшбасшысы болған ақын-жазушыларды
шығармашылықтары кең түрде зерттеліне бастады.
Абай негізін қалаған жазба əдебиеттің ең бір шырқау биікке
көтерілген тұсы – ХХ ғасырдың бас кезі. Бұл тұста қазақ əдебиетіне
бірі кеш, бірі ерте қос арнадан нəр алған, батыс пен шығысты тел
емген, Абай туын биікке көтерген Шəкəрім, Мəшһүр-Жүсіп, Ах-
мет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды əдебиет алыптары
келді. Бірінің қанатын кеңге жайып, алыс-жақынды биіктен шала
бастаған, екіншілерінің əдебиет биігіне енді қанат қаға бастаған
тұсы – осы. Оларды біріктіретін де, ерекшелендіретін де бір ғана
ұлы күш – ұлтын ояту атты ұлы арман. Осы асқаралы мақсатқа жету
жолындағы сан тарау соқпақты əрқайсысы өз ой-өрісі межесінен
таңдады, таңдағанын нақты сара жол деп таныды.
Осынау сара жолды таңдауда сан қилы кереғар пікірлер туын-
дап, арыстарымызды сан қиырға салған адасулар да болды. Ендеше
бұл кезеңнің əдебиеті – қоғамдық ой-санадан туындаған қарама-
қайшылықты көзқарастар жемісі.
ХХ ғасыр бас кезіндегі əдебиеттің үш бағыты бар екендігі та-
лайдан айтылып келе жатқан жайт. Атауын мың құбылтып, айдар
тағудан жаңылмағанымызбен, əйтеуір сол үшеудің төңірегінен табы-
лып жатамыз. Үш бағыттың алғашқысын “діни-ағартушы ағым” деп
атаған еңбек те жарық көрді (У.Қалижанұлы “Қазақ əдебиетіндегі
39
діни-ағартушылық ағым”). Мұны ағым емес, бағыт деп танитыны-
мызды, оған не себеп екенін біз жоғарыда айттық. Діни-ағартушы
бағытқа арналған тарауда арнайы тағы тоқталамыз. Ал ағартушы-
демократтық бағытты бұрыннан солай атап келеміз, түпкілікті
дəлелденген нəрсе. Үшінші бағыт туралы əрқилы көзқарастар бар.
Біз бұл бағытты ұлт-азатшыл бағыт деп атағанды жөн деп таптық.
Жалпы ХХ ғасыр бас кезіндегі əдебиетке тəн басты ерекшелік
– ұлт қамы қай бағыт ақын-жазушысының шығармашылығы бол-
масын ортақ тақырып ретінде көрініс табуы. Олар өз ұлтының өзге
өркениетті елдердің қатарынан көрінуін аңсап, ел тілегінен шығып,
əдебиеттің ұлттық рухын шырқау биікке көтерді. Қазақ халқының
алдында тұрған асқарлы мақсаттарды əрқайсысы шама-шарқында,
ой-өрісінің жеткен қырынан тани отырып, негізгі мəселе ретінде қоя
білді.
Осы ірі тұлғалардың шығармашылығы арқылы жазба əде-
биетіміз өркендеп, сан-салалы тақырыптарды қамтып тарамдала
түсті. Қалыптасқан əлеуметтік-қоғамдық жағдайлар жазба əдебиетті
бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріп, оның ой-сана оянуының
басты құралына айналуына ықпал етті. Ол жағдайлар – атап айтсақ,
біріншіден, оқу-ағарту жұмысының бұрынғы кезеңдерге қарағанда
біршама жақсы дамуы. Əдебиет үшін ең керегі оқырман қауым
болса, ХХ ғасыр басында мектептер көптеп ашылып, əдебиет
сүйер қауым көбейді. Екіншіден, ХХ ғасыр басында əдебиеттің
құлашын кеңге жайып, өркендеуіне қазақ баспасөзінің дамуының
ең басты қозғаушы күш болғанын атап өтуіміз керек. “Айқап”,
“Қазақ”, “Қазақстан”, “Ешім даласы” сияқты баспасөз беттерінде
əдебиетіміздің ірілі-ұсақты өкілдері өз шығармаларын жариялап
отырды. Бұл басылымдар өз кезегінде жаңа шығармаларға сын
айтып, бағыт-бағдар берді. Əдебиетіміздің өркен жайып, жандана
түсуіне, қоғамдық ой-пікірді өрістетудің маңызды құралына айна-
луына осындай объективті себептер əсер етті.
Ұлт зиялыларының отаршылдыққа қарсы күресте елдің басын
біріктіріп, саяси-күреске ояту іс-əрекетіндегі көздеген мақсаттары
əдебиетте айқын көрініс тауып отырды. Жалпы ХХ ғасыр
басындағы əдебиетке тəн тағы бір ерекшелік – əлеуметтік-саяси
мəселелерді көп көтергендігі. Отаршылдық талқысы езіп-жаншып,
жері талан-таражға түскен, халқының тоз-тозы шыққан, бірліктен
кетіп, берекесінен айрылған елінің қара түнектегі жағдайы қай
бағыт ақын-жазушыларының шығармашылығында болмасын ортақ
40
тақырып ретінде көрініс тапты. Мəселен діни-ағартушы Мəшһүр-
Жүсіп Көпеев:
Достарыңызбен бөлісу: |