Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Əдеби шығармашылыққа арқау болған



Pdf көрінісі
бет9/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

2.2 Əдеби шығармашылыққа арқау болған 
басты тақырыптар 
ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ əдебиетінде исламшылдық идеясын 
көтерген діни тақырып үлкен орын алды. Оның басты себебі – ХХ 
ғасырдағы Ресейдің отарлау саясаты крестьяндарды қазақ жеріне 
молынан қоныстандыру, сол арқылы билеп-төстеудің қуатын артты-
ру, рухани тонау, шоқындыру шараларын жандандыра жүргізумен 
сабақтастырыла іске асырылды. 
Міне, осындай белгілі бағыттағы іс-əрекеттер күшейе түскенде, 
Россиядағы өзге мұсылман жұртындағыдай қазақ даласында да 
“мұсылмандық қозғалысы” өріс алды. Бұл, əсіресе, діни-ағартушы 
бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығына ерекше əсер етті. 
Олардың осы тұстағы өлеңдерінде ой еркіндігі өзгеше тыныс 


43 
ашқандай. Замана туралы толғаныстар діни ағымдағы өзекті оймен 
өріліп отырады. Нұржан Наушабаев өлеңдеріндегі:
Көгертпес жауғанменен тасқа жаңбыр,
Алланың бергеніне еткін шүкір.
Қалыптан асып, қылма күпірлікті,
Жігіттің һауасына болып мағрұр.
Немесе:
Нұр хикмат көңілде болса кəміл,
Кешсеңде қауіп болмас дариясын Ніл.
Бей-мағына сөз сөйлеп аһ ұрғанмен,
Жан-тəнде, тəн саламат, ынсапқа кір, –
деген ұғымды ойлар рухани тазаруға, адамдық асыл қасиеттермен 
табысуға үндеумен ғана шектелмей, ақынның өзіндік көзқарасын да 
танытады. 
Діни-ағартушылардың адамдық жақсы қасиеттерді қалып тас-
тыруды тікелей дінмен байланыстыру өзге бағыттардан көзқарас 
алшақтығының нақты белгісі. Сондықтан да:
Оқып қал, əй балалар, жас шағыңда,
Оқуға уақыт, кеңдік бар шағында.
Ендігі заманаға оқу керек,
Оқусыз өнер тапқан адам бар ма?
Пайғамбар хақ, алланы бір біліңіз,
Орысша, мұсылманша тіл біліңіз.
Қазіргі күйімізге қарағанда,
Қазақты еш жарықсыз түн біліңіз, –
деп, Мұхамедсəлім Кəшімов жастарды оқу-білімге шақыра отырып, 
жақсы мен жаманның, білімді мен білімсіздің парқын айырып, ізгі 
қасиеттерді тікелей діни ұғым-таныммен байланыстыра жырлауға 
ден қояды.
“Халықты ояту” идеясын діни бағыттағы ақын-жазушылар 
адамгершілікпен, имандылықпен, діни іліммен астастыра отырып, 
Абай салған сыншыл реализм жолына түсіп, ХХ ғасыр бас кезіндегі 
əдебиетте өзіндік деңгейде із қалдырды. Олар тек діни уағыз аясын-


44
да қалып қоймай, қоғамдық өмірдегі, тұрмыс-тіршіліктегі келеңсіз 
жайларды сынай да білді. Діни имандылық, ізгілік идеялары 
тұрғысынан өз тұсындағы əлеуметтік теңсіздік көріністерін шама-
шарқынша көрсетіп отырды. 
Қазақ халқын, əсіресе жастарды оқу-білімге, өнер-ғылымға 
шақыру ХХ ғасырдың басындағы барлық бағытқа тəн десек те, бұл 
саладағы ағартушы-демократтардың еңбегін ерекше айтуымыз ке-
рек. Қараңғы қазақ көгінде “күн” болуды армандаған Сұлтанмахмұт:
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,
Оқыса, басқа елдердей қатарға енбек.
Білімге ел боп аңсап құмарланса,
Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп, –
деп, өзінің өршіл үнімен оқу-ағартуды жырына арқау етсе, С. Көбеев 
орыс ақындарының өз ойымен орайлас, үндес шығармаларын бы-
лайша аударады:
Балалар жиналыңыз мектепке ерте,
Мəз болмай деген сөзге мырза, ерке.
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты,
Зат емес надан кісі алар текке.
Қазақ жастарының ел арасындағы арзымас іспен күні өтіп, “екі 
ауылдың арасында тентіреп жүргені” жандарына қатты батқан 
ақын-жазушылар ағартушылық ұранды барынша көтерді.
Ағартушы-демократтар ұлтының орыс отаршылдарының езгісінде 
тапталып жатуының себебін, ең алдымен, білім-ғылым жоқтығынан 
деп білді. Сондықтан Абай өсиет еткен “Мақсатым тіл ұстартып, өнер 
шашпақты” берік ұстанды. Ал, өнер-білімге, оқуға үндеу ХХ ғасыр 
басындағы əдебиеттегі өрлеу мен ізденістің нəтижесінде дүниеге 
келіп, бар жанрға басты тақырып ретінде желі болып тартылды. 
Мəселен сол тұста кең етек жая бастаған проза жанрындағы “Жас 
ғұмырым яки жастық ғафлаты” (1907), “Садық əпенді” (1911), “Оқуға 
махаббат” (1914) т.б. ұсақ əңгімелерден “Қыз көрелік” (1912) тəрізді 
ұзақ əңгімелерге дейін осы надандық кесір-кесепатын ашып, оқу мен 
ғылымға үндеді. Кейде негізгі тақырып басқа болса да, білімді мен 
білімсізді салыстыра көрсету дəстүрі басым болды. Қазақтың алғашқы 
драмалық шығармаларының бірі “Надандық құрбанының” негізгі 


45 
тақырыбы əйел теңсіздігі болса да, көбіне надандықты, білімсіздікті 
көрсету, оған сауаттылықты қарсы қою идеясы өзек етілген.
ХХ ғасырдың басында əйел теңдігі мəселесі қазақ қоғамындағы 
əлеуметтік теңсіздіктің нақты көрінісі ретінде көзге айқын ша-
лынады. Оны шешу бір қадам болса да алға басқандық болып та-
былар еді. Сондықтан да ағартушы-демократтар бұл мəселені өз 
шығармашылықтарының алтын арқауы етті.
Қазақ қызының қайғылы халі, аянышты жағдайы қазақ ақын-
жазушыларының қаламынан шыққан барлық туындыларына өзекті 
мəселе, негізгі желі болып тартылды десек, қателеспейміз.
ХІХ ғасырда дана Абайдың жас сұлуы “Етімді шал сипаған 
құрт жесін деп”, жартастан терең суға құлап мерт болса, Шəкəрім, 
Сұлтанмахмұт кейіпкерлері де əйел теңсіздігін тудырып отырған 
ескілікті салт-сананың тегеурініне шыдай алмай, кейде қарсыласып, 
кейде бұйығы күйде өмірден өтеді.
Айыпсыз ата-ананың сіз баласы,
Түбінде тамам жұрттың сіз анасы.
Үзді ғой кəрі шандыр тілегіңді,
Басқаның хан болғанда қыз баласы.
Қазады бес жасыңнан атаң орды,
Қарайды малы көпке оңды-солды.
Таз болсын, тазша болсын кеттің жылап,
Жігерсіз мұнша неден болдың сорлы, –
деп, Сұлтанмахмұт тұрпайы салттың қасіретіне душар болған 
қазақ қызының жігерсіздігіне қынжылады. Өлең астарында 
қазақ қызының жігерсіздігін жек көруден гөрі аяушылық басым. 
Əділетсіздікке жаны қас ақын қазақ қыздарын өз бақыты мен 
еркіндігі үшін күресуге шақырады. Мұратқа тек күрес арқылы же-
туге болатындығына сендіруге тырысады.
Миллеттің түзелуі сіздерменен,
Бұзып шық, солмай жылап, қалың торды.
Ыңғайымен ұялғансып кете барсаң,
Өзіңе өз обалың сонда болды.
Сұлтанмахмұт алға тартқан ой арнасы ағартушы-демократ 
ақын-жазушылардың бəріне тəн десек, артық айтқандық емес. 


46
Бұл көзқарас тіптен сол кездегі барлық ақын-жазушыларға ортақ. 
Ағартушы-демократтар да, ұлт-азатшылдар да, діни-ағартушы 
бағыттағылар да ұлтымыздың ертеңі анаға байланысты екенін 
терең ұғынып, қыздарды шалға сату ұрпақ өркениетіне кесір екенін 
көрсетуге əрқайсы шама-шарқынша, өз ұғым-таным биігінен келді. 
Тəрбиелі, оқыған анадан өнегелі ұрпақтың өнетінін, надан, сауатсыз 
анадан тəрбиесіз ұрпақ туатынын санаткерлеріміз ұдайы тілге тиек 
етіп отырды.
Сонымен ХХ ғасырдың басында əйел теңдігі кезек күттірмей, 
тез шешуді қажет ететін басты мəселеге айналды. Бұл сияқты үлкен 
тақырыпты дəуір тілегіне лайық суреттеу жолында шағын өлең фор-
масы тарлық жасай бастады. Өмірдің, əдебиеттің алдында тұрған 
түбегейлі проблемаларды замана талабына сай бейнелеу үшін кесек 
те күрделі шығармалар жасау қажеттілігі туды. Міне осы қажеттілік 
Мұхаметжанның “Гүлкашимасын”, Міржақыптың “Бақытсыз Жама-
лын”, Шəкəрімнің “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамырын” туғызды.
Сонымен, ХІХ ғасырда Абай қазақ қыздарының аяулы бейнесін 
өзінің лирикалық шығармаларында жасаса, ХХ ғасырдың бас 
кезінде қазақ қызы көркем шығарманың белсенді кейіпкері ретінде 
көрініп, заман сырын танытуда, жұртшылықты əділеттілікке, 
адамгершілікке шақыруда үлкен қызмет атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет