41
адамгершілік тəрбиесінің негізі діни-рухани бостандыққа насихат-
тауда деп ұқты. Сондықтан да Сұлтанмахмұт:
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірермін, –
деп, өз поэзиясының, өмірінің
мақсаты ағартушылық екенін,
қараңғылықпен айқас екенін асқақ романтикалық үнмен жеткізді.
Мен жазған кеңес,
Мақтаныш емес,
Ат шығармақ ақындық.
Ер батқанда жорғалық,
Молда жақта молдалық, –
деп, Ахаң өзін ақын еткен басты себеп ақындықты елінің азаттығы
жолындағы саналы күресте басты қаруы ретінде жұмсауға бекінген
ниеттен екендігін нақты да айқын білдіреді. Халқының бостандығы
үшін өзінің бүкіл ғұмырын арнаған ақын қашан да азаматтық
міндетті жоғары қояды. Азатшыл ақындар өлеңдеріндегі:
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты,
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты, –
деген азатшыл, тəуелсіздікшіл сарындар олардың бүкіл
шығар-
машылығына негізгі желі болып тартылды. Бұл бағыттағылар өздері
жазған өлең, поэма, роман, повестерінде осы азатшыл идеяны алға
ұстады.
Діни бағыттағы ақын-жазушылар да орыстың езгісінде езіліп, діні
мен имандылығынан айрылып, “ұйқышыл” халде күн кешкен қазақты
оятуға үн қосты. Бұлар негізгі идея ретінде діни ағартуды ұсынды.
Қазақ өміріндегі кесір-кесапатты дінге көзқарас салқындығынан,
дінді уағыздаушы шала молдалардың надандығынан деп білді. Бүкіл
42
Россия мұсылмандарының бірлігінен ғана қазақ ұлтына жарық күн
туады деп сенді. Мəселен, Мəшһүр-Жүсіп:
Тауып ал, тұман түспей тұстасыңды,
Жолдас бол, сынап ал қостасыңды.
Баласы дін-мұсылман ұрандасып,
Қосыл кісі санына қос басыңды.
Немесе:
Болып тұр мұсылманға Қазан басшы,
Сен де соған жейтұғын асыңды асшы,
Дін исламның бір болып ынтымағы,
Патшаның қол астында бір жарасшы, –
деп, Ресейдің басқа мұсылман халқымен бірігіп, дін үшін, жер үшін
күреске шығуға, ынтымақшы болуға үндеді.
Дінімізді кемітіп қорламасын,
Көзімізді бақырайтып ұрламасын.
Баламызды билетсін өзімізге,
Оқытсын деп орысша зорламасын, –
деген батыл талаптар да қоя білді.
Достарыңызбен бөлісу: