Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет84/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Дело!
Впередь чужей беде не смейся, Голубок.
Ахмет осы мысалдың сюжеттік желісін алғанменен, оны өте тар-
тымды жəне толыққанды етіп шығарған. Мұнда да жас көгершін 
Шымшықты оңдырмай сөгеді. Көгершіннің сөз жүйесінің лепірме 
жастық, асық айтып, артық кетер, кеуде соққан мақтаншақтық
асқақтық лебі сезіледі. Абайсызда торға түскен шымшыққа ол нен-
дей теңеу таппайды десеңізші! “Не қара басты”, “Соқыр ма едің”, 
“Есалаң, ақылың жоқ күшік”, “Бостығыңа сен жаманның”. Міне, 
Шымшықты осынша қорлап, ұзақ сөйлеген көгершіннің қыл тұзаққа 
түсуі өте тез. Ақын мақтаншақты əбден лепіртіп алып, тұзаққа 
түсуін қысқа қайырады:


255 
Пысықсып Көгершінім отырғанда,
Қалыпты өзі түсіп қыл тұзаққа.
Əбден сөгіп, сонша бөскен көгершіннің қыл тұзаққа тез түсуі, 
еріксіз езу тарттырады, айтары – “күлме досқа, келер басқа”, берер 
ғибаты – өзіңді өзгеден артық көрме.
Əке мен баланың диалогы арқылы берілген “Егіннің бастары” 
мысалында баласы:
Бұл бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шікірейіп өзге көпке.
Өзіне өзгелерді төңгермейтін,
Соншама бұл бидайдың дəні көп пе? –
деп сұрайды. Əкесі:
Елде көп бұл бидайдай адам, – дейді,
Такаппар, оны халық, – жаман, – дейді,
Қалпы емес данышпанның такаппарлық,
Тұтынба бұл мінезді, балам, – дейді.
Бұл мысалда ой ерекше тəсілмен əдемі берілген. Бұл – əрі сұраққа 
жауап, əрі шығар қорытынды. 
“Екі бөшкеде” ірі əлеуметтік зор шындық бар. Мұнда атқа қонып 
айқайлап, ұрандап жүрген ел ағаларының көпшілігі бос кеуде екенін, 
құрғақ ұраншылдық терең ақыл-ой, кемерлі білімсіз жарға соғарын 
меңзейді ақын. Көсемсініп күрпілдегенге назар аударып, үндемей іс 
бітіргенді “ілтипат етіп ешкім аңғармауы” аңқау елге арамза молдалықты 
танытып тұрған жоқ па?! Ахмет осы мысал арқылы халықтың өз 
даналығын өзіне қайыра береді. Сондықтан да сөз соңында:
Байқамас оны ешкім жақындаспай,
Істес боп, ой санасын, ақылдаспай,
Бөшкеде не зат барын білеміз бе,
Қақпағын я бір жерін тесіп ашпай, –
деп түйін түйеді. 
Ахмет Байтұрсыновтың Крыловтан аударған мысалдарының 
ішінде “Ала қойлар” мысалының көтерер жүгі ерекше. Ахаң бұл 
мысалында жадағай зорлық-зомбылықты ғана емес, отаршылдық 
саясаттың бет-пердесін сыпырып, зұлым сұмдығын ашқан. 


256
Крыловтың 1822 жылы жазған “Пестрые овцы” мысалы Петер-
бург университетінің маңдай алды профессорларының қуылуына 
байланысты туған. Ұлы мысалшының тірісінде цензура басуға 
рұқсат етпегені де белгілі. А. Байтұрсынов Крыловтағы берілген 
сюжетті еркін аударма тəсілімен аудара отырып, оған тыңнан жолдар 
қосып, өз мақсатына сай мағына береді. Крыловтың 38 жолдық мы-
салын 64 жолға жеткізіп аударған Ахаң сөз көбейту, жол көбейтуді 
мақсат еткендіктен емес, өзінің айтар ойын оқырманның тереңірек 
ұғынуына жол ашу үшін барған.
“Ала қойларда” Ахаң ақ патшаның құлқын құмар саясатын 
ашып, отар елдерді қандай айлалы тəсілмен қанап отырғандығын 
суреттейді. Онда Арыстан (орыстың ақ патшасы), Аю мен Түлкі 
(жақын кеңесшілері), Ала қойлар (бұратана халық) кейпінде 
суреттеледі. “Əділ” патша “Ала қойларды” көргенде көңілі 
бұзылып, көзі қарауытып кететінін айтып, олардан құтылудың жо-
лын “кеңесшілерімен” ақылдасады. Ол:
Жазықсыз қан төкті деп айтпастай ғып,
Əр түрлі бұған керек амал таппақ, –
деп аярланады. Сонда “күшке мықты, ойға олақ” Аю:
Бəрін де ала қойдың қырсаң, тақсыр,
Тұқымын не бар құртып, жоймайтұғын?! –
деп, жауыздық ойын қарадүрсін жеткізеді. Оның бұл тəсілін Арыстан 
құп ала қоймайды. “Ала қойларды” аяп отырған жоқ, əрине, өзінің 
зымиян саясатын ыңшыңсыз жүзеге асырып, “жаманатқа” қалмай, 
қамқоршы ретінде танылуды көздеп отыр. Сонда саясатқа шебер қу 
Түлкі сұмдық ақыл айтады. Ол қойларды шөбі шүйгін жайылымға 
жіберіп, қасқырға бақтыруды ұсынады. Зұлымдығы белгілі қойшы-
Қасқыр қойларды бағып жүріп, көздерін жойсын, жеп тауыссын. 
“Табылған ақылды” Арыстан тез қабыл алады. Қойларды Қасқыр 
бағып оңдырар ма?! Ақыры “Қасқыр баққан қойдан ала түгіл, ағы 
да аз қалады”. Бірақ қойлардың құрып бара жатқанын ешкім Ары-
станнан көрмейді.
Мысалдың түйінінде Ахаң өсиет айтып, пікір білдіріп жатпайды. 
Ақынның ойы, сюжеттің іштей ширығуы мен кейіпкерлердің мінез-
құлқынан, өзіне тəн іс-əрекетінен, диалогтарынан танылады.


257 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет