Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет91/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Байқасақ, жезде,
Бауыздар кезде,
Үн шығу бар емес пе?
Үндемей өлсек,
Сүйекпен көмсек,
Кейінгілер демес пе?!
Лақ құрлы бақырмай,
Өлген екен апырым-ай!
Ахмет Байтұрсынов – қазақ əдебиетінде азатшылдық дəстүрді 
бастаушылардың бірі еді. Қазақ əдебиеті тарихындағы ұлт-
азатшылдық кезең Ахметтен басталары анық. Ендеше, Сəкен 
Сейфуллиннің тарихи шындықты тап басып айтқан пікірі, яғни 
“қорлыққа шыдап, күйікке күйіп, ұйқы басқан қалың қазақтың 
ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жақтаған патша заманында 
жалғыз Ахмет еді” дегені көп нəрсені аңғартып, түнекте жанған 
шамшырақтай тарих тереңіне жетелейді.
Ақынның азаматтық поэзиясынан оның өмірлік өзгерістерге 
белсенді қатынасы көрініс беріп, қоғамдық қайраткерлігін айқындай 
түседі. Поэзияның саяси-əлеуметтік мəнін арттыра түсуге, жетілдіре 
түсуге тырысуы – содан. Əсіресе “Қа… қаласына”, “Жұртыма”, “Ақын 


275 
ініме”, “Жауап хаттан” тəрізді өлеңдері оның қоғамдық қайраткерлік 
бағдарламасын мейлінше аша түседі. Оларда жеке басқа қатысты 
күйініші-сүйініштен, қасірет-қайғыдан көрі халық қамын жеген 
азаматтық поэзиясының халықтық сипаты басым жатады.
Саяси күрес жолындағы бағыты саралана түскен тұста Ахаң 
“Анама хат” деген өлеңін шығарады. 1909 жылы жазылған “Ана-
ма хат” – ақынның жүрек түкпірін жарып шыққан, жан дүниесін 
терең ашатын сыршылдыққа толы, сезімге бай өлең. Ол ана алдын-
да өзінің жан сырын, ата ұлынан халық ұлына көтерілуді көздеген 
мақсатын жайып салады.
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам…
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам?!
Ақын ұстанған бағытынан айнымайтындығын, адамдық арды ат-
тап кете алмайтынын, мақсатқа жету жолында өмірдің күйкі тірлігі 
түкке тұрмайтынын өршіл леппен жеткізеді:
Тайпалған талай жорға, талай тұлпар,
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.
Солардан жаным-тəнім ардақты емес,
Орынсыз күйзелейін мен несіне?!
“Жауап хаттан” атты өлеңінде елдің бетке ұстар азаматтарын 
бірлікке шақырып, күреске үндеген Ахмет мұраты – бостандықты, 
азаттықты аңсаған əлемнің алдыңғы қатарлы прогресшіл үнімен 
ұштасып жатады. Мұнда Ахаң:
Мен бұқтым – жаттым,
Сен бұқтың – жаттың.
Кім істемек қызмет?!
Ауызбен айтып,
Істерге қайтып.
Жоламасақ не міндет? –
деп, халқының көкейкесті арманын жырлауда ештеңеден тайсал-
майтындығын, ақ жол нұсқаудан шаршамайтынын айтады.


276
Осы тұрғыдан алғанда, ақынның күрес жолын айқындауда “Н. Қ. 
ханымға” арнау өлеңі ерекше орын алады. Бұл – өмірлік мұраттарды 
образды бейнелеуімен, көркемділігімен ерекшеленетін, Ахаңның 
бостандық сүйгіш болмысын танытатын өзгеше өлең. Өлең қазақ 
əйелдерінен шыққан тұңғыш журналист, педагог-ғалым, əрі жазу-
шы, аудармашы Нəзипа Құлжановаға арналған. 
А. Байтұрсыновтың Нəзипаға өлең арнауы, оның кітабына 
алғысөз жазуы – жас талантты бағалап, үлкен үміт артқандығының 
белгісі. “Н.Қ. ханымға” өлеңі тек Нəзипаға емес, жалпы үміт күткен 
кейінгі жас толқынға, ойы өзектес ізбасарларына, халық үшін туған 
ұл-қыздарға арналған. Ақын:
Рахатсыз өтсе де өмір жасым,
Бұл жөнімнен құдайым айырмасын.
Ұзақ жолдан ниет қып бір шыққан соң,
Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым.
Су да болар, бұл жолда тау да болар,
Жаудың оғы – жайған тор, ау да болар,
Мынау пайда, мынасы зиян демек,
Ол ерліктің ісі емес, сауда болар?! –
деп, күрес жолынан таймайтындығын жастарға үлгі етеді. Тіпті 
“Мен өлсем де өлемін жөнімменен” деген қажырлы шешімін имен-
бей айтып:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет