Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет98/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Қасқыр қуып, үріккен қойдай ығулы.
Құбыжық бар десе қорыққан баладай,


292
Су жүрек боп сорлы қазақ бұғулы.
Жалыны ыстық жас ғұмырым шыдатпай,
Теріс істі пəк ұжданым ұнатпай.
Тоқтай алмай басым тасқа жеткенше,
Қарсы шауып қайырылған өткір болаттай…
Жаудың бетін қажып тұрмыз бұра алмай,
Бұрмақ түгіл шыдап қарсы тұра алмай.
Күннің көзін қара бұлыт жасытып,
Күлімсіреп нұрын шашып шыға алмай.
Міржақып – тек халық қамын ойлаған, жеке бас мүддесін елінің 
мүддесінен жоғары қойып көрмеген, халқының азаттығы жолындағы 
күреске басын байлаған ақын.
Аяусыз жаным, мен құрбан лағың,
Болса алуға, қаным себеп, мұрадың. 
Болайын сүйінші: жұлдызы жанып бақыттың,
Сені көркейді деп естісе құлағым, –
дейді ол “Арманым” атты өлеңінде.
Ақынның үшінші жинағы “Терме” 1915 жылы Орынборда жарық 
көреді. Екі кітапта ортақ тақырыптық байланыс болғандықтан, 
қатар ала отырып қарастыруды жөн көрдік. 
Бұл жинақтардан біз ақындық шеберлігі жетілген, өлең өнерін 
мейлінше меңгерген, ой айтудың астарлы сырын ұстанған ақынды 
танимыз. “Оян, қазақтағы” өршіл сарын сақталғанмен, ақынның 
нəзік жанын, сыршыл сезімін ашар лирикалық сипаттың бой 
көрсетуі көзге түседі. Кеше ғана “оян, халқым” деп, адуын-
ды келетін “ащы айқай” ақыны жүректі тербер жыр жазып, өз 
оқырманын лирикасының терең тұңғиығына жетелеп, көркемдік 
сырына қанықтыра түседі. Бұл жинақтардағы өлең өрнегінен тың 
теңеулерді, бейнелі образдарды, сыршыл суреткерлікті байқаймыз. 
Дегенмен, Міржақып өзі ұстанған бағытына өте берік, қатты сынды 
қаймықпай, батыл айту – оның поэзиясының алтын қазығы. 
Ақылын жанашырдың алмаушы едің,
Сөзіне сірə құлақ салмаушы едің.
Қымызға шекең қызып, етке тойсаң,
Пайдасыз құрғақ дауға талмаушы едің.


293 
Жаз жимай қыс азығын жатушы едің,
Арзанға қымбатыңды сатушы едің.
Ермекпен табар пайдаң болмаған соң,
Борышқа шаш-етектен батушы едің.
Осы сияқты жинақтағы қатқыл үнді, қатал сындар кейде сырлы 
да мұңлы, сезімге толы лирикалық өлеңдермен алмасып отырады.
“Азаматқа” біраз аударма өлеңдер енгізіп, Пушкин, Лермон-
товтардан өнеге алған ақын сол жылдары орыс классиктерінің 
шығармашылығына қатты көңіл аударып, поэзияның соны сипат-
ты үлгілерін қазақ жұртшылығына молырақ жеткізуді мақсат еткен 
секілді. Қазақ оқырманын орыс поэзиясының озық үлгілерімен та-
ныстыру, олардың ой-санасына жаңа тəсіл, соны үрдіспен əсер ету 
арқылы ақын өзінің шығармашылық мүмкіндігінің жаңа қырын 
да байқатты. Бұның бір белгісін ұлы Пушкиннен аударған “Гүл” 
өлеңінен байқауға болады.
Кітаптың арасында ұмыт қалған,
Иіссіз кепкен гүлді көзім шалған, –
деп басталатын аударма қазақ ұғымына дəлмедəл келіп, құйылып 
түскен. Пушкин “Гүлінің” мəні мен мағынасы, өлең формасы ай-
нытпай беріліп, айтар ой ажары айшықты өрілген.
Қайда өстің, қай уақытта, қайсы жазда?
Кескен кім, көгердің сен. Көп пе, аз ба?
Пушкиндегі сұрақтар дəл түпнұсқасындағыдай қуатпен келісім 
тауып, орайлас соғып жатса, ол ақын шеберлігін айқындары хақ.
Ақынның “Сұлу қызға” деген төл туындысы осындай аударма-
лардан үлгі алған өнегенің шарапаты екенін жоққа шығара алмай-
мыз. Əдемі төгіліп түскен сұлу лириканың куəсі болғандаймыз.
Сұлу қыз қалың елден сені таптым,
Көрдім де тамашаңа белден баттым.
Майысқан алтын айдар еркесі сен,
Оянған ұйқысынан табиғаттың.
Құмардан көргенменен шықпайды екен,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет