299
“Бақытсыз Жамал” – бүгінгі күнде қазақ əдебиетінде жетекші
жанрға айналған роман жанрына тұңғыш түрен салған шығарма.
А. Байтұрсынов 1914 жылы “Арысұлы” деген бүркеншік есіммен
жазған “Роман не нəрсе?” деген мақаласында Міржақыптың
“Бақытсыз Жамалы” туралы “Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің
арамызда қазақша бірінші роман жазып шығарған Міржақып Ду-
латов болды. Оның “Бақытсыз Жамал” деген романы 1910 жылы
басылып жарыққа шықты…” – десе, С. Сəдуақасов: “Меніңше,
Міржақыптың “Бақытсыз Жамалы” да ескермеген ескі мұраның
бірі. Бақытсыз Жамал – сүйгеніне тие алмаған қазақ қыздарының
бірі. Оны бақытсыз еткен – малына сенген таз Жұман…”, – деп,
романға замананың көкейкесті мəселесі арқау болып, өз кезеңіндегі
ірі шығарманың бірі болғандығын нақты айтады.
Ал, көрнекті сыншы Қошке Кемеңгеров романның жұртшылыққа
кең тарағандығын айта келіп: “Міржақыптың “Бақытсыз Жама-
лы”, “Бедная Лиза” сияқты болған”, – деген қорытынды жасайды.
Кезінде қазақ оқығандары мен қарапайым оқырмандарының жылы
қабылдауына ие болған туынды қазақ прозасының дамуындағы
үлкен белес болып табылады. 1914 жылдары бұл шығарманың жан-
рын роман деп айқындаған Ахаң, 1926 жылы шыққан “Əдебиет
танытқышта” басқаша пікір айтқан. “Ұлы əңгіме түрде қазақ тілінде
басылған шығарма əзірше жоқ. Міржақыптың “Бақытсыз Жамалы-
на” роман, ұлы əңгіме деп ат қойылса да, өресі мен өрісі шағын
болғандықтан, ол ұлы емес ұзақ əңгімеге (повесть. – Ө. Ə.) жақын”,
– деп баға берді. Дегенмен М. Дулатовтың бұл шығармасы өзінің
олқылығымен де, өзгелерден озық тұрған жетістігімен де қазақ
прозасындағы алғашқы роман ретінде бағаланары сөзсіз.
Романның өлеңмен жазылған сөз басында:
Достарыңызбен бөлісу: