287
Мың жеті жүз отыз бір санасында,
Біз кірдік Ресейдің панасына.
Өнерсіз бостығымыз көрінген соң,
Қызықпас кім қазақтың даласына.
Жылында мың сегіз жүз алпыс сегіз
Қазыналық деді жердің һəммесін де,
Тарылып жылдан-жылға жер-суымыз,
Мұжықтың кетті бəрі қаласына…
“Қазақ жерлері” өлеңінде осылайша жырлай келіп, ақын елдің
сөзін ұстап, билік
басында тұрған ақсақалдарға, ұлтының қамын
ойлаған зиялы азаматтарға, бұл жағдайды
көріп-біле тура қол
қусырып отыру жөн емес деп, дер кезінде қимылдамасақ, болашақ
алдында борыш өтелмей қаларын еске салады.
Қадірман халық билеген ақсақалдар,
Бұл іске фəһім назар саласың ба?
Темірді қызуында соқпай қалып,
Нəсіліңнің көз жасына қаласың ба?
Ақын ең алдымен бұратана болудың негізіне ой жібере оты-
рып, ел-жұртына оның кесір-кесапатын ұқтыруды мақсат тұтады.
Қарапайым халыққа ғана емес, ел ағаларына ой түрткі етеді. Ұрпақ
алдындағы борыш кімге болса да оңай тимесі белгілі. Ақын ой-
өрісі құлқынын ойлаудан аспағандарды қатты сынға алады. Бұндай
сəттердегі Міржақыптың отты сөздері мірдің оғындай тиеді.
Қызығып қызарғанға кеткендер көп,
Шен алып, дəрежеге жеткендей боп.
Ойлады өз пайдасын халықты сатып,
Қазақты еш керексіз еткендей боп.
Шен алып, шекпен кигеніне мəз болғандар туған халқын сатып,
көгеріп жатқаны ақын жанын қалай өртемесін.
Өз ішінен шыққан
озбырлар елін езген сыртқы жаудан бетер екені бесенеден белгілі.
Ақынның оларға қатты шүйлігуі де сондықтан.
Батыра айтып, көзге шұқу өз жұртын жек көруден туған сезім
емес, ел қамын жеген ақынның осал жерді айтып,
қатты сөзбен
288
жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа тез қадам бастыруды
ойлаған қам-қаракеті.
Бұл жолда Міржақыптың басты сүйенер тірегі – өзі тектес, сөзі
үндес зиялы қауым. Əлихандай, Ахметтей ағаларының “Ақ жолы-
на” сенім артып, үнемі оларды жоғары көтеріп отырады. Ақынның
оларға деген ыстық ілтипаты мен сенімі “Өнерін халық пайдасына
жұмсап жүрген оқығандарымызға” атты өлеңінен көрініс табады:
Достарыңызбен бөлісу: